Шығармашылық есеп
13.02.2017
5390
793
Сайдалинова Айгүл Зейноллақызы
Шығармашылық есеп
«Смирнов № 2 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Сайдалинова Айгүл Зейноллақызы
Елбасымыз өз Жолдауында «Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылатынын» атап көрсетті. Адам факторы пәрменін арттырудың бірден-бір құралы – оқу, білім алу. Бұл тұрғыда нәтиженің жемісті болмағы, алдымен ұстаздарға, оның білім-білігіне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруындағы шеберлігіне, келешегіміз жастардың әлеуетін арттыру амалдарын игеруіне тәуелді екенін мойындаймыз.
Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.
Мен, Сайдалинова Айгүл Зейноллақызы, 1992 жылы Петропавл педагогикалық училищені аяқтап, еңбек жолымды негізгі мектепте қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі болып бастадым. 2005 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын алып шықтым. Осы мектепте 2005 жылдан бері жұмыс жасап келемін.
Әдістемелік тақырыбым: «Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды тиімді пайдалану».
Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:
- қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;
- ойын ажарлап ашуда оқушының тіл шеберлігіне мән беру;
- қосымша әдебиеттер оқып, өз білімімді күнделікті толықтыру;
- «сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен оқушыларды үнемі шабыттандырып отыру;
- үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.
- оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде, дамытуда озық технологияларды пайдаланып, әдіс-тәсілдерді үнемі түрлендіріп отыру.
Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың қазіргі технологияларын енгізе отырып өткіземін.
Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.
Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Сол себептен үнемі біліктілікті арттыру курстарына барып жүрмін. Курстарда алған білімділерді сабақта қолданыламын.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол кісінің айтқанындай «жаңадан жаңаны» тауып жатпасам да, өзіме таныс жаңа технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып, жас буынға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісіне бар ынтамды салып келе жатырмын. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп. Оның дәлелі ретінде соңғы үш жылдағы өткізген ашық сабақтарымды алға тартар едім. Атап айтсам: 7-сыныпта «Ұлттық аспаптар», 3-сыныпта «Киім дүкені», 8-сыныпта «Отбасылық және қайырымдылық», 2-сыныпта «Аңдар» атты ашық сабақтарым және соңғы үш жыл көлемінде өткізген пән бойынша сыныптан тыс мектепішілік «Наурыз мейрамы», «Тәуелсіздік күніне» арналған іс-шаралары, сонымен қатар жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Тілдер фестивалі» өз дәрежесінде өтті.
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Осы мақсатқа жету жолында да аз жұмыстар жасалған жоқ.
Оқушылар аудандық «Абай, Мағжан оқуларына» үнемі қатысып отырады. 2014-2015 оқу жылында «Жарқын болашақ» олимпиаданың аудандық кезеңінде Сергиенко Александра ІІІ орын алса, 2015-2016 оқу жылында ІІ орынға, Сарбаева Карина ІІІ орынға ие болды. Аудандық «Абай оқуларында» Салимжанова Рада ІІІ орын, «Мағжан оқуларында» Сарбаева Карина І орынға иеленді. Ал, биылғы 2016-2017 оқу жылында 9-сынып оқушысы Сарбаева Карина әдебиет бойынша аудандық ғылыми жобалар байқауына қатасып ІІ орын алды, 11-сынып оқушысы Безганс Данил аудандық пән олимпиадасы «Жарқын болашаққа» қатысып І орынға ие болды.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбунасыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен. Сондықтан біз «Білім мен тәрбие егіз» дегендей, тәрбие жұмыстарына көңіл бөліп отырамыз. Сол себептен 2011 жылдан бері бүгінгі 11-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келемін. Білім мен тәрбиені ұштастыру мақсатында сыныбымда тәрбие саласында түрлі жұмыстар атқарып жүрмін.
Сонымен қатар сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс және мектепішілік іс-шараларға тұрақты әрі белсенді қатысып отырамыз. 2015ж. 9-сынып оқушысы Килданович Юрий - «Қазақстан біздің ортақ үйіміз- біз оның иесіміз» облыстық акциясының «Бүктеме» номинациясының жеңімпазы атанды.
Бүгінгі күні «Ғылым таппай мақтанба» деген ұлы Абайдың даналығы нақты шындыққа айнала бастағандай. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Олай болса жақсылардың қатарында болғым келеді.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.