Математика "Туындының экономикада қолданылуы"
САБАҚТЫҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі:
Бинарлы сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математиканың қолданбалығын айқындай түсу,
Шектік табыс, шектік ұғымды, өзгеру қарқынын табуды, икемділікті туынды арқылы
анықтау, ол білімдерді қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Белсенді ойлау әрекетін ұйымдастыру, есеппен
жұмыс істеуге шығармашылық элементтерін еңгізу жолымен фактілерге және соған
сәйкес материалдарға назар аударту. Талдау жасай білуге, тілдік ортаны
қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікті, кез келген жұмысты орындауға
дайын болуына, өзінің еңбегінің нәтижесінде ұжым алдында жауапкершілігін өсіру.
Оқушылардың жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, жақсы нәтижелер алуына ықпал ету, математикалық
және экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, яғни алған білімдерін болашақ
мамандықтары бойынша қолдана білуді қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: математика, экономикалық теория негіздері
Материалдық техникалық құралдар::
1. Проэктор.
2. Үлестірмелі карточкалар.
3. Ақпарат плакаты.
4. Презентация
Негізгі ұғымдар: Шектік шығын және шектік табыс, икемділік, шығынның өзгеру
қарқыны
Әдебиеттер: Экономикалық теория оқулық
Олимпиадные задачи 2007-2008
Қазешев А.Қ., Нұрпейісов С.А. Экономикалық мамандықтарға арналған жоғары
математика
Тұнғатаров Ә.Б. Экономикалық мамандықтарға арналған жоғары математика курсы
Высшая математика для экономистов под ред Кремера
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен
мақсатымен таныстыру. Фирмалардың өздерін таныстыруы. NurAnCell және KoksheCom компаниялары
2. Тірек білімдерін тексеру. Жарнама
Кестені қайталау- домино ойыны арқылы, Жарнама
жасау (фирма логотипі бойынша туындылар тақырыбына сызба жасау)
3. Жаңа материалды баяндау: Бизнес - жоспар
Актуализация: Функция өсімшесі
Өндірістің
шекті шығыны, мысал 1
Шығынның
өзгеру қарқыны
Өндірістің
шекті табысы, мысал 2
Икемділік
ұғымы, мысал 3
4. Жаңа материалды бекіту.
Несие алу Есептер
шығару (үлестірмелі материалдар №1-№4)
5. Білік-дағдыларды қалыптастыру.
Бәсекелестік нарық (жарыс,
қайсысы көп есеп шығарады.№1-№8)
6. Үй тапсырмасы.
№ 303, №306 Қазешев А.Қ., Нұрпейісов С.А. Экономикалық
мамандықтарға арналған жоғары математика
№ 7.55, 7.56. Высшая математика для экономистов под ред
Кремера
7. Сабақ қорытындысын шығару. Капитал
Рефлексия (сабақта не негізгі болды,
сабақтың қызық жері, не білдік, не үйрендік?)
Өзін-өзі бағалау
Аудиторлар қорытындысы
«5»- , «4»- , «3»- ,
«2» -
Бәсекелестіктен – серіктестікке
Өзара бәсекелес фирмаларға қарсыласын
бағалау ұсынылады
Оқытушы: Дюсембинова
Фарида Қарамырзақызы
Туындының экономикада қолданылуы
Фирмалардың бәсеке жағдайындағы ұтымды
жүріс-тұрысын қарастырайық.
Фирмалардың мақсаты – баға мен шығындар арасындағы
айырмашылықты максимизацилау екенін ұмытпайық. Жетілген бәсеке нарығында
ешқандай фирма өнім нарығына әсер ете алмайды. Кәсіпкер максималды пайда табу
үшін не істей алады - ол тек өнім көлемін өзгерте алады. Онда мынадай сұрақ
туады: максималды пайда табу үшін фирма қандай өнім санын өндіру керек? Бұл
сұраққа жауап беру үшін нарықтық бағасын фирманың шектік шығындарымен салыстыру
қажет.
Егер фирма өз өніміне бір, екі, үш т.с.с. бірлікке
көбейтсе, әрбір келесі бірлік жалпы табысқа да, жалпы шығынға да бір нәрсе
қосып отырады. Бұл нәрсе – шекті табыс-MR(marginal revenue) және шекті шығын-MC
(marginal cost). Жалпы пайданың максимумына P=MC
болғанда жетеді, P>MC - өндірісті кеңейту керек, P<MC - өндірісті қысқарту
керек.
Ал
енді осы шекті табыс пен шекті шығындарды туындының көмегімен анықтап көрейік.
Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы: Туындының экономикада қолданылуы
Сабақта қарастырылатын
тақырыптар:
Жоспар:
- Өндірістің
шектік шығыны (шығын дегеніміз не?)
- Өндірістің
шектік табысы (табыс дегеніміз не?)
- Икемділік
ұғымы (икемділік дегеніміз не?)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.