Жаңа оқу жылы. Антоним.
Сабақтың тақырыбы:
Жаңа оқу жылы. Антоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
антонимді түсіндіру, сауатты
жазуға және сөйлеуге
үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді
дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: антонимдерді
меңгеру, жаңа оқу жылы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
5-6 тапсырма.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Суреттер
бойынша бірнеше сөйлем
құраңдар.
2 – тапсырма.
Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей.
1. Барлық
тапсырмалардан синонимдер мен антонимдерді тауып, түсіндіріңдер.
2. Мына
сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар, үндестік заңын түсіндіріңдер:
мұражайда, бұйымдар, құттықтады
ІІ деңгей.
1. Берілген
сөздерге синоним мен антоним табыңдар.
2. Ас, кең
аула сөздерін пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.
І
деңгей.
1. Қазақ
тілінің лексикалық терминдері орыс
тілінің лексикалық терминдеріне сәйкес
келе ме ? Өз ойларыңды айтыңдар.
Ережемен жұмыс
Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер.
Мысалы: кең-тар, бару-келу, қыс-жаз,
соғыс-бейбітшілік, аз-көп, аласа-биік, қорқақ-батыр, дұшпан-дос, өтірік-шын,
сүю-жек көру, жарық-қараңғы,т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
2- тапсырма
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.