Главное меню

  • К списку уроков
Аңсау. Антоним.
19.01.2014 5645 0

Сабақтың тақырыбы:  Аңсау. Антоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     антонимді  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық  диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: антонимдерді  меңгеру, аңсау  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Оқу  құралдары  жайында  шағын   әңгіме   жазу.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма.  «Аңсау» мәтінін оқып, мазмұнын айтып  беріңдер.

                        Антоним болатын сөзді табыңдар.

2 – тапсырма. Сөйлесуді  жалғастырыңыз.

-  Сен  болашақта қайда оқығың келеді?

- ...

- Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?

- ... .

                                   Шығармашылық  диктант

                                             Денсаулық

        Денсаулық – зор  байлық. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың, спортпен айналысудың маңызы зор. Денсаулыққа пайдалы спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Денсаулыққа зиянды заттар – темекі мен алкогольді ішімдіктер.

        Денің сау болсын десең, қазірден бастап спортпен шұғылдан.Уақытында тамақ ішіп, таза ауада демалуды әдетке айналдыр.

                         Ережемен  жұмыс

       Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мысалы: кең-тар, бару-келу, қыс-жаз, соғыс-бейбітшілік, аз-көп, аласа-биік, қорқақ-батыр, дұшпан-дос, өтірік-шын, сүю-жек көру, жарық-қараңғы,т.б.

              ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 «Аңсау»  мәтінін  мазмұндау.

 «Байлық, жүгіру, пайдалы, сау, демалу» сөздерінің антонимін табу.

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау