Мектеп ғимараты. Синоним.
Сабақтың тақырыбы:
Мектеп ғимараты. Синоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
синонимді түсіндіру, сауатты
жазуға және сөйлеуге
үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: синонимдерді
меңгеру, мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
3-4 тапсырманы сұрау.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлесуді
толықтыру.
- Сенің мектебіңнің ғимараты қандай?
- ... .
- Биыл қандай жөндеу жұмыстары жүргізілді?
- ... .
2 – тапсырма.
«Мектеп ғимараты» мәтінін оқып, сұрақтар құраңдар.
3 – тапсырма.
Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.
Қайратты, кең, өмір, мереке, жасау,
дайындау, бірінші
Бес жолды өлең
1. Зат есім –
мереке
2. Сын есім –
алғашқы, халықаралық
3. Етістік –
тойланады, дайындалады, өткізіледі
4. Сөйлем –
Білім күні мерекесі 1 қыркүйекте тойланады.
5. Синоним –
мейрам, думан, той
Ережемен жұмыс
Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы;
мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Венн
диаграммасы
Сұрақ: Мектеп ғимараты қандай?
Өткен жылы Биылғы жыл
V. Үйге тапсырма
«Болашақтағы
мектеп ғимараты» тақырыбына әңгіме жазу.
Өздері іздеп,
5 синонимдік қатар табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.