2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл
дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы
білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру,
адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы,
қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін
айқындайды.
Оқыту мақсаты:
- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен
қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың
дене мәдениетін қалыптастыру;
- физикалық және психикалық
қасиеттерінің толық дамуын;
- салауатты өмір салтын
ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
- денсаулықты
нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене)
қасиеттерін дамыту;
- дамыту және
сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл
әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс
мәдениетін қалыптастыру;
- дене шынықтыру
және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын
қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
- өз
денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін
қалыптастырып тәрбиелеу;
- тұлғаны оң
қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен
ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу
бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық
компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене
шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы
туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап
етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене
дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру
құралдары туралы мәліметтер берілген.
Дене шынықтыру дайындығын
жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт
түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика
элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері
және Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық
ойындар» тақырыбы берілген.
Бағдарламаның
ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
- мұғалім
өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты
ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға
(немесе түзетулер енгізуге) құқылы;
- «Гимнастика»
тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін)
меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;
- мұғалім
қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз
жұмысын ұйымдастырады;
- оқушылардың
тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып,
ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;
- оқушылардың
қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары
өткізілуі тиіс;
- дене
шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) бақылау
оқу нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша бақылау оқу
нормативтерінің нәтижелері.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу»
тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ
республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының
педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен
(кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық,
кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Оқушылардың
денсаулығын нығайту мақсатында оқу жылында «Денсаулық күнін» 3-4 рет өткізу
ұсынылады.
Типтік оқу
жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
6-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
7-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
8-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
9-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.