Орта мерзімді жоспар қазақ тілінен бір жылға 2 сынып үшін
1-4 сыныптарда оқыту орыс тілінде жүргізілетін негізгі мектептердегі оқу
бағдарламасы, Астана 2014
Қазақ тілі. Оқулықтың авторлары: А. Қайырбекова, Атамұра баспасы 2013ж.
Мақсаты: Қазақ тілі пәнінен жаңа әдіс
тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
А: Ауыз екі сөйлеуді дамыта отырып, сабақта
топтаса және жұптаса серіктесу, іздену, өзін-өзі бағалай алу;
В: Оқушылар қажетті ақпаратты іздеп, табуға, салыстыруға,
қорытынды жасауға және диалог құрастыруға үйренеді;
С: Оқушылар мәтіннің негізгі ойын
тұжырымдайды және диалог құрастырады, өз ойын айта біледі: топта серіктесу және
шығармашылық қабілеттерін ашу.
2014-2015 оқу жылы Орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасы
2 сынып І тоқсан
- 18 сағат Әлеуметтік –тұрмыстық ая – 32 |
||||||
І Мен және менің отбасым /5 сағат/ |
||||||
№ |
Тақырыбы |
Оқып -үйренудің негізгі
мақсаттары. |
Жұмыстың белсенді формалары, модульдер. Оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер мен
стратегиялар |
Күтілетін нәтиже |
Ресурстар |
Мерзімі |
1 |
Мен және менің отбасым |
Модуль бойынша оқушылардың
сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әре-кеттерін жүйелі
түрде қолданып,тілдесім әре-кетіне жетелеу. |
Модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік
оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне
сай оқыту.
|
Мен және менің отбасым төңірегінде сөйлей
білу.Осы тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдана білу.
Сауатты жазуға үйрену.
|
Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,
|
|
2 |
Менің отбасым. |
Тақырып бойынша оқушылардың сөздік
қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым
әрекеттерін жалғастыру, тілдесім әрекетіне жетелеу. |
Модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін
бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету (СТО), ой-қозғау, топтық жұмыс, жеке жұмыс,
диалогтік оқыту |
Өз отбасы туралы
айта білу.Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып
сөйлем құрауға, ашық сөйлеуге үйренеді |
Қима қағаздар, оқулық, постер, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер,
интербелсенді тақта
|
|
3 |
Өзім туралы |
Зат есім туралы түсініктерін тереңдету.
Кім?не? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.Өз отбасы туралы
әңгіме құрау. |
Модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін
бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Топтық жұмыс, СТО-дың 3 фазасы, еркін жазу, ойын әдістері
|
Өзі туралы
әңгімелей білу. Зат есімнің сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрену.
|
Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар, үлестірмелі материалдар |
|
4 |
Әкем мен шешем. |
Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін
жетілдіру. Әр оқушының білім сапасын арттыру. Тақырып бойынша қарапайым
сұрақтарға дұрыс жауап беруге баулу.Сөздік қорды байытып, тілдесім әрекетіне
жетелеу. |
Модульдер:Оқытудағы басқару және көшбасшылық,Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларды жас
ерекшеліктеріне сай оқыту. Блум таксономиясы; СТО стратегиялары, топпен жұмыс |
Әке-шешелері
туралы қазақша айта білу. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, жаңа сөздерді, сөз
тіркестерін дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену. |
Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар, үлестірмелі материалдар |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.