Химиялық формула бойынша есептеулер.
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша
есептеулер.
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік:
Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді
қалыптастыру.
Дамытушылық:
Заттың Мr,күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер
шығара отырып үйрету және логикалық
ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері:
есептер шығару.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Сабақты
үй жұмысын тексеруден бастау.
1.
Төменде берілген заттарда элемент жайлы
айтыла ма: а)оттек демалу үшін қажет;
ә)оттек судың құрамына кіреді;
2.
Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий,
көміртек элементтерінің таңбаларын жазып, оны оқып беріңдер.
3.
Таблицаны толтыру:
Формулалар |
4H2 |
3CH4 |
3FeCI3 |
2H3PO4 |
Коэффициенттер |
|
|
|
|
Индекстер |
|
|
|
|
Әр атомның жалпы саны. |
|
|
|
|
Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады:
Оқушыларға белгілі заттардың химиялық формуласын және сол арқылы салыстырмалы
молекулалық массасын, күрделі заттағы әр элементтің массалық үлесін табуға
есептер шығарып үйрету.
1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық
массасын есептеу.
Мr(H2O) = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18
2. Күрделі зат
құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.
1-есеп:
Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек
атомдары массаларының қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің
атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек,
сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:
m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15
Жауабы: Алюминий
гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының
қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16
: 1.
3. Күрделі зат құрамындағы элементтердің
массалық үлестерін есептеу
2-есеп: Алюминий
гидроксиді А1(ОН)3
құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі
тәсілмен шығаруға болады:
1) массалық
үлестің дайын формуласын пайдалану;
2) пропорция
арқылы.
2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция
қүрамыз:
78
- 100 %,
3 •16 – у
3) Сутектің массалық үлесін z десек: 78 - 100 %,
3 • 1- z
Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н)
= 3,9%.
Жаңа
материалды бекіту мақсатында жаттығулар
мен есептер жинағы бойынша есептер
беріліп шығарылады.
Үйге тапсырма беру:§ 10.
1-63,1-64,1-65,1-77,1-111,1-112, 1-110.
Есептер жинағы
Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.