Сызу пәні бойынша "Геометриялық денелерді проекциялау" тақырыбына технологиялық карта
Сабақтың мақсаты 1. Жалпы білімділік |
В.М.Монаховтың технологиясы негізінде
құрылған №4 технологиялық
карта бойынша диагностика жүргізе
отырып
жаңа сабақты игерту. |
2. Дамытушылық |
Жұмыс барысында
шыдамдылық қабілетін,
ойлай, қиялдай білуін, икемділігін, өз бетімен
жұмыс істей білуін,
қабілеттерін
дамыту. |
3. Тәрбиелік мәні |
Оқушылырдың пәнге
деген сүйіспеншілігін арттыру, сызылған
сызбаның мән-мағынасын
түciнугe үйрету,
оқушының
көркемдік талғамын
қалыптастыру, тәрбиелеу. |
4. Сабактың түpi |
В.М.Монаховтың технологиялық
картасы негізінде құрылған
сабақ, интерактивті әдістері қолданған. |
5. Сабактың әдісі |
Дамыта оқыту,
саралап оқыту, іздестіру - зерттеу. |
6. Оқушылардың жұмыс істеу формалары |
- ұжымдық - жекеше - топтық |
7. Мұғалімнің ic-әрекетінің әдіс-тәсілдері |
- технологиялық
картамен жұмыс істеулерін ұйымдастыру; - сұрақ-жауап; - тестілеу арқылы білімді бекіту,
тексеру.
|
8. Көрнекіліктер мен кұралдар |
- технологиялық карта - кестелер - геометриялық денелер |
9. Т.С.О. |
-
интерактивті тақта -
компьютер |
10. Сабактың барысы. |
1. Ұйымдастыру. 2. № 4 Технологиялық
карта бойынша жұмыс істеу.
3. Өткенді қайталау. Тест
тапсырмаларымен жұмыс. 4. Жаңа тақырып. Кескіндіде геометриялық денелердің бетінде жатқан нүктелердің проекцияларын
табу. 5. Логикалық тапсырма арқылы сабақты бекіту.
|
11. Оқушы білімін бағалау. |
Жұмыс дәптерлерін тексеру. Ауызша жауап бойынша тақырыптық білім
деңгейін бағалау. |
12. Үйге тапсырма. |
№ 4 Технологиялық картадағы сабақтан
тыс өзіндік жұмыстарын орындау. Деңгейлік
тапсырмалары: 1.
Қанағаттанарлық.
(оқулықтағы 73-беттегі 1,2 жаттығулар). 2.
Жақсы баға.
(оқулықтағы 73-беттегі 1,2,3,4 жаттығулар). 3.
Өте жақсы (Оқулықтағы
73-беттегі 1,2,3,4 тапсырмаларына қосымша № 6 карточкадағы
сызбаларды кескіндеу).
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.