Қазақ тілінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 1 сыныпА. Қайырбекова, Алматы қаласы, “Атамұра” б-сы, 2008 ж.
Түсінік хат.
Ұсынылған
бағдарлама 1 сыныптарының «Қазақ тілі»
оқулығына сай құрылған. 1 сынып оқулығы «Атамұра» баспасында 2008 жылы А. Қайырбекованың авторлығымен
шығарылған.
Оқу орыс тілінде жүретін
мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқыту өмірлік зор
маңызға ие болып отыр. Сондықтан қазақ тілін оқытудың негізгі міндеті мен
мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлету болып табылады.
Бағдарламаның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілінде
сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс
айтуға жаттықтыру, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге
белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге
үйрету.
Бағдарламаның мақсатын іске асыру
жолдары:
1.
Дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы ұғымдарды біртіндеп
меңгерту.
2.. Сөз құрап тұрған дыбыстарды, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке болып
бөлінетінін тиісті көрнекілік, ойын- жаттығуларын орындату арқылы меңгерту.
3. Үлестірмелі карточкаларды қолданып сөйлем, сөз, буын құрату.
4. Балаларға қоғамдық өмір құбылысы, адамгершілік, еңбек әрекетін,
халықтар достығы туралы білімдерін қалыптастыру. Ол үшін қысқа өлең-тақпақ,
мақал-мәтел, жұмбақ, шағын әңгіме, ертегі оқып, тыңдату, әңгімелету.
5.Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, туған еліне, Отанға
деген сүйіспеншілікке баулу.
Бағдарлама 1 сыныпқа аптасына 3 сағат бөлінген. Барлығы 102 сағат.
Бағдарлама 14 модульден тұрады. «Қоршаған орта. Танысу» тақырыбына – 2
сағат, «Киімдер» - 2 сағат, «Дыбыстар» тақырыбына 22 сағат берілген. «Отбасы» тақырыбына - 7
сағат, «Мектеп» - 9 сағат, «Азық-түліктер»- 10 сағат, «Адам»- 4 сағат,
«Жануарлар»- 8 сағат, «Достық»- 5 сағат, «Біздің үй» -6 сағат, «Ойыншықтар» - 6
сағат, «Күз» - 3 сағат, «Қыс» - 3 сағат,
«Көктем» - 3 сағат, «Жаз» - 2 сағат, тоқсан сайын қорытынды сабаққа – 1
сағаттан, жылдық қайталауға – 4 сағат берілген.
Оқу жылы барысында 2 диктант өткізіледі (3-4 тоқсанда.)
Бағдарламада оқушылардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін зейінін, сабаққа деген ынтасын арттыру
мақсатымен қосымша бөлімінде жұмбақтар,
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, сөзжұмбақтар берілген.
Білім беру жүйесінің жаңа әдісі –
модульдік жүйе арқылы қазақ тілін үйрету оқушының тілдік білімі мен бейімін
қатар қалыптастырып, қызықтырып оқыту, қарапайымнан күрделіге жетелейтін қазақ
тілін үйретіп оқыту, яғни қарым-қатынас деңгейіне жеткізу мақсаты қойылған.
Қазақ тілінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 1
сынып
А.
Қайырбекова, Алматы қаласы, "Атамұра” б-сы, 2008 ж.
1 тоқсан
№ |
Тақырыптар |
сағ |
өтк. күн |
Лексика |
Грамматика |
Қосымша
жұмыстар |
Ескер тулер |
І модуль.
Кел, танысайық! |
|||||||
1 |
Қоршаған орта |
1 |
1а |
Ауа-райы, оқу
құралдары, азық-түлік, жемістер, киім, жануарлар, аңдар, өсімдіктер |
Дыбыстар |
|
|
2 |
Танысу |
1 |
1а |
Менің, сенің,
атың, атым, мұғалім, оқушы, мынау, кім |
|
Әдептілік
туралы мақалдар. |
|
3 |
Мектепте. |
1 |
1а |
Мектеп, сынып,
парта, үстел |
|
Жұмбақ 9 бет |
|
4 |
Азық-түліктер. |
1 |
2а |
Нан, сүт, шай,
шұжық, кәмпит, ірімшік, 1-10 дейін |
|
|
|
5 |
Жемістер мен
көкөністер. |
1 |
2а |
Алма, алмұрт,
анар, жүзім, қызанақ,орамжапырақ, сәбіз. Қызыл, көк, жасыл,ақ, сары, қара,
қоңыр |
|
Жұмбақтар. |
|
6 |
Отбасы |
1 |
2а |
Мен, ата, әже,
әке, шеше, жатыр, тұр, отыр, жүр |
|
Мақал-мәтелдер. |
|
7 |
Киімдер |
1 |
3а |
Көйлек, жейде,
шалбар, құлақшын, тон, бәтеңке, қолғап, етік, шарф |
Қандай? Сұ -раққа жауап |
|
|
8 |
Нәтиже сабақ. |
1 |
3а |
|
|
|
|
|