Бұл қай кез ? Сөз құрамы.
Сабақтың тақырыбы:
Бұл қай кез ? Сөз құрамы.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып
бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сөз
құрамын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сөз құрамын
меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модульді
еске түсіріп, пысықтау.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Суреттерге
қарай отырып, қай жыл мезгілі
екенін анықтау.
Суреттер бойынша сөйлемдер
құрау.
2 – тапсырма. «Күз» тақырыбындағы топтастыру жасау.
Күз
3 – тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай екі бағанға бөліп жазу.
Негізгі
түбір Туынды түбір
Ережемен жұмыс
Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар
Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау
Сөздің
бөлшектенбейтін бөлігі негізгі
түбір деп аталады. Мысалы: көмек,
т.б.
Негізгі
түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады.
Мысалы: көмек +ші, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
Ережені
жаттау. «Күз» тақырыбында әңгіме
дайындау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.