Главное меню

  • К списку параграфов

§65. Жер шарындағы халықтар және елдер


Материктер бойынша халықтың қоныстануы. Ең алғашқы адамдар мен олардың қоныстары Африка, Оңтүстік Еуропа және Оңтүстік-Батыс Азия жерінен табылған. Адамдар біртіндеп осы дүние бөліктерінің тіршілікке қолайлы жерлеріне қоныстанып, табиғат байлықтарын игерді. Кейіннен жаңа жерлер мен дүние бөліктерінің ашылуына бай­ланысты адамдар Жер шарының Антарктикадан басқа материктеріне де қоныс аударды (адамдардың жаңа ашылған жерлерге қалай қоныс аударғанын 70-суретті пайдалана отырып, естеріңе түсіріңдер).

Шаруашылықтың дамуы, халықтың әл-ауқатының, түрмыс жағдайының жақсаруы біртіндеп халық санының өсуіне мүмкіндік жа- сады. Есептеулер бойынша, осыдан 17 мың жыл бүрын Жер шарында 3 млн-ға жуық қана халық түрған. Ал бүгінгі таңда Жер шары халқы 6 млрд-тан асып отыр. Халықтың басым көпшілігі табиғат жағдайы қолайлы теңіз жағалаулары мен жазықтарда түрады. Жер шарында халық тығыздығы жоғары төрт аймақты ажыратуға болады. Олар: Оңтцстік Азия, Шыгыс Азия, Батыс Еуропа, Солтцстік Американың шығыс бөлігі. Бүл аудандарда халық тығыздығының жоғары болуы табиғат жағдайларының қолайлығымен, шаруашылықтың жоғары дәрежеде дамуымен, халықтың ежелден қоныстануымен байланыстытүсіндіріледі.

Белгілі бір аудандағы халықтың тығыздығына миграция да эсер етеді. Миграция деп адамдардың Жер шарының бір бөлігінен екінші бөлігіне қоныс аударуын айтады. Адамзат тарихында күштеп қоныс аударту жағдайларының болғанын да білесіңдер. Мысалы, негрлердің Африкадан Америкаға қоныс аударуы, материктердегі байырғы халықтардың табиғаты қолайсыз аймақтарға ығыстырылуы және т.б. Қазіргі заманғы миграция жалдамалы жүмыс іздеумен және саяси- әлеуметтік жағдайлармен байланысты белең алуда.

Негізгі этностар мен діндер. Сендер Жер шарындағы нәсілдермен және олардың басты белгілерімен алдыңғы сыныптан бері таныссыңдар. Әрбір нәсіл көптеген халықтардың жиынтығынан түрады. Үзақ та- рихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, түрмыс- тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобын этнос деп атайды. Грек тілінен аударғанда «этнос» сөзі «халық»деген мағынаны білдіреді. Жеке этностар ішкі айырмашылықтарына байланысты цлттар мен цлыстарга, тайпаларга жіктеледі. Сендер адамзат тарихындағы үлы этностардың көптеген ежелгі мемлекеттер мен өркениетті қалыптастырғанын жақсы білесіңдер. Қазіргі кезде Жер шарында 4 мыңға жуық этнос бар. Елдер халқының үлттық қүрамына қарай бір цлтты (Жапония, Польша,Грекия, Португалия жэне т.б.) жэне коп цлтты (Үндістан, Ресей, Канада, Оңтүстік Африка жэне т.б.) болып бөлінеді. Ал біздің еліміз Қазақстан Республикасы коп үлтты мемле­кеттер қатарынажатады.

Жер шары халқының діни қүрылымы да күрделі. Діндер жүйесін материктердің байырғы халықтарында сақталып қалған жергілікті діни сенім-нанымдар, белгілі бір халыққа тән этностық діндер және дүние жүзіне кеңінен тараған ірі элемдік діндер қүрайды. Этностық діндерге жапон халқына тән синтоизм, үнді халқына тән индуизм, ев­рей халқының иудаизм діндері жатады. Алхристиан, буддизм, ислам діндері әлемдік діндер болып табылады.

Елдер. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Елдердің қалыптасуы үзақ тарихи кезеңді қамтыды. Ол өзгерістермен сендер тарих сабағынан таныссыңдар. Жер шарындағы елдердің ше- каралары, мемлекеттік қүрылымы дцние жцзінің саяси картасында бейнеленеді.

Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады. Елдер- ді топтастырудың ең көп тараған түрі - жерінің ауданы мен халқыньщ санына қарай топтастыру. Жерінің ауданыжағынан ең үлкен 7 ел бар (картадан оларды анықтаңдар), олардың әрқайсысының ауданы млн км2-ден асады. Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы қүрлықтың тең жартысын қүрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті (Аустралияне­месе оның тең жартысын {Канада) алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер де бар. Мысалы, Ватиканныц ауданы 1 км2, ол Римқаласының кішкене бөлігін ғана қамтиды.

Халқының саны ең көп 10 ел бар. Олардың әрқайсысында 100 млн- нан астам халық түрады. Бүл елдердің халқы Жер шары халқының жартысынан астамын қүрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын үсақ елдер де бар. Мысалы, Еуропадағы Сан-Марино елінде 30 мыңдай ғана адам түрады.

Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай да топ- тастырады. Оған байланысты материктің ішкі бөлігіндегі, теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтағыелдер бо­лып бөлінеді (бүл топтарға жататын елдерге мысал келтіріңдер). Дүние жүзінде теңізге тікелей шыға алмайтын 40-тан астам ел бар.

Елдердің негізгі топтамасы олардың шаруашылыгыныц даму дәрежесіне байланысты жүргізіледі. Осы түрғыдан алғанда дүние жүзі елдері шаруашылығы дамыған елдерге және дамушы елдерге ажыра- тылады. Дүние жүзінде шаруашылығы дамыған 60-тан астам ел бар. Олардың жетеуі өте жоғары қарқынмен дамыған жетекші ел болып са- налады (оларды атаңдар). Бүл елдер тобын «Үлкен Жетілік елдері» деп те атайды. Дамушы елдердің өзі шаруашылық сипатына қарай жаңа өнеркәсіпті елдер, сыртқа мүнай шығаратын елдер, дамуы жағынан артта қалған елдер және мешеу елдерге ажыратылады.

Елдер мемлекеттік қцрылымы мен цстанып отырган саяса- тына қарай да топтастырылады. Мемлекеттік қүрылымына қарай республикалық және монархиялық елдер, үстанған саясатына қарай буржуазиялық (капиталистік), социалистік және бейтарап елдерге ажыратылады.

Дүние жүзінің саяси картасы әрбір дәуірдің айнасы болып табыла- ды. Ол үздіксіз өзгеріп, дамып отырады. Адамзат тарихындағы саяси картаның ең күшті өзгерістері XX ғасырда жүрді.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Жер шарында халық неге біркелкі қоныстанбаған?

2.     Миграция дегеніміз не? 

3. Жер шарында қанша халық түрады? 

4. Халықтың ірі тобы қалай аталады? Өздерің білетін ірі этностарға мысал келтіріңдер. 

5.Қандай материктер мен дүние бөліктерінде елдердің саны көп? Оның себебін түсіндіріңдер. 

6. Елдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?  Өзің түратын жердің халқы қандай этностардан қүралғанын анықтаңдар.

ҚОСЫМШАЛАР

Картаны сипаттаудың жоспары:

1.        Карталар масштабы, мазмүны және қамтыған аумағына қарай қалай бөлінеді?

2.        Картамен жүмыс істеу барысында қандай мәліметтер алуға бо­лады?

Материктердің географиялық орнын сипаттаудың жоспары:

1.        Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктік және поляр шеңберлеріне қатысты орнын анықтау.

2.        Материктің шеткі нүктелерін, олардың координаттарын анықтау.

3.        Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа граду - спен және километрмен алғандағы қашықтығын есептеу.

4.        Материк жағалауын қандай мүхиттар мен олардың теңіздері шайып жатыр?

5.        Материк маңайында қандай басқа материктер орналасқан?

Мүхиттарды сипаттаудың жоспары:

1.        Географиялық орны мен ауданы.

2.        Орташа тереңдігі мен ең терең жері.

3.        Мүхит табанының жер бедері.

4.        Жағалауының тілімденуі, теңіздері жэне аралдары.

5.        Мүхиттағы беткі ағыстар, олардың материк табиғатына тигізе- тін әсері.

6.        Мүхит байлықтары жэне оларды игеру жолдары.

7.        Мүхиттардың экологиялық жағдайы.

Белгілі бір жердің жер бедерін сипаттаудың жоспары:

1.        Жер бедерінің жалпы сипаты қандай?

2.        Жер бедерінің неғүрлым ірі пішіндері қалай орналасқан? Тау жоталарының орналасу бағыттары қандай?

3.        Теңіз деңгейінен ең жоғары жатқан және ең төмен жатқан биіктіктері.

4.        Басым биіктіктер және жер бедерінің кең таралған пішіндері.

5.        Жер бедерін қалыптастырған күштерді анықтау.

Белгілі бір жердің климатын сипаттаудың жоспары:

1.        Қандай климаттық белдеулерде орналасқан?

2.        Қаңтар мен шілденің орташа температурасы, олардың өзгеру бағыттары мен себептері.

3.        Басым желдердің бағыты, олардың маусым бойынша таралуы.

4.        Жылдың жауын-шашын мөлшері, оның әркелкілігі және түсу мерзімі.

5.        Климаттың адам өміріндегі маңызы.

Климаттық диаграммаларды сипаттау жоспары:

1.        Температураның жыл ішіндегі өзгерісін талдау.

2.        Ең суық және ең ыстық айдың орташа температурасын анықтау.

3.        Жылдық температураның айырмашылығын анықтау.

4.        Жылдық жауын-шашын мөлшерін және түсу мерзімін анықтау.

5.        Температура мен жауын-шашынның жыл ішіндегі өзгерістері- нің себебін түсіндіру.

6.        Берілген диаграммаға сәйкес келетін климаттық белдеу мен климат жағдайын анықтау.

Өзенді сипаттаудың жоспары:

1.        Өзеннің материктегі орнын, қай алапқа жататындығын анықтау.

2.        Өзен қайдан бастау алады, қайда қүяды?

3.        Өзеннің су жинау алабы, оның жер бедеріне тәуелділігі.

4.        Өзеннің қоректену көздері.

5.        Өзеннің режимі, оның климатқа байланыстылығы.

6.        Шаруашылық маңызы.

7.        Өзеннің экологиялық жағдайы.

Табиғат зонасын сипаттаудың жоспары:

1.        Белдеу ішіндегі орны.

2.        Климаттық жағдайы.

3.        Топырағы мен өсімдік жамылғысы.

4.        Жануарлар дүниесі.

5.        Шаруашылықта пайдаланылуы.

6.        Зона табиғатын қорғау шаралары.

Аймақтар мен елдер тобына сипаттама берудің жоспары:

1.        Материктер мен дүние бөлігіндегі орны.

2.        Аймақ қүрамына кіретін елдер.

3.        Аймақтың табиғат жағдайы (жер бедері, климаты, табиғат зо­налары).

4.        Аймақтың табиғат байлықтары және олардың шаруашылықта пайдаланылуы.

5.        Аймақтың халқы, оның қалыптасуы, нәсілдік және үлттық қүрамы.

Жеке елді сипаттаудың жоспары:

1.        Елдің материктегі немесе дүние бөлігіндегі орны.

2.        Астанасы және мемлекеттік қүрылымы.

3.        Табиғат жағдайы (жер бедері, климаты, табиғат зоналары).

4.        Табиғат байлықтары және олардың шаруашылықта пайдаланы­луы.

5.        Елдің дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны, даму дәре- жесі.

6.        Халқының нәсілдік және үлттық қүрамы, түрмыс-тіршілігі.

7.        Туристік мүмкіншіліктері, экологиялық жағдайы.