Қазақ тілі "Шылау" 4 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Шылаулардың толық мағынасы жоқ,
бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе қосымша мағына
үстеп тұратын көмекші сөздер екенін түсіндіру.
2. Жаттығулардың ауызша, жазбаша орындату арқылы шылауларды
шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастырды.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға
тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау, түсіндіру, жаттығу,
әңгімелеу, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың тақырыбын айтып,
мақсатымен таныстыру
ІІ Үй жұмысын тексеру
-
Өткен сабақтарда
біз қандай тақырыптар өттік?
-
Үстеу және оның
түрлерін
-
Сонымен үстеуі
дегеніміз не? Ол нені білдіреді?
-
Іс-әрекеттің
мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөздерді үстеу дейміз.
-
Үстеу қандай
сұрақтарға жауап береді?
-
Қашан? Қалай?
Қайдаң ?
-
Үстеудің қандай
түрлерін білесіңдер?
-
Мекен, мезгіл,
сын-қимыл
ІІІ Негізгі бөлім
А) Психологиялық дайындық
Тақтаға төмендегідей сөйлемдер ілінеді. Кестеде берілген
сөйлемдер оқылып, төмендегідей тапсырмалар орындалады.
Мысалдар |
Мағынасы жоқ
сөздер |
1.Марат та, Асқар да, Гүлсім
де циркке барды. 2.Атырау облысынан адамзат тарихы үшін бағалы екінші алтын
адам табылды. 3.Асан мен Үсен жұртта қалып қойды. |
Та, да, үшін, мен |
2. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдату. Мысалы:
кім? – Марат, Асқар
3. Сөйлем мүшелеріне талдату. Мысалы: Марат, Асқар,
Гүлсім - бастауыш
Ә) Оқулықпен жұмыс
Де, үшін, дейін, ғой, ғана, туралы
5 жаттығу: Сөйлемдерді оқып тек шылаулары бар сөйлемдерді
көшіріп жаз
Балам, шамасы жеңіске жетерсің-ау. Мұқағали Мақатаевтің
көптеген шығармаларымен таныстым. Аңшының қолындағы дүрбіге енді мен жабыстым.
В) Дидактикалық ойын. «Ойланайық, балақай». Шарты: тақтаға төмендегі үлгідегідей сөйлемдер
жазылған плакат ілінеді немесе тақтаға сөйлемдер жазылады. Көп нүктенің орнына
тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады немесе сызба бойынша
шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазады.
І нұсқа
1.
Назгүл...,
Назым...мектепте оқиды. Мектеп алдынан бір топ мұғалімдер...оқушылар ағаш
отырғызып жатыр. Сыныпта Ілияс ... жүзе алады.
Сен «Алпамыс» жырын оқыдың...?
( де,да, мен, та, ба)
ІІ нұсқа
1. және
2. та,
да, де
ІV Қорытынды бөлім
Сабақты бекіту
Шылауларды берік есте сақтап қалу үшін, оқушыларға мынадай берік дағдылар
берілуі қажет;
-мәтіннен шылауларды табу;
-шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрастыру
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.
- Шылау дегеніміз не?
-Шылаулардың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?
Сабақты бағалау
Үй тапсырмасын беру
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.