Таңғы, түскі, кешкі тамақ. Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың тақырыбы:
Таңғы, түскі, кешкі тамақ.
Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын
арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада
өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: дауыссыз
дыбыстарды меңгеру, таңғы, түскі,
кешкі тамақ жөнінде
өз пікірін
айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
«Денсаулықты
қалай күту керек?» тақырыбына әңгіме
жазу.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Үлгі бойынша ас мәзірін дайындау.
Ас мәзірі (меню)
1.
Таңғы
тамақ - ботқа, нан, сүт қосылған шай,
май.
2.
Түскі
тамақ - бесбармақ, палау, салат, компот
3.
Кешкі
тамақ – макарон, шай, май,
2 – тапсырма.
«Таңғы, түскі және кешкі тамақ» мәтінін оқып, мәтінге жоспар
құрыңдар,
мазмұндаңдар.
3 – тапсырма.
Берілген сөздерге фонетикалық талдау
жасаңдар.
Тамақ - та-мақ 1 буын – ашық буын, 2 буын – бітеу
буын.
Т – дауыссыз,
қатаң
А – дауысты,
жуан, ашық, езулік
М – дауыссыз,
үнд
А – дауысты,
жуан, ашы, езулік
Қ – дауыссыз,
қатаң. 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Ережемен жұмыс
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына
қарай үш түрге бөлінеді:
- Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11
- Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8 3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у
– 7
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
2-тапсырма (мәтінді мазмұндау) 3 – тапсырма (сөздерге фон. талдау
жасау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.