Главное меню

  • К списку параграфов

§58. Германия


Германия жоғары дамыған ел, халқының саны жөнінен Ба­тыс Еуропадағы ең ірі мемлекет болып табылады. XX ғасырдың 90- жылдарында Германия Демократиялық Республикасымен біріккен соң ел аумағы мен халық саны артты. Бүл ел Батыс Еуропаның дамыған елдері мен табиғат ресурстарына бай Шығыс Еуропа елдері аралығында орналасқан. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, халықаралық қатынас жолдарының торабында орналасуы елдің дамуына қолайлы эсер етеді. Германия көптеген мемлекеттер- мен шектеседі.

Германия жагалауларында кандай ірі порттар орналасцан? Елдін кандай мемлекеттермен шектесетінін аньщтацдар.

Табиғаты. Германия аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Табиғат жағдайлары мен игерілу сипаты алу­ан түрлі болады. Елдің солтүстігінде көлді-батпақты СолтүстікГерман ойпаты орналасқан. Бүл ойпатты мүздық және теңіздік шөгінділердің қалың қабаты басып жатыр. Мүндағы шағын көлдер шығу тегі жағынан мүздық көлдер болып табылады. Қазіргі кезде батпақтар қүрғатылып, шабындықтар мен жайылымдарға айналған. Бүл өңірде мал шаруашылығы дамыған.

Елдің орталық бөлігін орта биіктіктегі таулар алып жатыр. Тас көмір дәуірінде тауаралық батпақты ойыстарда тас көмір алаптары (Рур, Саар, Ахен) қалыптасқан. Тау жайылымдарында малбағылады, тауаралық аңғарларды қарабидай, сүлы мен картоп егістіктері алып жатыр. Рейн аңғарында жүзімдіктер көп.

Германияның оңтүстік бөлігін Альпі тауының тауалды бөліктері мен солтүстік жоталары алып жатыр. Мүнда елдің ең биік нүктесі Цугшпит- це (2962 м) орналасқан. Бүл өңірдің қайталанбас табиғи ортасын қорғау мақсатында қорықтар мен үлттық саябақтар үйымдастырылған.

Ел аумағына қоңыржай белдеудің өтпелі климаты тән, яғни мүнда теңіздік және континенттік климаттың белгілері байқалады. Қолайлы климат жағдайлары қоңыржай белдеудің сан алуан дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді. Германия өзендерінің басым көпшілігі Альпіден бастау алып, солтүстікке қарай бағытталады. Аса ірі өзені - Рейн. Сан ғасырлар бойы бүл өзен шаруашылық маңызын жоғалтқан жоқ. Рейн аңғары халықтың тығыз қоныстанған ауданы ретінде де белгілі. Жылдың жылы мерзімінде мол сулы Рейн өзені кеме қатынасына қолданылады. Кеме қатынасында Балтық және Солтүстік теңіздердің аралығын қосып жатқан Киль каналыныц да маңызы зор. XIX ғасырдың соңына қарай салынып біткен бүл каналдың жалпы үзындығы 100 км-ге жуық.

Германия аса жоғары бағаланатын тас көмір қорымен көзге түседі. Қоңыр көмір Орта Герман, Төменгі Рейн алаптарын- да ашық әдіспен өндіріледі. Елдің солтүстігінде табиги газдыц кен орындары шоғырланған. Германия жерінде калий тцздары мен қцрылыс материалдарының мол қоры бар.

Германияда табигат қоргау мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде елде айрықша экологиялық және табиғи-географиялық маңызы бар аумақтарда 14 үлттық саябақ үйымдастырылған.

Халқы. Германия халқының саны жөнінен Батыс Еуропада бірінші орын алады: мүнда 81 млн-ға жуық халық түрады. Халық ел аумағында біркелкі қоныстанбаған. Солтүстіктегі ауыл шаруашылықты аудан- дарда халық сирек, өнеркәсіпті аудандарда жиі қоныстанған. Халық тығыздығы шығыстан батысқа қарай артады. Халықтың басым көпшілігі қалаларда түрады. Ауыл халқы негізінен түрғындарының саны 2 мыңнан аспайтын елді мекендерде түрады. Халықтың үлттық қүрамы салыстырмалы түрде біркелкі: басым көпшілігі немістер, қалған бөлігін түріктер мен Еуропаның басқа халықтары қүрайды.

Шаруашылығы. Германия - дамуы мен қуаттылығы жөнінен дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Аса зор экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерге ие бүл елдің өнеркәсібі күшті дамыған. Болат балқытудан Германия дүние жүзіндегі алғашқы «жетілікке» енеді. Машина жасау және химия өндірісі әлемнің көптеген елдеріне өз өнімдерін жөнелтеді. Елде аса сапалы жеңіл автокөліктер (қандай?) шығарылады. Кеме жасау да дәстүрлі өнеркәсіп салаларының бірі. Химия өнеркәсібі алуан түрлі сапалы өнімдер шығарады, сондықтан Германияны «химиялықдержава» деп те атайды.

Ел аумағының жартысына жуығын ауыл шаруашылық жерлері алып жатыр. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған. Бүл сала ел халқын негізгі азық-түлікпен түгелге дерлік қанағаттандырады. Ауыл шаруашылығы қүрылымында сүт және ет бағытындағы мал шаруашылыгы жетекші орын алады. Өсімдік шаруашылыгындагы бас- ты дақылдар - бидай, қарабидай, арпа мен сүлы, қант қызылшасы. Германия егістіктерінен бидайдың мол өнімі жиналады. Жүзімдіктер Жоғары Рейн, Мозель, Неккар мен Майн өзендерінің аңғарларында орналасқан.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1*. Елдің қарқынды дамуына оның табиғат жағдайы мен ресурстарының қандай өсері болды? 

2. Германия халқының тығыздығының біркелкі болмауы не себепті деп ойлайсыңдар? 

3. Ел аумағындағы ірі қалаларды тауып, оларды дөптерге жазыңдар. 

4. Германияда шығарылып, түрмыста қолданылатын қандай тауарларды білесіңдер.