Әдепті балалар. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың тақырыбы:
Әдепті балалар. Жуан және жіңішке
дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
жуан және
жіңішке дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді
дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: жуан және жіңішке дыбыстарды меңгеру, әдепті балалар жөнінде өз
пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
«Мектеп,
ғимарат» сөздеріне фонетикалық талдау
жасау.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлесуді оқып, өзара сөйлесіңдер.
-
Сенің
есімің кім?
-
Менің
есімім - ... . Ал сенің атың ше?
-
Менің
атым - ...
-
Сен
қай мектепте оқисың?
2 – тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Сөйлемнің сөздерін буынға
бөліп, түрін ажыратыңдар.
3-тапсырма.
«Әдепті балалар» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңдар.
Бір сөзге фонетикалық талдау
жасаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
4 – тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап беріңдер.
Ережемен жұмыс
Дауысты
дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге
бөлінеді:
- Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
- Жіңішке дауыстылар: ә,і,ү,ө,е,э,и,у
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырма («Әдепт балалар» мәтінін
мазмұндау)
5 – тапсырма (сөйлем
құрау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.