Биз мектепке барамыз(каз)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
«БІЗ МЕКТЕПКЕ
БАРАМЫЗ»
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ
(5 жастан 6 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ
БАҒДАРЛАМАCЫ
Астана — 2009
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі
ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106
б.
Рецензенттер:
Б. Ердембеков, ф.ғ.д., СМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің
деканы
С. Нұрсейітова, Семей қаласы, № 9 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі
Авторлық ұжым: Т.А. Дрыгина, Г.Г. Корчевская,
Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская,
С.И. Шелипова
Бағдарлама 5-6 жастағы балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны
мектепте оқуға дайындауға бағытталған білім берудің базистік мазмұнын
анықтайды. Бағдарламада бала дамуының негізгі заңдылықтары мен оның психикалық,
физиологиялық өсуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылған.
Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жеке жас
ерекшелік қабілетінің ашылуына жағдай жасап, жалпыадамдық және ұлттық
құндылықтарға негізделген баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін білім
жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас жасауға қабілетті
шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге негізделген оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын
жүзеге асыруға бағытталған.
Бағдарламаның мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты, әрқайсысы өзіндік
бөлімдерден тұратын, белгілі бір мақсат көздейтін негізгі білім беру
салаларының жұмысын іске асыру мәселелерін көздейді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық ЖОО
мен колледждердің стденттеріне ұсынылады.