1.2 «Математика» білім саласы
Математика
Пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық
құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін
қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді
қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды
қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге
практикалық негіз жасау.
Оқытудың
міндеттері:
- тұлғаның
зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар
математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін
дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық
қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде
ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі
бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
- оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде
жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу
және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала
мақсатты дайындықты жүргізу;
- оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң
көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару
дағдысынқалыптастыру;
- стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және
өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және
шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
- баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни
жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді
қасиеттерін тәрбиелеу;
- қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге
құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін
белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде
өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа
байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған
құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Математиканы оқыту
ерекшелігі:
Бастауыш білім берудің
базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді
(информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және
негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде білім, білік,
іс-әрекет, дағды қалыптасады.
Білім берудің бастауыш
деңгейінде «Математика» пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны: теріс емес
бүтін сандар арифметикасы; алгебра элементтері; геометрия элементтері деп
аталатын үш тараудан тұрады.
Пәнді игертуде 1000000-ға дейінгі натурал сандар
және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия
элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі,
2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6
сағаттық мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген.
Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар»
тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен
оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың
басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен
жүйелеуді мақсаттайды.
2 сынып оқушыларына «Көбейту мен бөлу амалдары»
тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың
тақырыпты толық игеруіне септігін тигізеді.
3-сынып оқушыларына «Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары», «1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту», «Шамалар
арасындағы тәуелділік», «100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері»,
«Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем», «1000-ға дейінгі көбейту
мен бөлудің жазбаша тәсілдері» тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.
4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс
жоқ.
Бастауыш білім мазмұнын
меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.
Бақылау нысандары тест
тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде
өткізу ұсынылады.
1-4 - сыныптардағы
«Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде
ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық
өткізілмейді.
Тақырыптық бақылау
жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.
Математика пәнінен
ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы
ұйымдастыруға болады.
1-4 – сыныптарға арналған
«Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (2-кесте)
ұсынылады:
2-кесте – 1-4 сыныптарға
арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып |
||||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
Бақылау жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Өздік жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Барлығы: |
4 |
4 |
6 |
6 |
2 - сынып |
||||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
Бақылау жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Өздік жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Барлығы: |
4 |
4 |
6 |
6 |
3 - сынып |
||||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
Бақылау жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Өздік жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Барлығы: |
4 |
4 |
6 |
6 |
4 - сынып |
||||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
Бақылау жұмысы |
3 |
2 |
3 |
4 |
Өздік жұмысы |
2 |
2 |
3 |
3 |
Тестік тапсырмалар |
- |
1 |
- |
1 |
Барлығы: |
5 |
5 |
6 |
8 |
Математика
пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта: аптасына 4 сағ,
барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта:
аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170
сағат.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.