Мектеп. Лексика.
Сабақтың тақырыбы:
Мектеп. Лексика.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
лексиканы түсіндіру, сауатты
жазуға және сөйлеуге
үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді
дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру,
өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Жазғы демалысты қалай өткізгендерін сұрау. Өтілген
тақырыптарды еске түсіру.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру.
- Сенің
ұлтың кім?
- ... .
- Сенің
атың, фамилияң кім?
- ... .
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- ... .
2 – тапсырма.
Мәтінді оқып, сөйлемдерге сұрақтар қойып, көшіріп жазыңдар.
3 – тапсырма.
«Кезекші» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
Дайындаймын картаны,
Сүртем тақта, партаны.
Гүлдерге су құямын.
Қоқыс болса, жиямын.
Кезекшімін мен енді,
Тазартамын еденді.
Терезе, есік жуамын,
Шаң,тозаңды қуамын. (Ш. Мамасерікова)
Ережемен жұмыс
Лексика – сөз
мағынасын және сөз байлығын зерттейтін
ғылым.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
3-тапсырма (Өлеңді жаттау)
4 – тапсырма
(«Мектеп» тақырыбы бойынша кестені
толтыру)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.