1.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Дүниетану
Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем
тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде
жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- туған жерінің табиғатына
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
- оқушыға қоршаған ортаның әр
алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік
беру;
- күнделікті өмірде,
зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік
ережелерді сақтауға дағдыландыру;
- «адам – табиғат» жүйесіндегі
өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
- танымдық қызығушылығын,
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- қоршаған ортаны сақтау мен
қорғауға тәрбиелеу;
- картадан өз Отаны мен туған
жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;
- тірі және өлі табиғат
нысандарын ажырату білігін дамыту;
- танымдық қызығушылығын
қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи
байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу
дағдыларын қалыптастыру;
- бақылау, өлшеу, салыстыру
дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
- адам мен табиғаттағы тіршілік
әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын
меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы
түсініктерін кеңейту;
- жаратылыстану ғылымы пәндерін
одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Пәнді оқыту ерекшелігі: 2013-14 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің
1-сыныпқа ендірілуіне байланысты «Дүниетану» пәні 1 сағаттан оқытылады. Ал 2-4-сынып оқушылары «Дүниетану» пәнін оқу
жылы көлемінде аптасына
2 сағатпен оқуды жалғастырады.
2-сынып «Дүниетану» оқулығының жаңадан жазылып, пән мазмұнның өзгеріске
ұшырауына байланысты, 1-4 сыныптар үшін тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылды
Бастауыш сыныптарда «Өмір
қауіпсіздігінің негіздері» курсының тақырыптары «Дүниетану» пәні
сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
1- сынып |
||
1. |
Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары. |
1 |
2. |
Адам. |
1 |
3. |
Табиғат. Ауа
райы. |
1 |
4. |
Қыс. |
1 |
5. |
Көктем. |
1 |
6. |
Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні. |
1 |
|
Барлығы: |
6 |
2- сынып |
||
1. |
Адамныңайналадағыдүниеменқарым-қатынасы. Адам және табиғат. |
1 |
2. |
Табиғат.Ауа. |
1 |
3. |
Табиғат. Су. |
1 |
4. |
Табиғат. Топырақ. |
1 |
5. |
Өсімдіктердіңтіршілігі.Өсімдік – тіріағза. |
1 |
6. |
Табиғатты
қорғау ережесі. |
1 |
|
Барлығы: |
6 |
3- сынып |
||
1. |
Адам
– табиғат перзенті. |
1 |
2. |
Табиғат және адам. |
1 |
3. |
Ауа.
Су. Ауа райы |
1 |
4. |
Тау жыныстары және оны қорғау. Мұнай
және табиғи газ. |
1 |
5. |
Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажаратуы. |
1 |
6. |
Бунақыденелілер. |
1 |
|
Барлығы: |
6 |
4-сынып |
||
1. |
Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің
өзгеруі. |
2 |
2. |
Пайдалы қазбалар, олардың топтары. |
1 |
3. |
Су. Су айналымы. |
2 |
4. |
Ауаны ластаушы заттар. |
1 |
5. |
Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. |
1 |
6. |
Қауіпсіздік ережелері. |
1 |
7. |
Жер –ғарыш денесі. |
2 |
|
Барлығы: |
10 |
Барлығы1-4 - сыныптарда |
28
сағат |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.