Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың тақырыбы:
Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: дауыссыз
дыбыстарды меңгеру, аялдама жөнінде өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
2-3 тапсырманы
тексеру.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, рөлге бөлініп әңгімелесіңдер.
Аялдамада
- Сәлеметсіз
бе, апай!
- Сәлеметсің
бе, балам!
- Апай,
вокзалға қандай автобуспен баруға болады?
- Вокзалға ...
автобустармен баруға болады.
- Балам, сенің
атың кім?
- Менің атым -
... .
2 – тапсырма.
Осы модульдегі жаңа сөздерді теріп
жазып, олармен сөз тіркестерін
құраңдар. Бір сөзге
фонетикалық талдау жасаңдар.
Ережемен жұмыс
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына
қарай үш түрге бөлінеді:
- Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11
- Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8
3. Үнді
дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у – 7
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырманы
орындау
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.