§2. Материктер мен мүхиттардың зерттелу кезендері
География ғылымы адамзаттың тарихы мен мәдениетінің да- муымен, түрмыс-тіршілігімен және қоршаған мекен ортасын танып білуімен тығыз байланысты. Адамзаттың географиялық түеініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жазудың пай- да болуы географияның гылым ретінде қалыптасуына зор ықпал етті. Жер табиғаты, халықтары және олардың түрмыс-тіршілігі жайлы де- ректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды. Сондықтан географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Ежелгі дәуірлерде байыргы ғылым мен мәдениеттің ошақтары - Месопатамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның гылыми
негізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. Мүнда түңғыш рет табиғат жагдайлары- ның алуантүрлілігі географиялық ендікке байланысты түсіндіріледі. Сонымен қатар Геродот сол кезеңде гректерге мәлім болган аймақтар және Каспий теңізі мен оның маңын мекендейтін сақтар жөнінде де нақты мәліметтер қалдырган (6-суретті қараңдар). Ежелгі грек галымы
Аристотель Жер - шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері да- мытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің түтылу себептерін дәлелдеп берді.
Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, түңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған. Ғалым сол кезде гректерге белгілі адамдар қоныстанған жерлерді «ойкумен» деп атап, ойкумендердің картасын қүрастырған. Эратосфен «Географика» деп аталатын еңбегінде өзіне дейін Жер ту- ралы белгілі болған мәліметтерді жинақтап, алғаш рет «география» үғымын ғылымға енгізген. Сондықтан грек галымы Эратосфенді «География ғылымының атасы» деп атайды.
Римдік галым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде тү- сініп, Жерді географиялық жагынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазган. Ғалым Каспий теңізін Жерді айнала қоршаған төрт бүғаздың бірі деп түсініп, өз еңбектерінде оған сипаттама берген. Страбон географиядағы елтану бағытына негіз салған.
Орта гасырдагы географиялық ашуларды бастаған арабтар Үнді мүхиты арқылы Африка жағалауынан Зонд аралдарына дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат жасады, математикалық географияның дамуына зор үлес қосты. Ал ІХ-ХІ ғасырлар аралы- ғында Еуропаның солтүстігін мекендеген нормандар (викингтер) алды- мен Исландия аралын ашып, оған қоныстанып, кейіннен Гренландия мен Солтүстік Америка жағалауларына дейін жеткен. Жер туралы мәліметтер XIII ғасырда венециялық көпес Марко Полоның Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Ңытай жерлері туралы жаңалықтармен толықтырылды. Еуропалық саяхат - шылар Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук XIII ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып, қүнды гео- графиялық деректер жинақтаған. Сондай-ақ XV ғасырдың екінші жар- тысында тверлік көпес Афанасий Никитин Парсыжерін басып өтіп,
Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.
Үлы географиялық ашулар кезеңі ХУ-ХУІІІ ғасырлар аралығын- дағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихын- да болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады (8-суретті қа- раңдар). Географиялық ашулардың барлығы феодализмнің ыдырау кезеңінде жаңа жерлерді басып алып, өте қуатты капиталистік мемле- кеттердің қалыптасуымен тығыз байланыстыболды. Саяхатшылар мен ғалымдардың географиялық зерттеулер кезіндегі жазулары, күнде- ліктері кейінгі ғасырлардагы зерттеулерге айтарлықтай ықпал етті.
1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспеди- циясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп атаған аймаққа кейіннен тағы үш рет саяхат жасады;
1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) портына келіп тоқтады, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды;
Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи үш рет саяхат жасады. А. Ве- спуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екендігін дәлелдеді. Кейіннен 1507 жылы Мартин Вальдземюл- лер Веспуччидің екі хатының негізінде «Космографияға кіріспе» деп аталатын еңбегін жариялады. Осы еңбегінде жаңа ашылған жерлердіЕуропа, Азия, Африкадан кейінгі төртінші дүние бөлігі ретінде Америго Веспуччидің құрметіне Америка деп атауды ұсынды. Ал 1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.
XIX гасырдагы басты географиялыц жаңалықтар материктер ішіндегі «ақтаңдақтарды» жоюмен, яғни бүрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты болды. П.П. Семенов-Тян-Шанский мен Н. М. Пржевальский экспедициялары Орталық Азия мен Тибет- тің тылсым табиғатын зерттеді. Орталық Азияны зерттеушілер қатарында қазақтың үлы ғалымы Ш. Уәлиханов та бар. А. Гумбольдт Оңтүстік Америка мен Азияның, Д.Ливингстон мен Р. Стенли Африка табиғатының көптеген қүпияларын ашты. Орыс саяхат- шысы Н.Н. Миклухо-Маклай 1870-1887 жылдары Тынық мүхит аралдары мен Жаңа Гвинея, Аустралия жағалауларында зерт- теулер жүргізді. Өзі бес рет болған Жаңа Гвинеяның табиғаты мен ондағы жергілікті халық - папуастардың түрмыс-тіршілігі жөнінде жинақтаған ғалымның мол ғылыми деректерінің маңызы әлі де зор.
XX гасырдагы ірі географиялық жаңалъщтар Антарктика мате- ригінің табиғатымен, оның мүз жамылғысы және мүз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды. Әсіресе дәйекті зерттеулер 1957-1958 жылдар аралығындағы Халықаралық Геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Ол жүмыстардың нәтижесінде Ан- тарктиканы толық сипаттайтын екі томдық атлас даярланды.
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген үғым тумау ке- рек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэрокескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланы- лады. Қазіргі заманғы географияғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мүхит табиғатын жаңа қүралдар мен әдіетер көмегімен танып білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. География ғылымының дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдар жайлы өңгімелеңдер.
2. Географиялық зерттеулер қандай кезеңдерге бөлінеді?
3. Жаңа жерлерқандай мақсатпен ашылды жөне кімдер ашты?
4. География ғылымы үшін аса маңызды ашуларды атаңдар.
5. Қазіргі географиялық зерттеулердің бағыты қандай?
1-сарамандық жүмыс
Тақырыбы: Атлас карталарына сипаттама беру
Сабацтыц мацсаты: а) карта және олардың түрлері туралы білім негізін одан әрі дамыту;
ә) географиялық карталарды пайдалану барысындағы практикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіру;
б) карта бойынша табиғат жағдайларының болашақтағы өзгерісте- рін оқи және болжай білуге үйрету.
Қажетті ццралдар: Атластың физикалық, тақырыптық және кешенді карталары; презентациялар; сызбалар.
Жцмыс барысы:
1. 7-сынып атласы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, берілген картаға (немесе бірнеше картаға) жоспар бойынша талдау жасау:
№ | Жоспар | Карта | Карта |
1 | Картаның аты |
|
|
2 | Аумақты қамтуы бойынша |
|
|
3 | Масштабы бойынша |
|
|
4 | Мазмүны бойынша |
|
|
5 | Картадан нені білуге болады (5 нысан- нан кем емес) |
|
|
1. Бүл жүмысты таңдау бойынша, «Литосфералық тақталардың қозғалу бағыттарын анықтау» атты тақырыпта, төмендегі вариантта көрсетілген тапсырмалар түрінде де орындауға болады:
а) атлас пен оқулықтағы «Жер қыртысының қүрылысы» және «Литосфералық тақталардың қозғалу бағыттары» карталарын тауып, оның негізгі мазмүнымен танысу;
ә) кескін картаға ірі литосфералық тақталарды белгілеп, олардың қозғалу бағыты мен қозғалыс жылдамдығын көрсетіңдер. Ежелгі плат- формалар мен қазіргі тау жасалу аймақтарын белгілеңдер;
б) платформаларға, қалқандарға, қатпарлы аймақтарға, жарықтарға қандай жер бедері сәйкес келетінін анықтап, қажетті мәліметтерді кес- теге толтырыңдар:
Геологиялық қүрылым | Жер бедерінің пішіндері | Мысалдар |
Платформа |
|
|
Қалқан |
|
|
Қатпарлы аймақтар |
|
|
Қорытынды.