Технология. Тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік өнері
11.11.2014
3952
0
Искаков Нурлан Серикович
Білімділік мақсаты: оқушыларды зергерлік өнер түрлерімен таныстыру.
Қасиетті халық қолөнерінің үлкен ықпалы мен пайдасын
ұқтырып, ұлттық қолөнердің сыры мен ерекшелігінің
неде екенін, кешегі мен бүгінгіні салыстырып, өз қолда-
рымен жасайтын, тұтыну арқылы өнер құдыретін аңғарту
Дамытушылық мақсаты : өнерге деген ынта-ықыласын, жігерін арттыру. Өз
бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, шеберлікке, әсемдікке, төзімділікке
баулу, бастаған жұмысын тиянақты аяқтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: зергерлік өнер түрлері, түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: ұлттық бағдар, түсіндіру, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, сызу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын сұрау.
3.Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі бөлім: а) Теориялық; ә) Сарамандық.
4.Техникалық қауіпсіздік. Ереже.
5.Ұлдармен жеке – жеке жұмыс жүргізу.
6.Қорытынды.
А)Теория бөлімі: Зергерлік өнер туралы мәлімет беру.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақта бұрын таныс емес зергерлік өнер туралы әңгімелесеміз.
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Жігітке жеті өнерде аз
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің сөзі ортақ
Зергерлік
Күмісті тезге (сымға) салып тарту. Жамбы. Құйма алтынмен күмісті өрнектеу. Зергерлік өнерінің басты-басты үлгілері: білезік, сақина, балдақ, шолпы, шашқап.
Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын-күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.
Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қарапайым әдіспен орындайды. Көбінесе білезік, өңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш (бұрын алтын, күміспен орнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша, қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемер белдік, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ыдыс-аяқ, ағаш төсек, ер-тұрман, қару-жарақ, жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай шақша, опа сауыт, домбыра, қобыз, сырнай және т. б. алуан түрлі жиһаздарды әшекейледі. Зергерлікті жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен преске, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға қүю, бір металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу арқылы өрнектеу, металдарга алтын, күміс жалату, металды қақтау, қуыстау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бөледі. Бұл заттарды қалай жасалатындығын әнгіме етейік.
Күмісті тезге (сымға) салып тарту. Жамбы.
Соғуға, созуға қолайлы болуы үшін қоспасыз таза күмісті таңдап алады. Таза күміс ірімей жақсы соғылады және сымға салып жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы. Таза күміс жай қарағанда да көрікті. Сондықтан қазақ зергерлері ең таза күміс деп жамбы күмістерді ұстайды. Жамбы деп қорытылып құйылған кесек күмістерді атайды. Жамбының үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар. Оларды үлкенінен бастап айтқанда: «бесік жамбы», «ат бас жамбы», «қой бас жамбы», «тай тұяқ жамбы», «қой түяқ жамбы», «асық жамбы» деп атайды. Жамбы күмістері қараймайды. Ал енді осы күмісті жіңішкертіп созатын сайманды сым деп атайды. Сым дегеніміз ұзыны 20—25 см, көлденеңі — 3—4 см, қалыңдығы 2 см төрт қырлы ұзынша темір. Бұл темірдің ортасында кеңдігі шеге
сиғандай, тесіктен бастап, бір тал шаш өтетіндей ғана саңлауға дейін тарыла беретін, бірінен бірі кіші 11—18 тесік бар. Бұлардың араларында үлкенді-кішілі шар, жарты шар кейіптес шұңқыр үялар жасалған. Шеберлер бұл ұяға шегелерді сыптығырлай отырып, әр түрлі көлемдегі мық шегелердің түйіртпектерін жасап өрнектейді. Күмісті қорытып тазартып алған соң, оны шегенің үлкендігіндей етіп, ұзындығын 10—15 см шамасында жұмырлап соғады да, сымның алғашқы өтетін көзінен бастап, бірте-бірте тар көздерден өткізіп тартады. Күміс әрбір тесіктен өткен сайын жіңішкеріп шаштай болып созылып шығады. Созылған күміс кесте жіп сияқты домалақтанып жиналады. Мұны күмісті сымға (тезге) тарту дейді. Күміс жіптің ұшын әлгі шабылған темірдің түрпі бетіне өрнектеп сала отырып балғамен бірқалыпты ұрады. Ұрылған күміс түрпілердің бұжырына жапсарласып, өзінің жуан-жіңішкелік мөлшеріне қарай жалпақтана, өрнектеліп қақталады. Оған өң беру үшін оны жұмсақ қайрақпен және түрпі қағазбен, одан кейін киізбен, ең ақырында жұмсақ матамен ысқылайды.
Құйма алтынмен күмісті өрнектеу
Жұмыр, домалақ, қырлы, төрт бұрыш және т. б. бейнелердегі заттарды тұтас құйма алтын, қүйма күмістен жасайды. Бұларға әр түрлі бейнеде құйылған жамбы, ат бас алтын, ділдә, құйма білезік, құйма жүзік, алтын аяқ, ақ жамбылар жатады. Алтын күмісті ерітіп, қалыпңа құйып бедерлеу әдісімен алтын қасың, күміс ожау, сағат қаптары сияқты заттар да істеледі. Құйма алтын мен құйма күміс халық дәстүрінде асыл қазына, үлкен мұра деп есептелген. Құйма алтын мен күмісті өрнектеу үшін оған қажетті қалып жасалады. Мұндай қалыптарды халық шеберлері қалайыдан, қорғасыннан, жезден немесе майдаланған саз балшықтан, қатты ағаштан, мүйізден жасайды. Қалыптың ішкі бетіне жасалатын өрнекті ояды немесе қалыптың өзін сол өрнекке қаптайды. Осындай қалыпқа құйылып шыққан сом алтын не күміс сол қалыптың ішіндегі әр түрлі өрнектермен бедерленіп шығады. Сол күміс пен алтынның беттерін асыл бізбен, өткір қашаумен, пышақтың ұшымен сызып өрнектеуге де болады.
Қолөнер шеберлері өрнектеліп болған заттарды әдемілеу үшін оны түрпі қағазбен, шұғамен, мақпалмен, жұмсақ матамен ысқылап, жылтыратады. Сақина, білезік, сырға, шолпы сияқты бұйымдарды қазақ зергерлері көбінесе осындай әдіспен жасайды. Сымға тартылып бір келкі созылған күміс жіптерді бұрап, өріп, тоқып, кейде алтын, күміс заттарға әр түрлі асыл тастардан көз орнатып, оларға мық қағу арқылы қалыпқа салып өрнектеп алады да, балдағына дәнекерлеп бекітеді. Кейде көзді үялап жасап, оған жарқырауық тас, шыны орнатады.өрнекті, сәнді жиһаздар істейді. Әйелдердің омырауға тағатын алқа, тана,
жарма, шытырман, қоза, көз түймелері сияқты заттарды көбінесе арнаулы қалыптарға салып сықап жасайды. Бұл үшін темір қалыптың үясына салынған жұқа және жұмсақ күмістің үстіне қатты кесек қорғасын қойып, содан кейін не күшті қысқымен басып сықайды, не қорғасынның үстінен балғамен ұрғылайды. Күш түскен қорғасын жұқа күмісті өрнекті қалыптың ішіне жапсыра кептеп тастайды, Осы әдіс арқылы қалыптағы өрнектің бедерлері күміске батады да, өзінің ою-өрнек іздерін қалдырады. Соңынан қорғасынды ыңғыру бізбен шұқып алып тастайды, кейде қорғасынды алмай, сол бетінде қалдырып та қояды.
Зергерлік өнерінің басты-басты үлгілері
Білезік. Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік, көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа (қуыс) білезік деген түрлері бар. Бұлардың үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі әркімнің қалауынша әр түрлі бола береді. Білезіктердің аталу түрлеріне қарай, олардың бетіне жүргізетін өрнектер де түрлі-түрлі.
Қос білезік. Мұндай білезік жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі беті қатарласқан қос жұмыр болады. Бұған көбінесе «сыңар өкше», «ырғақ», «бұрма», «көз» өрнектері салынады.
Орама білезік. Қолға орай салатын белдік бейнелі жалпаң білезік. Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп сызықталады. Ортасына жануарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер жасалады. Кейде алтын, күміс араласады.
Көзді білезік. Жұмыр немесе жалпақ күмістің, не алтынның бетіне бедерлі ернеулер жасап, ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер орнатады. Көздерді ұстап тұратын ернеулі ұялар батыру, сызу, бедерлеу, бұрыштау әдістерімен өрнектеледі.
Сақина мен балдақтар. Сақина мен балдақ саусаққа салынады. Бұлар да негізі әйел жиһаздары болып саналғанмен, оларды ерлер де салады. Бірақ әйелдер барлық саусақтарына екі-үштен қосарлап сала береді де, ерлер бір ғана саусағына және біреуін-ақ салады. Сақиналар әшекей мәнеріне, көздерінің бейнелеріне қарай да әр түрлі аталады. Мысалы, тасты сақина, моншақты сақина, кавказ сақина, құсмұрын сақина, ырғақ сақина, бұрамалы сақина және т. б. Балдақтарды ондай түрлеріне беліп атамайды. Тек алтын балдақ, күміс балдақ дейді. Сақиналар кебінесе сом күмістен соғылады.
Жаңа сабақты бекіту, пысықтау
1.Шебер дегеніміз кім?
2.Зергер дегеніміз кім?
3.Зергерлік бұйымдарға нелер жатады?
4.Әсіресе олар кімдер үшін жасалған?
5.Бүгін қандай сурет салдық?
6.Білезіктің қандай түрлері бар?
7.Бес білезік деп қандай білезікті айтамыз?
Үш жүзікті 1 тоспалы, үшеуі -1 білезікке шынжырлап бекітіледі.
1. Бас киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;
2. Шашқа тағылатын зергерлік әшекейлер;
3. Сырт киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;
4. Бойға тағылатын зергерлік әшекейлер;
5. Қолға тағылатын зергерлік әшекейлер, – деп бес
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.