ГЕОМЕТРИЯ 9-сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
ГЕОМЕТРИЯ
9-сынып
(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
№ | Оқу материалының мазмұны | Сағат саны |
1. 8-сынып геометрия курсын қайталау | 4 | |
2. Жазықтықтағы векторлар | 16 | |
1 | Вектор ұғымы. Коллинеар векторлар. Вектордың ұзындығы (модулі) және бағыты. Векторлардың теңдігі. | 1 |
2 | Векторларды қосу және оның қасиеттері. Векторларды азайту. | 2 |
3 | Векторды санға көбейту. Векторлардың коллинеарлық критерийі. Векторды санға көбейтудің қасиеттері. | 2 |
4 | Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу. | 1 |
5 | Тікбұрышты координаталар жүйесіндегі векторлар. Вектордың координаталары. | 2 |
6 | Векторлардың арасындағы бұрыш. Вектордың координаталық осьтердегі проекциялары. | 1 |
7 | Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. | 2 |
8 | Тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің әртүрлі берілу тәсілдері. | 2 |
9 | Есептерді шешуде векторларды қолдану. | 2 |
10 | 1-бақылау жұмысы. | 1 |
3. Жазықтықтағы түрлендірулер | 10 | |
1 | Жазықтықты түрлендіру. Қозғалыс және оның қасиеттері. Фигуралардың теңдігі және оның қасиеттері. | 1 |
2 | Жазықтықтағы қозғалыстар – осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру. | 2 |
3 | Гомотетия. | 1 |
4 | Ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері. Ұқсас фигуралар. | 1 |
5 | Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері. | 3 |
6 | Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығы. | 1 |
7 | 2-бақылау жұмысы. | 1 |
4. Көпбұрыштар | 13 | |
1 | Сынық сызық. Дөңес көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы. | 1 |
2 | Шеңберге іштей сызылған бұрыштар және олардың қасиеттері. | 2 |
3 | Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема. | 2 |
4 | Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. | 2 |
5 | Дұрыс көпбұрыштар. Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын, қабырғаларды, периметрді және ауданды байланыстыратын формулалар. | 3 |
6 | Дұрыс көпбұрыштарды салу. | 1 |
7 | Бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар. | 1 |
8 | 3-бақылау жұмысы. | 1 |
5. Үшбұрыштарды шешу | 7 | |
1 | Синустар және косинустар теоремалары. | 2 |
2 | Үшбұрыштарды шешу. | 2 |
3 | Геометриялық және практикалық мазмұнды есептерді шешуде тригонометрияны қолдану. | 2 |
4 | 4-бақылау жұмысы. | 1 |
6. Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы | 6 | |
1 | Шеңбердің ұзындығы. π саны. Шеңбердің доғасының ұзындығы. Бұрыштың радиандық өлшемі. | 2 |
2 | Дөңгелектің және оның бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы. | 3 |
3 | 5-бақылау жұмысы. | 1 |
7. Стереометрия элементтері | 6 | |
1 | Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары. | 1 |
2 | Кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы. | 1 |
3 | Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш. Түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. | 1 |
4 | Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік. | 1 |
5 | Цилиндр, конус, шар және олардың кескіндері. | 1 |
6 | Бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік геометриялық фигуралар. | 1 |
8. Қайталау. Есептер шығару | 4 | |
| Қорытынды бақылау жұмысы. | 2 |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.