Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Досымның мекен- жайы
Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, достар арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу.
Білімділік – достық
туралы мәліметті толықтыру, жаңа тақырып бойынша лексиканы меңгерту,
сөздік қорын молайту.
Дамытушылық –достық
туралы біліктерін дамыту, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту,
оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік –
Адамгершілікке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер,
тірек-сызбалар, карточкалар, тапсырмалар
Сабақтың типі: жаңа
білімді меңгерту
Сабақтың түрі: бірлесіп
білім алу
Сабақтың
әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші?
Бүгін сабақта кім жоқ?
II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу
Тілдесім. Адам үшін
ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. «Доссыз өмір – тұзсыз ас» - деп халық
бекер айтпаған. Адам жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Дос
алдамау керек. Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек. Достар ұрыспау
керек. Достар тату болу керек.
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
Қасыма – рядом өз –
свой
Үзіліс – перемена
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.
Менің атым – Олжас. Оқу жылының басында біздің сыныпқа жаңа оқушы келді.
Мұғалім оны менің қасыма отырғызды. Үзілісте екеуіміз әңгімелестік. Оның аты –
Ернұр. Ол Естай көшесінде тоғыз қабатты үйде елу бірінші пәтерде тұрады. Үйі
менің үйіме жақын. Ернұр маған өз мекен-жайын берді. Қонаққа шақырды. Қазір
екеуіміз доспыз.
2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
-
Сенің
досың бар ма?
-
............................................
-
Сен
оның мекенжайың білесің бе?
-
..............................................
-
Досыңның
мекенжайын толық бере аласың ба?
-
................................................
-
Оның
үйі сенің үйіңе жақын ба?
-
................................................
-
Досыңа
телефон шаласың ба?
-
................................................
3-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы осы шақта жіктеңдер .
Беру, бару, білу.
4-тапсырма. Сызба бойынша өзіңнің досың туралы әңгімеле.
Менің досым
Бет әлпеті |
Бойы |
Мінезі |
Ермегі |
Әдемі, сұлу, сүйкімді, сымбатты,
Көзі Шашы Мұрны |
Орташа Ұзын Қысқа |
Мейірімді, қамқоршы, момын, сыпайы. |
Кітап оқу, үйірмеге бару, би билеу, сурет салу, ән айту. |
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2 –
тапсырма (Деңгейлік тапсырмалардың 3 тапсырмасы)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша
бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.