Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы
сабақтастық
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп
жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін
жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы
өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі
ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім
беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі
ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын
қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы
мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің
жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына
толық негіз бар.
Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді,
оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және
бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш
буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы
сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда
білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген.
Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге
болады.
Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын
айқындауда біріншіден:
аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының
айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы
арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік
компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек
(мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке
дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының
сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға
дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы
жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке
жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы
өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ
мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке
жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму
кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске
асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы
бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші
буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан
арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру
(балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);
біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту
түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы
сабақтастықтың негіздемесі:
балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше
білу қабілетін дамыту;
балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған
шығармашылық қиялын дамыту;
тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен,
ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық
шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының
негізі қалыптасады.
Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі
балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін
педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай
түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
Бұл:
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің
мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау,
эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек
баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі
ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7
жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп
жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды
қатыстыру;
эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі
көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және
өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту.
(эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен
жұмыс істеуін дамыту;
мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке
дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық
бойынша жұмысын ұйымдастыру:
мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
денсаулығын сақтау, нығайту;
психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау,
қабылдау)
мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау,
үзіліс)
Бастауыш мектептің мақсаты:
денсаулығын сақтау нығайту;
қабілеттерін, ойлауын дамыту;
ерік, жігер сезімін дамыту.
Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады,
талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи
алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер
қалыптасады.
Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра
отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім
және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де,
мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.
Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты
сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық
жұмыс жүргізуі.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын
жағдайлар да болып жатады:
баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен
көру қабілеті т.б.
іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі
жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін
талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
оқу, ойын, жатын бөлмелері;
жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған
парталар;
гигиеналық талапқа сай асхана;
сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын
арнайы орын;
баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп
сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық
тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың
мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде
білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі
әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды
дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз
сабақтастығы.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының
әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы
тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады.
Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп
талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны
алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты
бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке
дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері
мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға
отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.
Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені
естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі
қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи
жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі
әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең
қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал,
ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында
қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін
бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру
мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді
қолдана білсе.
Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және
бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген
әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық
ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік
қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік
қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты
жұмыстар жүргізілуі қажет.
Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі
мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында
өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету
қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда
әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін
қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын,
бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.
Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген
ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді
көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және
сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу
қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық
мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш
білім беру мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын арасындағы
сабақтастықтық бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді:
бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз
білім беру жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен байланысы
негізінде баланың табысты білім алуы мен тәрбиеленуі (мақсаттары, міндеттері,
мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары);
заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш
білім берудің мемлекеттік стандартын құру;
мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық
дамуына оң жағдай туғызу;
мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;
жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.
Институт тарапынан да бастауыш және мектепке дейінгі білім
беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету бағыты бойынша семинар,
конференциялар, курс жұмыстары мен сайыстар ұйымдастырылып тұрады.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсат-міндеттері төмендегідей:
Мақсаты:- Жаңа білім беруге көшу жағдайында сабақтастық
түсінігінің қалыптасуы.
Міндеттері:
Сапалы білім беру қызметімен қамтамасыз етудегі
нормативтік-құқықтық негіз жайында ақпарлау.
Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім берудегі
сабақтастық құрылымының негізгі бағыттарын анықтау.
Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім мекемелерінің
сабақтастық мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен таныстыру.
Сабақтастықты құрудағы заман талабына сай технологиялардың
рөлін анықтау.
Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының
моделін құру.
Осы өткізетін жұмыстар барысында педагогтар облыс
мекемелеріндегі бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының
мәселесін шешу тәжірибесі бойынша облысымыздағы тығыз байланыста жұмыс істеп
жатқан мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектеп тәжірибесімен танысып, ой
бөлісіп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылады:
мектеп пен балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттарын,
мазмұнын айқындау жетілдіру;
екі буыннның оқу бағдарламаларын және жоспарларын зерттеп,
оларды жетілдіру жолдарын қарастыру;
педагогикалық ұжымдарға ғылыми-әдістемелік жағынан көмек
көрсетуді ұйымдастыру;
оқытудың жаңа технологияларын зерттеу және ұстаздар
тәжірибесіне енгізу;
екі буынның таңдаған бағыттары мен мүмкіндіктерін ескере
отырып, белгілі бір проблемалармен айналысуына, тәжірибе-сынақ жұмыстарын
жасауға басшылық жасап, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
Сонымен қатар биылғы өткізілген педагогтардың тамыз кеңесі
«Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз
ету білім сапасын арттырудың өзекті мәселесі» атты тақырыпта өткізілді. Секция
жұмысы барысында педагогтар келесі сабақтастықтық ұсыныс жобасын құрып,
сабақтастық жұмысын ұйымдастырудағы кейбір қиындықтарды атап айтты. Қабылданған
ұсыныс жоба:
Әдістемелік бөлім жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлім
әдіскерлері бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығы жайында
сұрақтар бойынша педагогикалық тәжірибені облыста, аудан, мектепте жинақтап
қорыту.
Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер балалардың
эмоционалды жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен формаларды
өз жұмысында қолдану.
Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер ойын іс-әрекетін
мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс-әрекет ретінде
қарастыру.
Психологтар мен мұғалімдер баланың мектепке дайындығын
анықтау барысында негізгі тест психологиялық сапасын бағалауды есепке алу.
Әдістемелік бөлімнің жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу
бөлімдерінің әдіскерлері сабақтастық сұрақтарын жүзеге асыратын бірыңғай жоспар
құру (мектепке дейінгі мекеме педагогы-бастауыш сынып мұғалімі-ата-ана
—психолог —әлеуметтік ұстаз).
Қиындықтар:
кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі
дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы;
мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы
балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы;
мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің
аз көрсетілуі.
Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де
қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың
көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін.
Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан
тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған
қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра
отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана
арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және
психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту
мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан
жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда
көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға
алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол
жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі
алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.
Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын
қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын,
құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және
адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас
жасауын қамтамасыз етеді.Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны
сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына
адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек.
Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз
ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір
азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Қолданылған әдебиеттер
Начальная школа, № 1, 2008
Дошкольное воспитание, № 3, 2007
М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж.
Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту» —Алматы 1999 ж.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.