Кіріспе. Менің отбасым. Үндестік заңы.
Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе. Менің отбасым. Үндестік
заңы.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
үндестік
заңын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек - сызба
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: үндестік заңын
меңгеру, отбасы жөнінде өз
пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модульді еске түсіру, пысықтау.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
Сызба бойынша сөз тіркестерін
құрастырыңдар.
Отбасы мүшелері
ата апа әже
әке шеше ана
ұл аға қыз апа әпке
Іні қарындас сіңлі
3 – тапсырма.
Суреттер бойынша әңгіме
құраңдар.
4 – тапсырма.
Сөйлемдерді дауыстап оқыңдар.
Сөздердегі үндестік заңын көрсетіңдер.
5 – тапсырма.
Сөз тіркестерін оқып, аударыңдар.
Ережемен жұмыс
Үндестік заңы бойынша:
1. Қазақ
тілінің сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әке
2. Сөздің
соңғы буыны жуан болса, оған жуан қосымша жалғанады. Мысалы: ата-лар
3. Сөздің соңғы
буыны жіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер
ІV.
Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
1-
тапсырма (Тірек-сызба бойынша диалог
құрау).
2 – тапсырма
(сурет бойынша әңгіме құрау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.