Главное меню

  • К списку уроков
Менің мектебім. Омоним.
19.01.2014 10852 0

Сабақтың тақырыбы:  Менің  мектебім. Омоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     омонимді  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық  диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: омонимдерді  меңгеру, өз мектебі  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

«Біздің мектептегі спорт  үйірмелері»  мәтінін  мазмұндау.

 «шұғылдану, жұмыс жасайды, жер» сөздерінің синонимін табу.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма.  «Менің  мектебім» мәтінін оқып, мазмұнын айтып  беріңдер.

                        Омоним болатын сөзді табыңдар.

2 – тапсырма. Сөйлесуді  жалғастырыңыз.

-  Сенің  мектебің  қандай ?

- ...

- Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?

- ... .

                                   Шығармашылық  диктант

                               Менің болашақтағы  мектебім

           Менің  болашақтағы  мектебім өте әдемі болады. Ол мектеп бес қабатты, лифт жұмыс істейді. Әр кабинетте интерактивті тақта,әр оқушыда компьютер болады. Интернет жүйесі барлық кабинеттерге  қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Оқушыларды  сабаққа арнайы автобус тасымалдайды. Әр оқушының киім қоятын жеке шкафы болып, ол кілттенеді.

                         Ережемен  жұмыс

       Жазылуы  бірдей, мағыналары  басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы:

Ара  - 1. пчела       2. промежуток    3. пила

Қара  - 1. черный     2. смотри            Түс  - 1. цвет  2. слез     3. сон     4. Обед

              ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 «Менің  мектебім»  тақырыбында  әңгіме  жазу.

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау