Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен жалғаулар.
Сабақтың тақырыбы:
Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен
жалғаулар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып
бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
жұрнақ пен
жалғауларды түсіндіру, сауатты
жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: жұрнақ пен жалғауды
меңгеру, күз мезгіліндегі ауа райы туралы өз
пікірін
айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
4 - тапсырма
ІІІ.
Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
бүгін –
сегодня салқын - прохладный
кеше –
вчера қатты - сильный
ертең –
завтра нашар - плохой
1 –
тапсырма. Диалогты оқып,
өзара сөйлесіңдер.
- Қазір қай
жыл мезгілі?
- Қазір күз
мезгілі.
- Бүгін ауа
райы қандай?
- Бүгін ауа
райы салқын.
2 – тапсырма.
Мына сөздерден сөйлем
құрастырыңдар.
өте, салқын, кеше, болды.
Ережемен жұмыс
Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар
Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау
Сөздің
бөлшектенбейтін бөлігі негізгі
түбір деп аталады. Мысалы: көмек,
т.б.
Негізгі
түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады.
Мысалы: көмек +ші, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
3-тапсырма
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.