"Дақылдар әні." Ә. Табылды
24.02.2016
3407
685
Нурмуханбетова Айжан Аскербаевна
Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні. Ә. Табылды.
Сабақтың мақсаты: өлеңді түсініп оқу арқылы идеялық маңызын ашуға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Өлеңді талдап, күнделікті өмірмен байланыстыра оқушының таным көкжиегін кеңейту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Мәселелерді өз бетімен шешу жолына бағыттау. Іскерлік пен шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай туғызу.
Тұлғалық нәтиже. Үнемшілдікке (уақытты, заттарды), бағалай білуге (уақытты, өзін, еңбекті), сыни көзқарасын дамытуға белсендіру.
Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, плакат, маркер, интерактивті тақта, т.б.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Оқушылар бес топқа бөлінеді:
1-топ. Дақылдардың бірін суреттеу.
2-топ. Бидай мен күрішті салыстыру.
3-топ. Елімізде дақылдардың өсетін жерлерін болжап анықтау.
4-топ. Дақылдардың ағзаға пайдасын анықтау.
5-топ. Бір дақыл түрінен тамақ дайындаудың мәзірін жазып түсіндіру.
Оқушылардың тапсырманы орындауын тыңдап, бағалау.
Қажетті сұрақтар қойылып, көптеген деректер мен пікірлер толықтырылып, талданады. Жұмыс барысында оқушыларға Қазақстан картасы ұсынылады.
Келесі жұмысқа кірісу үшін әр дақыл аттарын (5) тізбектей атап, қайта топтасу. Сыныпта қозғалыс болады.
Сергіту сәті үшін:
- «Теңселеді теңіздей егін», - дегенде Бидайлар орындарынан:
- Иә, біз Бидаймыз! - деп теңселе түрегеледі, отырады.
- Аппақ-аппақ Арпалар, қайдасыңдар? - дегенде олар да:
- Иә, Арпамыз, аппақпыз. Біз қырманда қап-қаппыз, - деп теңселе түрегеледі. Отырады.
- «Тарылар-ау, тарылар, тауықтарға барыңдар!» - дегенде Тарылар орындарынан тұрады да:
- Тары жеген тоқ, дәрумені көп, - деп орындарына отырады.
- Сұлы, сұлы, сұлылар. Сұлы жеген тұлпарлар, - дегенде Сұлылар орындарынан тұрып теңселеді.
- Күріш деген дәмді, Күріш жеген әлді. Күріш пісті,
Табаққа түсті, - дегенде Күріштер орындарынан тұрып теңселеді.
Бұл өлең сөздерінің орнын ауыстырып беріп, құрастырып жіберуді сұрап, қызығушылығын арттыру жұмысы үшін де пайдалануға болады.
ІІ. Мағынаны тану.
Өлең авторымен, тақырыбымен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Өлеңдегі дақылдардың сөздеріне мән беріп, іштей оқуды тапсыру.
Әр топқа мұғалім бірнеше сұрақ қояды.
Мысалы:
- Бидайлар, «бидайдың қауызы» деген не?
- Арпа өскен жерде Бидай да өсуі мүмкін бе?
- Тарыны қандай күйде жеуге болады?
- Сұлылар диқанға не үшін алғыс айтып түр?
- Күріш өсірудің басқа дақылдардан қандай айырмашылығы бар?
Жұмысқа қорытынды жасау.
III. Ойтолғаныс.
Ақындар тобы «Кубизм» стратегиясы бойынша дақылдарға арнап «бес жолды өлең» құрастыру.
Суретшілер тобы жарнамалық сурет немесе eric даласын салу.
Диқандар тобы дақылдар мерекесін ойлап табу:
а) Мерекеге ат қою.
ә) Мерекенің өтілетін орнын сипаттау.
б) Қалай өткізілетінін жоспарлау, бағдарламасын жазу.
Фермер-агроном тобы өнімді қайда, қалай өткізіп, пайда
табудың жоспарын ұсыну.
Ғалым-диетологтар тобы дәнді даңылдардың ағзаға пайдасы туралы ғылыми түсінікті ереже ретінде беру. Ағзаға ауыр тағамдармен салыстыру.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдап, қорытынды жасау.
Сабақтың бірінші тапсырмасы кезіндегі тақтада ілінген плакат немесе интерактивті тақтадағы оқушылардың жұмыстарына қайта оралып, тақырып бойынша қорытынды жасау.
- Бүгінгі сабақта өздерің үшін пайдалы болған не?
- Бұрын білмеген, байқамаған, жаңалық болған не? Сұрақтарға жауап ойланып, ой елегінен өткізу арқылы
және өмірмен байланыстыра алынады. Бұл сұрақтар Блум таксономиясының «Бағалау» деңгейі мақсатын көздеген сұрақтар екенін ескерткіміз келеді.
Сабақтағы тапсырмалардың барлығын осы деңгейлерге салып қарап, өзіңіз үшін қорытынды шығаратыныңызға сенеміз. Сабақтың бөлімдерін тұтас пайдалану міндетті емес екенін ескере отырып, өз сыныбыңыздағы оқушының қабілет-қарымын да ойлay керек.
Үйге тапсырма беру кезінде өлеңді оқумен қоса, дәнді дақылдардың өздері тұрған жердегі өсіп-өнуі туралы деректерді сұрастыру тапсырылады.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.