Қазақ тілінен ашық сабақ. Лексикалық тақырып: Қос жұлдыз – Алматы төрінде. Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақтары
05.11.2014
4688
0
Бекниязова Динара Достановна
Сабақтың мақсаты:
Ұлтымыздың мақтанышы болған қос батыр қыздары туралы мағлұмат беру, ұлттық, патриоттық сезімге тәрбиелеу, батырлар туралы ізденіске баулу. Студенттерге етістіктің шақтары тақырыбын меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
а) студенттерге етістіктің шақтары тақырыбын меңгерту;
ә) ұлтымыздың мақтанышы болған қос батыр қыздары туралы мағлұмат бере отырып, ұлттық, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
б) жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыстар арқылы қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлеуге, жазуға машықтандыру, Студенттерді өз бетімен ізденіске баулу.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
Интерактивтік тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, SmartArt сызбасы, кітаптар, газеттер.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Мәтінмен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, жаттығу жұмыстары, бағдарлы диалог, шығарма жаздыру, тест сұрақтары арқылы жаңа сабақты бекіту.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы, зерттеушілік оқыту технологиясы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілін үйрету құралы). – Алматы,1998.
2.Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, 1988
3.Егіншібаева Н.Ә. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы,2004.
4.Аяпова Т.Т. Қазақ тілі (негізгі оқулық)Алматы:Ғылым, 1998.
5.Өмірбаева К.О. Қазақ тілі көпдеңгейлік оқыту, Алматы: Сөздік – 2002.
Сабақтың барысы:
- Жаңа сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастағым келіп отыр: "Бүгінгі күні Әлия мен Мәншүкке Алматының қақ төрінен ескерткіш ашылуының үлкен мағынасы бар. Қыршын жастығын қиып, "елім”, "жерім” деп шейіт болған халқымыздың қос жұлдызы ешқашан ұмыт болмайды. Олардың ерлігі – әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі. Олардың қас-қағым ғұмыры жастарымызды отансүйгіштікке шақырып, тәуелсіз Қазақстан үшін жан аямай күресуге үлгі боларлық”.
Алдыңғы сабақта сіздерге Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова туралы мәлімдеме және Шығыстың «қос шынары» туралы жазылған ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді жаттауға берілген болатын. (Ортаға кезекпен студенттер шығып, мәлімдеме жасап, өлеңдер оқиды.)
Мәтінмен жұмыс.
Қос жұлдыз – Алматы төрінде.
Халқымыздың игілігі үшін талай-талай ел азаматтары еңбек етіп, ақындар жырға қосып, өнер жұлдыздары әнімен тербеп, абыройын асқақтатқан ару қала Алматы бұдан әрі көркейіп салтанат құра бермек. Астананы Ақмола қаласына көшіруге байланысты еліміздің Елбасы Алматыға республикалық дәрежедегі мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы – оңтүстік астана, ірі өндірістік-экономикалық, ғылыми-мәдени орталық болып қалады.
Қала алаңдарындағы, саябақтардағы әсем тарихи ескерткіштердің қатары Республика күні мерекесінде тағы бір айтулы ескерткішпен толықты. Бұрынғы Парламент үйі алдындағы саябақта шығыстың қос жұлдызы атанған, халық мақтанышына айналған қаһарман қазақ қыздары Әлия мен Мәншүкке ескерткіш ашылды. Қос батыр М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың фашист басқыншыларына қарсы қантөгіс күрестегі ерлік өмірі – қазақ әйелдерінің рухани күшінің дәлелі. Батыр апаларымыздың мүсінін сомдаған шебер-мүсіншісі Қазыбек Сатыбалдиев.
-Бүгінгі күні Әлия мен Мәншүкке Алматының қақ төрінен ескерткіш ашылуының үлкен мағынасы бар. Қыршын жастығын қиып, "елім”, "жерім” деп шейіт болған халқымыздың қос жұлдызы ешқашан ұмыт болмайды. Олардың ерлігі – әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі. Олардың қас-қағым ғұмыры жастарымызды отансүйгіштікке шақырып, тәуелсіз Қазақстан үшін жан аямай күресуге үлгі боларлық, - деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тапсырмалар:
1. Алматыда кімдерге ескерткіш қойылды?
2. Шығыстың қос жұлдызы туралы не не білесіздер?
3. Батырлар мүсінін кім сомдады?
4. Ескерткіштің ашылуы туралы Елбасы пікірі қандай еді?
5. Мәтінде берілген етістіктерді тізіп айтыңыздар.
6. Олардың шақтық мағынасын ажыратыңыздар.
Ендеше, бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз - етістіктің шақтары.
(Әрі қарай оқытушы студенттерді белсенді қатыстыра отырып, төмендегі кестемен жұмыс жүргізеді)
1-тапсырма.
Сөйлемдегі етістіктердің шақтық мағынасын анықтаңыздар.
1. "Әлия-Мәншүк” музейі орналасқан қаламыздағы №27 көпсалалы мектепте де осы бағытта үнемі түрлі шаралар өкізіліп тұрады.
2. Музей ашылған кейін құрылған мектептегі "Қызыл ізшілер” тобы Ғалымжан Байдербеспен бірге Әлия мен Мәншүктің туған жерлеріне, облыстағы басқа да тарихи, мәдени орындарды аралады.
3. Батыр қыз Ленинградтағы №46 үйінде тәрбиеленіп, содан кейін осы мектепте оқыған.
4. Қазақтың аяулы Әлиясының мүсіні енді Ресейдің де төсіне – орыстың ұлы астанасы Мәскеудің төріне орнатылды.
5. Ақтөбеде Әлия Молдағұловаға арналып алып ескерткіш орнатылмақ.
6. Қазақ халқы Әлия мен Мәншүк сынды қос шынардың ерлігін ешқашан ұмытпақ емес.
7. Қаланың бейбіт халқына сүйсіне көз тастаған Мәншүк батырдың ескерткішінің алдына қалың ойға шомылып тұрмын.
2-тапсырма.
Берілген етістіктерді үш шаққа қоя отырып, сөйлем құраңыздар.
Оқу, айту, көру, бару, оты, тарау, көшу.
3-тапсырма.
Берілген тақырыптарға жұптасып, диалог құрыңыздар. Құрылған диалогтарыңызда етістіктің шақ түрлерінің барлығы қатыстырылуы міндетті.
1. Театрда
2. Институтта
3. Әлия Молдағұлова даңғылында
4. Мұражайда
4-тапсырма.
Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашып беріңіз және етістіктердің шақтықтық түрлерін ажыратыңыз.
1.Көп жасаған білмейді,
Көпті көрген біледі.
2. Ата көрген оқ жонар,
Ата көрген тон пішер.
3. Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
4. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
5. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
6. Анаға қарап қыз өсер,
Атаға қарап ұл өсер.
7. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер,
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке сүйрер
5-тапсырма.
"Мен бейбітшілікті сүйемін” тақырыбында шағын шығарма жазыңыздар. Жазылған шығармаларыңызда етістіктің шақ түрлерінің барлығы қатыстырылуы міндетті.
Бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында тест сұрақтарына жауап беріңіздер.
Тест сұрақтары (1-нұсқа)
1. Келер шақ мағынасына жасалуына қарай нешеге бөлінеді?
А. 2
Ә. 3
Б. 4
В. 5
2. Болжалды келер шақты тап.
А. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.
Ә. Ол газетте тілші болып істейді.
Б. Күзде пішен жинаймыз.
В. Күндер білінбей өтіп жатыр.
3. Мақсатты келер шақтың жасалуына қатысатын жұрнақтарды көрсет.
А. –са, -се, -шы, -ші
Ә. –ғы, -гі, -қы, -кі
Б. –мақ, -мек, -пақ, -пек
В. –ған, -ген, -қан, -кен
4. Мақсатты келер шақты тап.
А. Кетті
Ә. Кетпекші
Б. Кеткен
В. Кетсе
5. Ауыспалы келер шақты анықта.
А. Мен келемін
Ә. Сен ойнайсың
Б. Ол барады
В. Ол ертең барады
Тест сұрақтары (2-нұсқа)
1. ІІ жақта жекеше түрде тұрған болжалды келер шақты көрсет.
А. Барармыз
Ә. Барарсың
Б. Барарсыздар
В. Барар
2. Өткен шақтың түрлерін белгіле.
А. Жедел, бұрынғы, ауыспалы
Ә. Мақсатты, нақ, ауыспалы
Б. Бұрынғы, мақсатты, ауыспалы
В. Болжалды, нақ, ауыспалы
3. Жедел өткен шақ жұрнақтарын тап.
А. –ған, -ген, -қан, -кен
Ә. –са, -се, -та, -те
Б. –ды, -ді, -ты, -ті
В. –мақ, -мек, -пақ, -пек
4. І жақта көпше түрдегі бұрынғы өткен шақты көрсет.
А. Айтқанмын
Ә. Айтқанбыз
Б. Айтыпсың
В. Айтқансыздар
5. Нақ осы шақты тап.
А. Барармын
Ә. Бармақшымын
Б. Жатырмын
В. Келдім
Бағалау. Әрбір студентке сабақтағы белсенділігіне қарай максималды 2 балл қойылады.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.