Оқушы міндеті - кезекшілік. Синоним.
Сабақтың тақырыбы:
Оқушы міндеті - кезекшілік.
Синоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
синонимді түсіндіру, сауатты
жазуға және сөйлеуге
үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша
тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: синонимдерді
меңгеру, оқушы міндеті жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
«Болашақтағы
мектеп ғимараты» тақырыбына әңгіме жазу.
Өздері іздеп,
5 синонимдік қатар табу.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлесуді
толықтыру.
- Бүгін
сыныпта кезекші кім?
- ... .
- Кезекшінің
міндеті не ?
- ... .
2 – тапсырма.
«Оқушының міндеті - кезекшілік» мәтінін
оқып, сұрақтар құраңдар.
3 – тапсырма.
Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.
Туған жер, нәрсе, жәрдем, бет, оқиға, жақсы, жаман
Бес жолды өлең
1. Зат есім –
туған жер
2. Сын есім – әдемі,
үлкен
3. Етістік – қорғайды,
сағынады, дүниеге келеді
4. Сөйлем – Адам
туған жерін сағынады.
5. Синоним – Отан,
атамекен, туған ел
Ережемен жұмыс
Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы;
мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Венн
диаграммасы
Сұрақ: Оқушы кезекшілік міндетінде не істейді?
Сыныптағы кезекшілік Ұқсастығы Дәліздегі кезекшілік
V. Үйге тапсырма
«Оқушының
міндеті –кезекшілік» мәтінін мазмұндау. Өздері 5 синонимдік қатар табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.