БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАЛАРҒА ДАЯРЛАУ
Бүгінгі таңда ілім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берілген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес,шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Оқу тәрбие үрдісіндегі негізгі мақсат дарынды балаларды тәрбиелей отырып нәтижеге жету. Бастауыш сыныптарда дарынды оқушылардың жетістігі пән олимпиадалары, түрлі сайыстар, интеллектуалдық ойындарда көрініс табады. Осы сайыстарда нәтижеге жету үшін мұғалім бірнеше алғышарттарды ұстануы тиіс:
а) Математика пәніне ерекше бейімді дарынды оқушыларды іріктеу.
Американдық маман Джон Рензуллидің
пайымдауы бойынша дарындылық 3 түрге бөлінеді:
2. Мотивация
( қызығу себептерімен байланысты).
3. Жұмбақ
құбылысты шешуге тырысу
.
Ал
дарындылықтың белгілері: :
Ойын тез
және ерекше жеткізе алуы.
Ойлау
қиялының жоғарылығы.
Классификация
жасай алуы.
Есіне
сақтағыштығы
.
Белгілі бір
пәнге деген ерекше құштарлығы.
ә)
Дарынды оқушыларды дамытуда қолайлы жағдай туғызу. Бұл ретте оқушылармен
жұмыс жүйелі түрде болуы шарт. Дарынды оқушылармен жұмысты мұғалім әр сабақ
жоспарын құрған кезде есепке алып отыруы тиіс. Оқулықтағы шығармашылық
бағыттағы тапсырмаларды әр сабақта орындау болашақта нәтижесін береді.
б)
Дарынды оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу. Бұл орайда пәндік үйірмелердің
алатын орны ерекше. Математика пәні бойынша жүргізілетін үйірме сабақтары дұрыс
жоспарланып, белгілі мақсатты көздеуі тиіс.
Бұндағы негізгі мақсат:
Ø
Оқушыларды қалыптан тыс логикалық тұрғыда ойлауға үйрету.
Ø Ақыл
ой белсенділігін арттыру.
Ø Өз
бетімен ізденушілік бағытта жұмыс істей білуге баулу.
Ø
Шығармашылық қабілетін, қиялын, есте сақтауын дамыту.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.