Главное меню

  • К списку уроков
«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау.
21.01.2013 10678 1203

Күні    

  Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Осы тарау бойынша алған білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту. Осының бәрін атом – молекулалық ілім тұрғысынан дәлелдеу. 

Тәрбиелік мақсаты: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.

      Құрал жабдықтар: Химиялық және физикалық құбылыстарға тәжірибелер, керекті химиялық ыдыстар және реактивтер.Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың әдіс-тәсілдері:топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

      Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға ойын сабағының жоспары хабарланады. Тақтаға жазылады.

      Сабақ девизі: «Пысықтау оқу - анасы».              1.Бақытты сәт – ойыны.

                              2. Деңгейлік есептер                        3. Қызықты тәжірибелер.

                              4. Полиглот – ыдысы.                     5.Тестілермен жұмыс.

Оқушыларды 2 ұғымдық топқа бөлетін. Топ басшысы осы ұжымның ұпайын есептеп отырады. Оған кесте алдын ала беріледі.         1-кезең.  Сұрақтар  (Дұрыс жауап берген оқушыға жетон беріледі)

1 ұжымдық топқа қойылатын сұрақтар.

      1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (Зат) 2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микрос коп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)     3. Шынының балқуы қай құбылысқа жата ды? (Физ.)           4. Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшектер. (Атомдар) 5. Атомдарының әр түрінен түзілген заттар...(күрделі) 6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы.(16) 7.Мыстың латынша атауы. (купрум)  8. Плюмбум – (қорғасын) 9. О әрпімен белгіленетін элемент.(оттегі) 10.Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар (Химиялық теңдеулер)   

2-ұжымдық топқа қойылатын сұрақтар.

      1. Заттардың агрегаттық күйлері.(Қатты,сұйық,газ)

      2. Құрамына кіретін заттардң бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады?(Әр текті)

            3. Темірдің тот басуы қандай құбылысқа жатады?(хим.)

            4. Атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалым.(Ломоносов)

            5. «Эн» таңбасы (Азот)

            6. Кремнийдің латынша аты?(силициум)

            7. Сутегінің таңбасы.(Н)

            8. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар?(Коэфф-р)

            9. Феррум...(темір)

            10. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы.(14)

2-кезең. Деңгейлік есептер шығару. Тапсырма жауаптары тақтаға жазылады. 1-2 ұжымдық топтарға таратылып беріледі.

3-кезең. Демонстрациялық  тәжірибелер: Оқушылар өздері орындайды.

            а)Тұз бен құмның қоспасы берілген тұз бен құмды бөліп алу керек.Бұл қандай қоспа? Қоспалардың тағы қандай түрлерін білесің.                                                                                                   (1 ұжым тобына)

            ә)Темір мен күкірт қоспасы берілген. Бұл қандай қоспа? Күрделі зат пен қоспаның айырмашылығы неде?

4-кезең. Үй тапсырманы тексеру үшін «Полиглот» ойыны ойналады. Сұрақтарда кездесетін элементтер дің атын қазақ, орыс, латын тілінде айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай 5 ұпай. Қай ұжым дық топ жылдам, білімділігін көрстеді.

            1.Сұйық металл (Нg, сынап,ртуть-гидраргирум )

            2. Ауаның негізгі құрам бөлігі? (О-оттек-кислород-оксигениум)

            3.Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? (Ғ-фтор-фтор-фторум)

            4. Ой және өмір элементі. (Р-фосфор-фосфор-фосфорус)

            5. Қай элемент бактериялырды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды?(ll, хлор-хлор-хлорум)

            6. Ақыл арымас, алтын шірімес. (Аи-алтын-золото-аурум).

            7. Темірді қызған кезінде соқ (Ғе-темір- феррум-железо).

5-кезең.Тестілермен жұмыс. Екі ұжымдық топқа тест кітапшасы бойынша деңгейлік тапсырма беріледі.Екі ұжымдық топ бір-бірін тексереді. 9 жұмыс. (тест) 1-2-3 деңгейде орындау Хим. фор-лар бой. есептеулер. Сабақ соңында топ басшыларыұпай санын санап, оқушыларды бағалайды.Қай топтың білімі басым болғанын анықтау. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың аты жөні

1 кезең

2 кезең

3 кезең

4 кезең

5 кезең

Қорытынды ұпай саны

1.

2.

 

 

 

 

 

 

         Үйге тапсырма: Қайталау.

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.