Көкөкністер мен жемістер. Түбір және қосымша.
Сабақтың тақырыбы:
Көкөкністер мен жемістер. Түбір және
қосымша.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып
бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
түбір мен қосымшаны түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге
үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: түбір мен қосымшаны
меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
«Күз мейрамдары» тақырыбында жазған
әңгімелерін тексеру. 5 – тапсырманы тексеру.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1 –
тапсырма. Суреттер бойынша
сөйлемдер құраңдар.
2 –
тапсырма. «Осенью» мәтінін оқып, қазақ
тіліне аударыңдар.
3 – тапсырма.
Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ
деңгей.
1. Модульдегі
жаңа сөздерді мәнерлеп оқыңдар.
2. Мына
сөздерден туынды түбір жасап,
мағынасын түсіндіріңдер: оқу, ас,
егіс
ІІ деңгей.
1. Жаңа
сөздерді жатқа жазыңдар.
2. Мына
сөздерден негізгі түбірді тауып,
мағынасын айтыңдар.
І
деңгей.
1. Күз
мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай? Салыстырыңдар.
Ережемен жұмыс
Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар
Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау
Сөздің
бөлшектенбейтін бөлігі негізгі
түбір деп аталады. Мысалы: көмек,
т.б.
Негізгі
түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады.
Мысалы: көмек +ші, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
4 – тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.