Жарықтың қысымы
25.04.2016
3801
834
Мукушова Гульмира Кусайыновна
Фотон импульсінің бар болуы жарық қысымы арқылы дәлелденді.
«Күн сәулесінің әрекетінен кометалардың құйрықтарының ауытқуын бақылау негізінде жарықтың қысымы болуы мүмкін» деген болжамды Кеплер айтқан болатын. Бұл құбылыстың ғылыми түсініктемесін Максвелл берді. Электромагниттік теория негізінде 1873 жылы ол жарық толқыны дене бетіне қысым түсіретінін есептеп көрсетті. Сонымен бірге Максвелл жарық қысымының электр және магнит өрістерінің кернеуліктерінің тербелістерінен туындайтын теориялық жолмен дәлелденді. Алайда бұл қысым аз болғандықтан, оны көпке дейін анықтаудың сәті түспеді. Жарық қысымы бойынша Максвеллдің теориялық есептеулері сенімсіздік туғызады.
Орыс физигі П.Н.Лебедев 1900 жылы жарықтың қатты денелерге және 1907 - 1910 жылдары газдарға түсіретін қысымын өлшеді. Лебедевтің аспабы өте күрделі әрі сезімтал болатын. Шыны жіпке жеңіл шыбық ілінген, оған жұқа металл фольгасынан жасалған пластинкалар бекітілген. Бір пластинка жарықты жұтатын күйе қабатымен қапталған, ал екіншісінің беті жарықты шағылдыратындай жылтыр. Радиометрлік эффектіні болдырмас үшін Лебедев аспапты ауасы сорылған, жоғары вакуумді шыны ыдысқа орналастырды.
Қуатты жарық шоғын пластинкалардың біріне бағыттағанда, жарық қысымының әсерінен пластинкалар жіпті біршама бұрышқа бұра отырып, айналады. Жіптің бұрылу бұрышы көру түтігі және жіпке бекітілген айна көмегімен өлшенеді. Жарық сәулесінің ауытқуы арқылы анықталған шыбықтың бұрылу бұрышы бойынша жарықтың пластинкаға түсірген қысымы есептелінеді.
П.Н.Лебедев жарық шоғын кезек-кезек жылтыр және қарайтылған пластинкаға бағыттады. Жылтыр пластинаға түсірілген жарық қысымы, теорияда дәлелденгендей, қарайтылған пластинкаға қарағанда екі есе үлкен болды.
П.Н.Лебедев тәжірибесі Максвеллдің электромагниттік теориясын тамаша дәлелдеді. Жарық қысымы жарықтың электромагниттік теориясымен түсіндіріледі, алайда жарықтың кванттық теориясы да жарық қысымына дәлелді түсінік береді.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.