Главное меню

  • К списку параграфов

§60. Солтүстік жартышар материктері табиғат компоненттерінің ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері


1. Еуразия мен Солтүстік Америкада қандай климаттық белдеулер орналасқан? Олардың қайсысы неғұрлым үлкен аумақты алып жатыр? 

2. Екі материкте де кездесетін табиғат зоналарын анықтаңдар. Қандай табиғат зонасы тек қана Еуразияда кездеседі?

Географиялық орны. Жер шарында қүрлықтар мен мүхит ай- дындарының үлесінің түрліше екендігін білесіңдер. Әсіресе солтүс- тік жартышар да қүрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін үзақ геологиялық уақыт бойы біртүтас Лавразия қүрлығының қүрамын- да дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жа­тыр. Бүл екі материктің географиялық орнындағы ең басты үқсастық - олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Осыған байланысты бүл материктерде сол- түстік жартышарға тән табиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мүзды мүхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де батыстан шығысқа қарай (әсіресе қоңыржай ендіктерде) кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.

Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық ор­ны мен пішіндерінде айырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оңтүстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкватор- лык, белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі аралдық бөлігі солтүстік полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.

Бүл айырмашылықтар екі материктегі табиғат жағдайларының өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Жер бедері. Екі материктің де жер бедері күрделілігімен ерекше- ленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе ма- териктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка матери- гінің негізін бір ғана платформа қүрайды, ал Еуразия бірнеше плат- формалардың бірігуінен түрады. Олардың аралығын әртүрлі жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді. Таулар материктердің шеткі бөліктеріне қарай орналасқан. Солтүстік Америкадағы 9000 км-ге созылған ең ірі тау жүйесі - Кордильера материктің батысында бойлық бағытта созыла орналасқан. Еуразияның оңтүстігіндегі аса ірі тауларАлъпі-Гималай таулы белдеуін қүрап, ендік бағытта орналасқан. Солтүстік Американың шығысында аласа Аппалач таулары жатса, Еуразияның шығысы биік таулармен көмкерілген. Литосфералық плиталардың шектесу аймақтарында орналасқан Кордильера мен Еуразияның шығысындағы таулар жүйесінде сөнбеген жанартаулар шоғырланып, апатты жер сілкінулер жиі байқалады.

Мүзбасулар. Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мүз басуларға үшырады. Мүз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15 мың жыл бүрын ғана аяқталған материктік мцз ба­сулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге үшыраған.

Екі материкте де мүз басу әсерінен күшті тілімденген фьордты жағалаулар кең тараған. Өсіресе Солтүстік Америкада мүз жамыл- ғысының қалыңдығы шамамен 3000 м-ге дейін жетіп, материктің 40° с.е. дейінгі бөлігін қамтыған (94-суретті қараңдар).

Климаттың біртіндеп жылынуы нәтижесінде мүздар еріп, қазіргі кезде еолтүстіктегі аралдарда ғана сақталып қалған (бүл аралдарды физикалық картадан табыңдар). Мүздың қазу әрекетінен екі материк- тің мүз басқан аймақтарында сан мыңдаған көл қазаншүңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан. Сонымен қатар мүз басу әсерінен осы бөліктердегі топырақ жамылғысы, жылу сүйгіш өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де жойылған. Мүз басуға дейін кең алқапты қам- тыған жалпақ жапырақты ормандар оңтүстікке шегініп, ірі жануар­лар: зілдер (мамонттар) мен турлар, денесін қалың түк басқан мүйіз- түмсықтар мүлде жойылып кетті. Мүз басудан кейін екі материктегі климаттық жағдайлар өзгеріске үшырағандықтан, әр материктің өзін- дік ерекшеліктері қалыптасты.

Климаты мен табиғат зоналары. Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының үқсастығына негіз болды. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар үқсае. Сондықтан мүндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі онша айырмашылық жасамайды. Оңтүстікке қарай материктердегі климаттық белдеулер мен зоналар арасында айырмашылықтар көбейе- ді. Мысалы, Солтүстік Америкада өсетін секвойя, батпац кипарисі, кактус, алоэ сияқты өсімдіктер Еуразияда өспейді. Ал Еуразияда өзен бойларындағы қалың нуларда кездесетін жолбарыстар, далада мекендейтін царащйрықтар мен ацбөкендер, Памир мен Тибеттегі қодастар Солтүстік Америка материгінде мүлде кездеспейді.

Жалпы алғанда, солтүстік жартышар материктерінің табиға- тында ортақ белгілер көп. Бүл жер қыртысының қалыптасу тари- хындағы үқсастықтармен, табиғатының үзақ уақыт бірге дамуымен, географиялық орнының үқсастығымен түсіндіріледі.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Физикалық карта бойынша Еуразия мен Сол- түстік Америкадағы ірі тау жүйелері мен жазықтардың орналасуын анықтаңцар. Олардың қүрылымдық ерекшеліктерін қосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылы- мы» картасы бойынша ажыратыңдар. 

2. Оқулың мөтінін пайдалана отырып, екі материктің табиғатындағы үңсастықтар мен айырмашылықтарды атаңдар.

Өз біліміңді тексер!

1.                    Еуропа қандай аймақтарға бөлінеді?

2.                    Азия жеріндегі ірі таулар мен олардың биік нүктелерін атаңдар.

3.                    Азиядағы қандай ірі жазықтарды білесіңдер?

4.                    Азияның қай бөлігінде жанартаулар жиі шоғырланған? Себе- бін түсіндіріңдер.

5.                    Неліктен Азияда шөлді өңір кенінен таралған? Себебін түсін- діріңдер.

6.                    Азия қандай мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының отаны болып табылады?

7.                    Азиядағы адам әрекетінен қатты өзгерген табиғат аудандарын атаңдар.

8.                    Азияда қанша халық түрады? Халық тығыз қоныстанған ау- дандарды атаңдар.

9.                    Азия қандай аймақтарға бөлінген? Әр аймақтағы жетекші ел- дерді атаңдар.

10.                Қазақстан Еуразияның қай бөлігінде орналасқан? Көршілес елдерін атаңдар.

Оқушыларға арналған рефераттар тақырыбы:

1.                    «Еуразия картасындағы зерттеушілер мен саяхатшылар есім- дері».

2.       «Еуразия жағалауындағы Солтүстік Мүзды мүхит теңіздері».

3.        «Еуразия жағалауындағы Атлант мүхиты теңіздері» (Тынық,

Үнді мүхитына өз қалауың бойынша).

4.       «Жерорта теңізінің адамзат тарихындағы орны».

5.       «Еуразияның мүнайлы аймақтары».

6.       «Биік Азия таулары».

7.       «Шығыс Азия тайфундары».

8.       «Еуразияның сирек кездесетін жануарлары».

9.        «Өз өлкеміздің дәрілік өсімдіктері».