Главное меню

  • К списку параграфов

§63. Орталык және Шығыс Азия елдері


Орталық және Шығыс Азияның қүрамына Қытай Халық Респу- бликасы, Монголия, ТМД ццрамындагы Қазақстпан мен Орта Азия елдері және Шыгыс Азияда орналасқан Жапония, КорейРеспубли- касы, Корей Халық Демократиялық Республикасы енеді (49-суретті қараңдар). Бүл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мүхитқа дейін түтас алап қүрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шыгыс Азия бөліктеріне ажыратылады. Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан біздің Отанымыз Қазақстанның табиғатымен келесі сы- ныптарда толық танысатын боласыңдар.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігі мен Монголия орналасқан. Атына лайық, Орталық Азия материктің нақ ортасында жан-жағынан ірі-ірі тау жоталарымен бөлінген орасан зор үстірттер мен таулы қыраттардан түрады.

Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлікті биік Азия дел те атайды. Оны Жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы қытай тілінде «Аслан таулары» деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігіне Такпа- Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді.

Климаттың шүғыл континентті сипатта болуына байланысты таулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған қүлазыған шөлдер алып жатыр. Орталық Азияны зерттеуде қазақ халқының ғүлама ғалымы Шоқан Уәлихановтың қосқан үлесі орасан зор. Осы аймақтағы Қашғар жерінің табиғаты, түрмыс-тіршілігі туралы ғалымның жинақтаған мәліметтері қүндылығын әлі де жойған жоқ.

Тынық мүхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиға- тына мүхиттың тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық,аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мүхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерде тау түзілу әлі де жүріп жатыр.

Жапон аралдарында 150-ге тарта жанартау бар, 40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар есерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді.


Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғатының өзіндік басты белгілері бар. Сондықтан Орталық және Шығыс Азияны біртүтас қамтып жатқан, мыңдаған жылдық тари- хы бар іргелес ежелгі - Қытай Халық Республикасы мысалында бүл аймақпен толығырақ танысамыз.

5- сарамандыц жумыс

Материктің екі бөлігіндегі климат типін анықтау және салыстыру

Сабақтың мақсаты: а) климаттық белдеулер мен климат типтерінің таралу заңдылығы туралы білім негізін бекіту;

ә) материктің екі бөлігіндегі климат типтеріне салыстырмалы си- паттама берудегі практикалық біліктілігі мен дағдыларын дамыту;

б)    статистикалық және картографиялық мәліметтермен жүмыс жа- сау біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.

Қажетті ццралдар: физикалық, тақырыптық және кешенді кар- талары; оқулық мәтіні мен статистикалық мәліметтер; презентация- лар; сызбалар.

Жумыс барысы:

1.      Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әрбір топқа климаттық бел­деу мен климат типінің аты беріледі. Оқушылар түрлі әдебиеттер, анықтамалықтар мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, қажетті мәліметтерді кестеге толтырады:

Еуразияның екі климат типіне салыстырмалы сипаттама

Белдеудің

аты

Климат

типінің

аты

Басым ауа массала- рының қалыптасу орны және аты

Жылдық

жауын-

шашын

мөлшері

және

режимі

Ауа

температу-

расы

Климаттың

жағдайға

халыңтың

бейімделуі

және

шаруашылықта

пайдаланылуы

ңаңтар

шілде

Субаркти-

калың

теңіздік

 

 

 

 

 

континенттік

 

 

 

 

 

Қоңыр-

жай

теңіздік

 

 

 

 

 

континенттік

 

 

 

 

 

 

Субтро-

пиктік

Жерорта

теңіздік

 

 

 

 

 

муссондық

 

 

 

 

 

Тропик-

тік

континенттік

 

 

 

 

 

муссондық

 

 

 

 

 

Эква-

торлық

ылғалды

 

 

 

 

 

континенттік

 

 

 

 

 

*Ескерту: мүғалімнің қалауы бойынша екі тапсырманың біреуін тандауына болады.

2.       Оқушыларға үлестірме қағаздар таратылады, олардың әрқай- сысында климаттық белдеу мен климат типінің аты жазылып, климаттық диаграммалары көрсетілген. Оқушылар түрлі әдебиеттер, анықтамалықтар мен оқулық мәтіні мен осы мәліметтер негізінде климаттық белдеу мен климат типін жоспар бойынша сипаттайды:

а) аты;

э) экватор мен полюстерге қатысты жэне материктегі алып жатқан орны;

б) басым эсер ететін ауа массалары;

в) қаңтар мен шілденің орташа ауа температурил ары;

г) жылдық жауын-шашын мөлшері жэне режимі;

ғ) климаттық айырмашылықтары және оның себептері;

д) халықтың осы климаттық жағдайға бейімделуі.

Қорытынды.

6-    сарамандац жумыс

Еуразияның бір еліне қысқаша, кешенді сипаттама

Сабақтың мақсаты: а) Еуропа мен Азияның бір еліне сипаттама қүрастыру;

ә) табиғат ресурстарының таралу заңдылығы жэне жекелеген елдердің ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы түсініктерін дамыту және бекіту;

б) оқушылардың атлас карталары мен географиялық ақпараттың басқа түрлерін алға қойған міндеттерді шешу барысында пайдалану жолдарын бағалау және тексеру;

в)    статистикалық және картографиялық мәліметтермен жүмыс жа­сау біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.

Қажетті қцралдар: Еуропа мен Азияның физикалық, тақырыптық және кешенді карталары; оқулық мәтіні мен статистикалық мәліметтер; презентациялар; сызбалар.

Жумыс барысы:

1.        Атлас карталары мен басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып, Еуропа мен Азияның бір еліне салыстырмалы сипаттама беру. Сипат- таманы карталарға талдау жасау негізінде, кесте түрінде де толтыруға болады. Талдау жасалатын елдерді мүғалім таңдайды.

Еуразияның бір еліне ңысқаша кешенді сипаттама

Қарастырылатын сүрақтар

Жауабы

1

Географиялық орны (материктің қандай бөлігі, көршілес елдер);

Астанасы және мемлекеттік қүрылымы;

Елдің даму деңгейі

 

2

Елдің халқы (нәсілі, тілі, ел аумағы бойынша та­ралуы)

 

3

Табиғат ерекшеліктері:

а)  жер бедері;

ә) пайдалы қазбалары;

б) климаты;

в)  өзендері, көлдері;

г)  табиғат кешендері;

ғ) ңорғауға алынған аумақтар

 

4

Адамның шаруашылық өрекеті: а) шаруашылық өрекет түрлері; ә) ірі ңалалары

 

5

Экологиялық проблемалары

 

бөлім ЖЕР - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ