Қазақ тілі "А.Сейдімбеков өмірі туралы жалпы түсінік. «Әйел-ана»ертегісі." 5 сынып
02.02.2015
6055
810
Муканбеталина Жанар Даировна
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды А.Сейдімбековтың өмірі туралы түсінік беру, Ертегінің мазмұнын игерту, идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ақылдылыққа,бірлікке, еңбексүйгіштікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: А.Сейдімбековтың өмірі,шығармалары туралы мәлімет беру, портреті, мәтін туралы суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Топ бойынша жұмыстарын тексеру.
Ітоп:Толағайға мінездеме.
ІІтоп:Венн диаграммасын құру.Керқұла атты Кендебаймен салыстыру.
ІІІтоп:Ой толғау. «Мен Толағай болсам...»
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Оқушыларды 2-рет топқа бөлу.Ана туралы мақалға байланысты.
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Адам баласын ,яғни бізді,дүниеге әкеліп,мәпелеп,бағып-қағып,қиналсақ қолдайтын,қуансақ мейіріммен қарап,маңдайымыздан сипап демей түсетін ,түн ұйқысын төрт бөліп тал бесікті таянатын ,аялы алақанымен мәпелейтін кім?
АНА.
Міне,оқушылар біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз А.Сейдімбековтың«Әйел-ана»ертегісі.
Оқушыларға сұрақ:
1.Ақселеу кім?
2.Қандай шығармалары бар?
Ақселеу туралы мағлұмат беру.
Этнограф-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақселеу Сейдімбек 67 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Сейдімбек Ақселеу Сланұлы 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. 1963-1968 жылдары ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.
1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының президенті болып тағайындалды. 1999 жылы ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етті.
Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.
• 1 6 қ ыр күй ек 200 9
І.Жигсо әдісі бойынша мәтін мазмұнын 3топқа бөліп беру.
ІІ.Сөзмаржан.Мәтінмен танысып шықтық,енді мәтіннен түсінбеген сөздерді теріп жазу.(Әркім өздеріне берілген үзіндіден).
Сөзмаржан.(түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізу.)
ІІІ.Мәтіннің мазмұнын топ бойынша айтқызу.
ІҮ.Енді мәтінмен жұмыс жасаймыз.
1-топ.Елшінің сөзін тауып оқу.
2-топ.Әйел-ананың сөзін тауып оқу.
3-топ.Ертегіден тауға, далаға, орманға,өзен-көлге байланысты сипаттау сөздерін тауып оқу.
Басын қар шалған заңғар таулары...
Түгін тартсаң, майы шыққандай шүйгін далалары
Мүлгіген қара орманы,
Мөлдіреген өзен-көлдері.
Сергіту сәті. «Жас актер» ойыны. Үш топтың оқушылары ортаға шығып өздеріне бөлінген бөлім бойынша актерлық шеберліктерін көрсетуге болады.
Ү тапсырма.
1,2,3-топ.Өздерінің оқыған бөлімдеріне байланысты жоспар құру.
ҮІ тапсырма.Әр топтан «Автор орындығы» ойынына 3 топтан бір оқушыдан шығып ойын айту.
Қорытынды:
1. Қорытынды: «Екі бетті күнделік» стратегиясы.
Әңгімеден алған әсерім Пікірім
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасын беру
Мәтіннің мазмұнын толық игеру.
Бағалау.Оқушыларға берілген қызыл алма,жасыл жапырақ ,сары жапырақ арқылы бағалау.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.