Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
17.12.2014
4084
905
Темирбаева Нургуль Зейнуллаевна
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың ой –өрісін, шығармашылық ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелігі: Ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: Ойын, көрнекілік, сұрақ-жауап, ізденушілік,топпен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, Power-point презентациясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.
Оқушыларды түстерді таңдау арқылы үш топқа орналастыру.
1-топ: «Сөйлемдер» 2-топ: «Тұрлаулы мүшелер» 3-топ: «Тұрлаусыз мүшелер»
ІІ. Өтілген материалды қорытындылау
Үй тапсырмасын тексеру. 95-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құра.
Әңгімедегі 2- 3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
«Өз орнына қой» ойыны
Ойынның шарты: Бір бала бастауыш, екіншісі баяндауыш, ал үшіншісі сызықша болады. Қалған оқушылар сөйлем айтады, әрқайсысы өз орнын тауып тұруы керек.
Топпен жұмыс: «Ой қозғау»
1-топқа: Сөйлем туралы не білесің?
2-топқа: Тұрлаулы мүшелер туралы не білесің?
3-топқа: Тұрлаусыз мүшелер туралы не білесің?
(Оқушылардың ой-пікірі тыңдалады.)
Ассоциация құру.
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш пен Өздігінен сөйлем жасай алмайды,
баяндауыштан құралып, тек сөйлем жасауға көмектеседі,
сұрақтарына жауап береді. тұрлаулы мүшелердің сұрақтарынан
басқа сұрақтарға жауап береді.
3. Жаңа сабақты меңгерту
Қызығушылықты ояту.
Біз бүгін жай сөйлем ауылына саяхатқа шығамыз. Жай сөйлемнің Жалаң және Жайылма деген екі баласы болыпты. Жалаңның Бастауыш деген ұлы Тұрлаулы мүше көшесінің бас жағында тұрса,Баяндауыш деген ұлы аяқ жағына қоныс теуіпті. Тұрлаусыз мүше екі көшенің бойына шашырап орналасыпты.
Тірек-сызбамен жұмыс:
Жай сөйлем
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Бастауыш баяндауыш бастауыш баяндауыш
толықтауыш
Тұрлаулы мүшелер
Анықтауыш пысықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер
4. Мағынаны тану
Оқушылар Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.Сызбаны толтырып, қорытынды шығарады.
Жай сөйлем мен оның түрлері
туралы білгім келеді?
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.
Кестемен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
А) Көркем жазу
Ж ж
Жарғанат-жыртқыш құс.
Топпен жұмыс:
1-топқа тапсырма:
Ә) Оқулықтағы 97-жаттығу орындалады.Сөздерден сөйлем құрап жазып, оларды сөйлем мүшелеріне талдап,құраған жалаң және жайылма сөйлемдерді тиісті пойыз вагондарына орналастыру.
2-топқа тапсырма:
98-жаттығуда сөйлемдерді көшіріп жазып, әр топ жай сөйлемнің
түріне анықтайды.
3-топқа тапсырма: 99-жаттығу Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыр.
5. Сергіту сәті «Буги-буги»
6. Ой толғаныс. Семантикалық карта. 1-топқа тапсырма:
Сөйлемдерді оқып жалаң не жайылма екенін ажыратып, + таңбасын қояды.
Сөйлемдер Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Күн жылынады. +
Айман мені кітапханада күтеді. +
Сабақ басталды. +
Өнерлі өрге жүзеді. +
Қаз қаңқылдады. +
2-топқа тапсырма: Венн диаграммасына түсіру, яғни жалаң және жайылма сөйлемдерді салыстыру.
Жалаң сөйлем Ұқсастығы Жайылма сөйлем
Бастауыш пен бандауыштан тұрады. Екеуі де сөйлем, екеуінің де тұрлаулы мүшелері бар Тұрлаулы мүшелерімен бірге тұрлаусыз мүшелері бар.
3-топқа тапсырма:
Шығармашылық жұмыс
Көп нүктенің орнына кім? не? сқрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу.
. . . . . .
. . . демалады. . . . дыбыстайды.
. . . . . .
7. Рефлексиялық – бағалау кезеңі:
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта нені білдің?
Оқушылардың білімі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Топ басшысы стикерлерге әр оқушының атын жазып, бағдаршамның үш көзіне орналастырады.
Қызыл түс- «5», сары түс- «4», жасыл түс – «3»
8. Үйге тапсырма: 100-жаттығу (ережені жаттау)

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.