Қазақ тілі "Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану" 11 сынып
01.03.2015
3649
901
Байтемирова Мария Нурсолтановна
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – мәдени, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау, ҰБТ-ге дайындық жүргізу
2. Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, мәдени өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Өз беттерімен жұмыс жасауға баулу
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұймдастыру кезеңі
2. Оқушылардың қызығушылығын ояту / тыңдалым /
«Әлемдегі ең үлкен театр» -компьютер арқылы фотосын тамашалау
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау
/ Бұл модульде біз Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану, көне түркі ескерткіштері, әнші бақыты туралы әңгімелейміз/
4. Жаңа сөздермен танысу, жұмыс істеу /сөз тіркес, жай сөйлем құрастырту /
• Ғаламдану – глобализация
• Мұра – наследие
• Жетістігі – достояние
• Лайықты орын – достойное место
• Әлемдік құбылыс – явление мирового значения
• Қалыс қалмайды – не отстает
• Үдеріс – процесс
5. Мәтінмен жұмыс / оқылым/
Берілген мәтінді оқу, аудару, сұраулы сөйлем құрастыру
6. Бекіту - 1.2. тапсырма, 85 – бет / жазылым, тілдесім /
Осы мұралар ненің жетістігі?
Тәуелсіз Қазақстанда нені сақтауда көп істер атқарылуда?
ЮНЕСКО арқылы дүниежүзі кімдерді қайта таныды?
Еуропаның, Американың атақты сахналарында Қазақстан өнері мен ғылымы қандай орын алды?
7. Жаттығу жұмыстары: сөз құрамына талдау
Қазақстанда, сахналарынан, мәдениетінің, мұраларды
/ жеке дара жұмыс Грохотов И., Галабурдин Д. – сөздерді буынға бөлу, буын түрлерін ажырату/
8. ҰБТ- ға дайындық / тест, ереже /
9. Қорытынды. Бағалау,
Әлемдегі ең үлкен театр
Әлемдегі ең үлкен театр аспан асты елінің астанасы Бейжің қаласында орналасқан. Қытай халық үлкен театры 2007 жылы салынып, дәл сол жылдың аяғында өз шымылдығын ашқан болатын.
Театр 6500 орынды. Ғимарат ұзындығы 212 метр, ені 143 метр, биіктігі 46 метр. Аумағы 100 000 шаршы шақырымға жететін нысанды 22 000 металл қоршаған. Пайдаланатын аумақ 150 000 шаршы шақырым.
Күмбезі титан мен әйнектерден жасалған театр таяз тоған ортасында орналасқан. Жоба авторы сәулетші Поль Андренің айтуы бойынша, тікбұрышты тоған мен оның ортасындағы сопақ ғимарат «Жер мен Көк» деп аталатын көне қытай космологикалық белгіні сипаттайды. Алайда, бұл жоба көпшілік тарапынан бірталай сынға ұшырады. Қытай сәулетшілерінің пікірінше, Тяньаньмэнь алаңы мен Жабық қала жанында орналасқан ғимарат өзінің заманауи келбетімен тарихи ауданның сәнін бұзады. Театр бюджеті 400 млн АҚШ долларын құраған. Қытай халқы жаңа ғимараттың пішінін үйрек жұмыртқасымен салыстырды.
Алғашқы маусым ашылған сәттен бастап-ақ, көпшілік қауым театрдың «мәдени міндетін» түсінген жоқ.
Ғимараттың үлкен вестибюлінде театрдың үш залы тоғысады: 2416 орынды опера залы, 2017 орынды концерт залы, 1040 орынды қойылым залы. Алып күмбездің ішкі жағы Бразилияда өсетін қызыл ағашпен қапталған. Ғимарат едені ақ, сары, сұрғылт мәрмәр тастармен төселген. Ең кіші зал саналатын қойылым залының ішкі жағы сарғыш, қызыл, қызғылт түсті жібек матамен қапталған.
Театр ішінде көрме залдары, аудио және видео дүкендері жұмыс істейді. Ғимарат астында 1000 орынды автокөлік тұрағы мен 1400 орынды велосипед тұрағы бар.
Әлемдегі ең кішкентай театр
Сіздер әлемдегі ең үлкен театрдың Бейжің қаласында орналасқанынан хабардарсыздар. Ал әлемдегі ең кішкентай театр туралы естігендеріңіз бар ма? Иә, ондай да театр бар екен. Нағыз өнерсүйер адам үшін оның өнер көрсететін орнының көлемі маңызды рөл атқармайды. Австрияның Филах қаласында орналасқан әлемнің ең кішкентай театры осы сөзіміздің айғағы болса керек. Бұл театр Гиннестің рекордтар кітабына да еніп үлгерген. 8 ғана көрермен сыятын кішкентай театр «Кремль сарайы» деп аталады. Сахнасының көлемі 1,3х 1,3 метр ғана.
«Жыл сайын сахнада өзіміздің және өзге де театрлардың спектакльдерін, түрлі пьесалар мен балеттерді қоямыз. Сонымен қатар, музыкалық қойылымдар мен балаларға арналған көрсетілімдер, әдеби оқулар да сахнадан түспейді», - дейді театр директоры Феликс Штрассер. Театр 2009 жылы ашылған. Ең кішкентай театрдың шымылдығын түрген алғашқы қойылымы – Константин Паустовскийдің «Қар» шығармасының негізінде жазылған пьеса болатын. Одан кейін театр Александр Солженицынның шығармаларын сахналап жүрді. Театр көбіне қойылымдарды славян, неміс тілдерінде қояды. Бұл ең кішкентай театрдың өзіне тән ерекшелігі болса керек.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.