Күз. Сөз құрамы.
Сабақтың тақырыбы:
Күз. Сөз құрамы.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып
бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сөз
құрамын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын
арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, кесте
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сөз құрамын
меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Ережені жатқа
сұрау. «Күз» тақырыбында жазған әңгімелерін еске түсіру.
ІІІ. Жаңа
сабақ
1 –
тапсырма. Мәтінді оқып, қай жыл мезгіліндегі серуен екенін анықтаңдар.
2 – тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
3 – тапсырма.
Кесте бойынша сөйлем құраңдар.
Жыл мезгілі |
Айлар |
Күндер |
Түндер |
Ауа райы |
күз |
қыркүйек, қазан,қараша |
ұзарады |
қысқарады |
күн салқын, ауа дымқыл, аспан бұлтты, жаңбыр жиі жауады |
4 – тапсырма.
Мына сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды түбір сөздер жасап
жазыңдар.
Ережемен жұмыс
Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар
Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау
Сөздің
бөлшектенбейтін бөлігі негізгі
түбір деп аталады. Мысалы: көмек,
т.б.
Негізгі
түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады.
Мысалы: көмек +ші, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
«Күз мейрамдары»
тақырыбында әңгіме жазу. 5 –
тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.