3.2 «Математика және информатика» білім саласы
Математика
Жалпы орта білім деңгейіндематематиканыоқыту келесі
мақсаттарға жетуге бағытталған: салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару
және сипаттау үшін математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу;
математикалық материалдар бойынша есептерді шығару алгоритмдерін өздігінен құру
және орындау; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау; математикалық
формулаларды қолдану және жеке жағдайларды жалпылау негізінде математикалық
формулаларды өздігінен құру.
10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын
оқытуға сағат санының көбеюіоқу жылының басында 10-сыныпта 7-9-сыныптардағы
алгебра курсында және 11-сыныпта 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары
курсында игерілген математикалық білімдерін қайталауға, тереңдетуге және
жүйелеуге уақыт бөлуге мүмкіндік берді. 10-сыныптың екі бағыты бойынша алгебра
және анализ бастамаларының оқу бағдарламаларында бірдей тақырыптарды беру
арқылы оқушылардың ҰБТ-ге дайындауда математикалық материал мазмұнын меңгеруге
бірдей жағдай жасау қамтамасыз етілді.
Оқу жүктемесіне сағат санының қосылуы математикалық
материалдың мазмұнын беру ретін жетілдіруге, оқу бағдарламасындағы материалды
игеруге көп уақыт бөлуге мүмкіндік
берді.
Алгебра және анализ
бастамалары
Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі
алгебраны оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты
ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен,олардың тәжірибелік
маңыздылығын айқындаумен сипатталады.
Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың
ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді
шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға
бағытталған; математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың
математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін
көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі
ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды
қолдануға көңіл бөлінеді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық
бағыттағы10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін оқытудың
мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған ортаның
нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық ұғымдармен және
олардың қасиеттерімен таныстыру.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі
– адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру
және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты
математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс
үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың
қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың
үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді,
жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір
дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде)
оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және математика
тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор.
Әсіресе тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда математикалық терминдердің
шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.
Жаратылыстану-математика
бағытындағы сыныптарда
математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін
талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін
қамтамасыз етуі тиіс.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша
математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы
біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін
дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір
нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және
құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы
үдерістер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы
есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық
сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика
пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.
10-11-сыныптардағы
алгебра және анализ бастамалары
пәнінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары
бойынша сағат саны: аптасына 3
сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Геометрия
Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік
формаларды модельдеп қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық
байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының
мазмұны кеңістіктегі геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін,
геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.
10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу
интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту;
тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік
фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде
практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды
дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты, эстетикалық
талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми-техникалық прогрестің
дамуына әсерін таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеумақсаттарына қол
жеткізуге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні
ретіндеоқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі жоғары
мектепте оқуын жалғастыруы үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың
қажетті деңгейімен қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге
қажетті геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда
геометрияны оқытудың міндеттері:
болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі стереометриялық деректер мен
әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру; дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы
ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері
туралы теориялық білім қорын кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық
фигураларды танып білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші
сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір
немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын
дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және
тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық мазмұнды
есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын
қалыптастыру.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда
геометрия курсын оқу пәні ретіндеоқытудың
мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын
жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби
қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен
қамтамасыз ету.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда
геометрияны оқытудың міндеттері:
кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру;
кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау
дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде
қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері
бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі
мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты
түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін
қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу
біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және
тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір
немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту;
практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі
мен дағдыларын қалыптастыру; жазық және
кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу
туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу
біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру
және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне және
пайдалана білу біліктігін
дамыту.
10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі
түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық
модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы
көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті
етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға
мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың
жазықтықтағы кескіндеріне және олардың жазықтықпен қималарына назар аударған
жөн. Есептерді шығару барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін,
яғни геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек. Кейін
есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі параметрлерінің барлық
мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге асырылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында
оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік,
көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар
кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық шамаларды
(екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді;
көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының
кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын
оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім
мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып,
теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде
берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген тараулар
түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы геометрия
курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық
фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және
олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың
өзара орналасуын; кеңістіктік фигуралардың теңдігін; дөңес фигураларды;
геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық
дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың
жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және
векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық фигуралардың
теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық фигураның
симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты
симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында математикалық
мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық дамуына және олардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік
фигураларды салуға және денелердің беттерінің ауданы мен көлемін табуға
арналған қолданбалы есептерді қарастыру ерекше орын алуы тиіс.
«Геометрия» пәні бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық
бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына
1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;
жаратылыстану-математикалық
бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты
құрайды.
Информатика
«Информатика» оқу пәні
«Математика және информатика» білім саласына енеді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 10-11
сыныптар үшін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы әзірленді. Оқу
бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден, информатика пәні 5-сыныптан бастап
оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды), яғни базалық мазмұнды толығымен
қайта қарастыру қажет. Екіншіден, заман
талабына сай ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың тез дамуына
байланысты, осыған орай информатика курсында алгоритмдеу және программалау
саласына негізгі орта буынан көп көңіл бөлген дұрыс.
Информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника
кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына
қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік
тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге
этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.
Профильді 10-11
сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты
қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалуды
меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі
пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып
табылады.
Оқыту міндеттері:
1) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін
визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім
мазмұның қалыптастыру;
2) визуалды программалау және мәтіндік,
сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс
істеуге дағдыландыру;
3) оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық
құзыреттілікті дамыту;
4)
ақпараттық
іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы сыныптарға
арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік
ойлауды дамыту жалғасады. Практикумдардағы жұмыс бұл іс-әрекеттің тікелей
жалғасы болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы сыныптардағы
информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
тереңдете оқыту болып табылады.
Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар
қарастырылған.
Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын
терең оқуға қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға
сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.
«Информатика» пәні
бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10 сыныпта – аптасына 1
сағат, оқу жылында 34 сағат,
11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.