2011-2012 оқу жылына арналған қазақ тілінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 5 сынып Авторы Т.М. Артыкова, Ж.Н.Қыстаубаева, Л.З. Б
Түсінік хат
Қазақ елін мекен ететін басқа
ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т.б.
танып-білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ тілінде және ана тілінде
сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын дара тұлға даярлауды талап етіп
отырған қоғам талабына орай, базистік оқу жоспарында, өзге тілді мектептерде
қазақ тілі пәні қазақ тілі негізінде
оқытылуда.
Мемлекеттік тілде жалпы білім беру 2010 жылы шығарылған бағдарламаның стандартына сай
құрастырылған.Оқушы компонент бойынша
сыныпта қазақ тілі пәнінен 5 сағат
пайдаланады. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін
оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, ауызекі тілде
дұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған.
Сағат
саны бойынша күнтізбелік жоспар мектеп оқу жоспарына сай келеді. Оқулық авторы:
Т.М. Артыкова,
Ж.Н.Қыстаубаева, Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова
Алматы «Атамұра» 2010
Аптасына
5 сағат.
1 тоқсан – 45 сағат,
2 тоқсан – 35 сағат
3 тоқсан –50 сағат
4 тоқсан – 40 сағат
Барлығы - 170
сағат.
Тоқсан сайын жазба
жұмыстары міндетті түрде, ал тоқсан сайын баға қорытылғандықтан тоқсан соңында бақылау диктант жүргізіледі.
Тіл үйрету, яғни оқушыларға дұрыс
сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, грамматикалық формалар мен сөйлем
құрылысын меңгерту. Халық ауыз әдебиетін, қазақтың ақын жазушыларының
шығармаларын төл тілінде оқудың танымдық, тәлім-тәрбиелік және қазақ тілдік
ортаның кеңеюінде маңызы зор.
Қазақ тілін оқытудың мақсаты -
мәдени-танымдық біліктілігі дамыған дара
тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Осы мақсатта 5-сыныпта мына міндеттерді шешу
көзделеді:
- Өз бетінше оқып, түсініп, баяндай алу;
- сөздік жұмысын жүргізе білу, жоспарлай білу;
- сөйлеу әрекеттерін пәндік деңгейде атқара алу;
- көркем туындыны жанрлық тұрғыдан тани білу;
-логикалық оқу әрекеттерінің қарапайым түрлерін атқару;
- әдебиет материалынан рухани адамгершілікті сезіне білу;
Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 54
Әлеуметтік-мәдени ая – 58
Оқу-еңбек аясы – 58
Тест
– 4
Диктант
– 8
Мазмұндама
-2
Шығарма-2