Менің атам мен әжем.Шылау.
Сабақтың тақырыбы:
Менің атам мен әжем.Шылау.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
шылауды
түсіндіру, сауатты жазуға
және сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын
арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: ата мен әже туралы өз пікірлерін айта білу
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Сөздерді
тексеру
ІІІ.
Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
Өз ата-әжең туралы айтыңдар.
1) мінезі (мейірімді,
мейірбан, тік, ашық)
2) бойы (ұзын,
қысқа, орта бойлы)
3) көзі, шашы
(түсі – қара, сары, көк)
Ережемен жұмыс
Шылау
Грамматикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі
болмайтын сөз табы шылау деп аталады.Мысалы: дейін, шейін, және, не, яки, бірақ
Бес
жолды өлең
1. Зат есім – ата
2. Сын есім – ақылды,
мейірімді
3. Етістік – ертегі
айтады, ақыл береді, еркелетеді
4. Сөйлем – Менің
атам маған көп ертегі айтады.
5. Синоним – қария
2-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып, шылауы
бар сөйлем құрастыр.
Ата, әже,
әңгіме, ертегі, көңілді, қамқор, шаршамайды.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
3 - тапсырма (Сұрақтарға жауап беру)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.