Одағай ашық сабақ
26.11.2016
5809
805
Шакирова Алмагуль Тулеуовна
Сабақтың тақырыбы: Одағай
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: одағай сөздердің түрлерін, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын, жасалу жолдарын, ерекшеліктерін білу .
2. Дамытушылық: одағай туралы білім негізін қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту, шығармашылыққа баулу.
3. Тәрбиелік: одағай сөздердің түрлерін ажырата отырып оқушыларды адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап,талдау,салыстыру,дәлелдеу,диалог.
Сабақтың түрі: топтық, жұптық жұмыс, мәтінмен, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастрыру кезеңі 1 минут)
1. Амандасу.
2. Топқа бөлу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1. "Қазақ" газетінің бас редакторы кім?
2. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылады?
3. Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?
4. Сенің сүйікті газетің қандай?
Топ ережесі:
Сабақта бір-бірімізді тыңдау;
Ойын ашық айта білу;
Ұйымшылдық;
Жаңалыққа құштар болу;
Бір-бірін сыйлау;
Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;
Біреудің сөзін қайталамау;
Уақытты үнемдеу.
ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы
Балалар, междометие сөзінің аудармасы қандай?
Оқушыларды 2 топқа бөлемін. Әр топта 4-5-оқушыдан болады. Дәптерге ай, күнді,тақырыпты жаздыртамын.
ІV. Жаңа сабақ: Мұғалім сөзі: (3 минут)
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Одағай. Жаңа сабақты постермен қорғап шығады.
І айналым
Сөйлемдегі айтылған ойдың түрлі көңіл күйі сезімін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейміз. Мысалы: Алақай, көктем келді! Пәлі, сен бізді ұқпаған екенсің!
Одағай мағынасына қарай:
1. Көңіл-күй одағайы: алақай!; аһа!; аһ,о!, ой!; қап, әттең, әттеген-ай, паһ-паһ, уһ, түу, бәрекелді, ойпырмай, пай-пай, па, тәйірі, тәйт әрі.
2. Жекіру одағайы: тәйт, тек, жә, кәне, жә, жетер,тсс.
3. Шақыру одағайы: құру-құру, шөре-шөре, моһ-моһ, көс-көс, әукім-әукім.
4. Тұрмыстық өмірде қолданылатын одағайлар: сәлем, рахмет, кеш жарық, қош, қайырлы таң.
Одағайдың тыныс белгілері
1. Одағай сөз көңіл күйін білдіріп, көтеріңкі дауыспен айтылса, сөйлем соңында леп белгісі қойылады.
2. Сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады: Түу, мына баланың пәлесін-ай!
3. Сөйлем ортасында тұрса, үтір екі жағынан да қойылады: Ардақтың, әттең, осы қылығы жақпайды.
4. Одағай сөйлем соңынан келгенде, алдынан үтір қойылады: Үнемі осылай болса ғой, шіркін!
ІІ айналым. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсін. Одағайлардың астын сызып, олардың қандай түрге жататынын ажыратыңдар.
Әже
Бала кезімде екеуміз жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ айтып отыратынбыз. Мен бәрін әжемнің өзіне үйреніп алып, өзіне айтатынмын. Әжем таба алмаған болып ұзақ ойланады. "Иір қобыз, жарық жұлдыз" деймін. Әжем әрнені бір айтып, жауабын бере алмайды. Мен: "Соны да білмейсің бе?" деймін. Әжем мәз болады. Содан соң:
-Үйір-үйір жылқың болса, қалай шақырар едің?-дейді маған.
-"Құрау-құрау!" деп шақырамын,-деймін.
-Отар-отар қойың мен ешкің болса ше?
-"Құрай-құрай!". Саулықтарды ұстап қосақтарға "қосақ-қосақ" дейміз. Ал ешкіге "шөре-шөре" дейміз.
Әжем жымиды. Өйткені бұл да-өз сөзі. Сөйтеді де, сөзімді өзі түзейді.
-Қойды "құриялап" қайырады, "пұшайт-пұшайт" деп шақырады. Мақұл, табын-табын сиырың болады дейік?
-"Аухау-аухау"деп!
-Ал келе-келе түйең болса ше?
-Келе-келе, көс-көс!
Әңгіме үстінде байқаймын, әжем менің төрт түлігі түгел,бай болғанымды ұнатады.
ІІІ айналым
Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды жазыңдар.
а) ......., тісім ауырып тұр, қабылдай ма?
ә) .......! Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
б) ........ Сонда қалай болы?
в) .......! Жарайсың, тура тигіздің ғой.
г) ........ Достар түгел жиналыпты.
д) ......., ішім ауырып тұр!
Керекті сөздер: Жә, қап, алақай, ой, бәрекелді, паһ-паһ.
ІVайналым. Семантикалық картамен жұмыс
№ Мысалдар Көңіл-күй одағайы
А Жекіру одағайы
Ә Шақыру одағайы
Б Тұрмыстық өмірдегі одағайлар
В
1. алақай +
2. құру-құру +
3. рахмет +
4. пай-пай +
5. жетер +
6. шөре-шөре +
7. кеш жарық +
8. кәне +
9. түу +
10. моһ-моһ +
11. сәлем +
12. тәйт +
13. ойпырмай +
V айналым
І топ. Одағай бар сөйлемдерді оқиды.
ІІ топ. Одағайларды орыс тіліне аударады.
Әттеген-ай, концертке үлгермедім. Қош! Мен келесі аптада қайтып келемін. Алақай, көктем келді! О, қандай әдемі қыз! Жә, жетер! Тыныш отыр! Кеш жарық, Айнұр! Тсс! Көлдегі үйректер ұшып кетпесін! Қалдарың қалай? Жаман емес.
VІайналым . Шығармашылық жұмыс. Екі топқа сурет беріледі, одағайларды қатыстырып сурет бойынша әңгіме құрастырады.
VІІ. Қорытынды: (интерактивті тақтаға жазылған сұрақтарға жауап беру)
(7 минут)
1. Одағай дегеніміз не?
2. Одағай мағынасына қарай қалай бөлінеді?
3. Одағайдың қандай тыныс белгілері бар?
4. Жекіру одағайларды атаңдар.
VІІІ. Үйге тапсырма:
1. Ережені жаттау
2. Ақындардың өлеңдерінен одағай қатысқан өлеңдерді теру.
ІХ. Рефлексия парағы:
Блоб ағашы
Х. Бағалау: Сыныпта белсенділік танытып, тапсырманы орындау ерекшелігіне өарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.