§57. Жапония және Оңтүстік Корея
Жапония. Жапония - Еуразияның шығыс бөлігінде орналасқан аралдық мемлекет. Бүл елді бейнелі түрде «Күншығыс елі» деп атай- ды. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай,оңтүстік- батыстан солтүстік-шығысқа қарай доға түрінде созылып жатыр. Олардың ең ірілері - Хонсю, Хоккайдо, Кюсю және Сикоку аралдары (іоларды картадан табыңдар).
Табиғаты. Жер бедері негізінен таулы болып келеді, мүнда қүрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар орналасқан. Жапонияның ең биік нүктесі - Фудзияма тауы (3776 м). Таушыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың 15-і сөнбеген. Жапония жерінде жылына 1,5 мыңға жуық жер сілкіну байқалады. Жапония жағалауларында цунами қаупі де бар. 2011 жылдың 11 наурызында болған күшті жер сілкінудің магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 9,0-9,1 бірлікті қүрады. Жер сілкінуден пайда болған цунами толқындарының биіктігі 40метрге дейін жетті. Бүл жер сілкінісі мыңдаған адам өмірін қиып, шамамен 309 млрд АҚШ доллары көлеміндегі экономикалық шығынға алып келді.
Жазықтар мен ойпаттар теңіз жағалауы және өзен аңғарлары бойымен созылып жатыр. Жағалық ойпаттар кеме тоқтауға қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға үласады. Тау беткейлерінің тік, жартас- ты болуы, қарқынды сейсмикалық жағдай мен жанартау әрекеті адам өмірі мен шаруашылығына кері ықпал етеді.
Жапония пайдалы қазбаларга аса бай емес. Сондықтан өнеркәсіпке қажетті шикізатты көршілес елдерден сатып алады және Дүниежүзілік мүхиттың ресурстарын игере бастады. Жапонияның климат жагдайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады.
Куросио жылы ағысы Жапония климатының жылы және ылғалды болуына эсер етеді. Ел аумағында жауын-шашын мөлшері мате- рикке қарағанда көбірек болады. Жаздың соңы мен күзде Тынық мүхиттан келетін тайфундар нөсер жаңбырларға үласып, өзендерде су тасқынына себепші болады. Жапония өзендері қысқа жэне мол сулы болып келеді. Өзендер су энергиясына бай, сонымен қатар шаруашылық мақсатта кеңінен пайдаланылады. Жапон аралдарының басым бөлігін ормандар мен бүталар алып жатыр.
Халқы. Жапония халқының саны жөнінен дүние жүзінде 10-шы орын алады. Елде халық жиі қоныстанған, халық тығыздығы әсіресе Тынық мүхит жағалауындағы жазықтарда өте жоғары. Қазіргі кезде Жапония халқының 91%-ы қалаларда түрады. Халықтың басым бөлігін жапондар қүрайды. Басқа үлттар қатарында аздаған корей- лер мен қытайлар, Жапон аралдарының байырғы түрғындары болып есептелетін айндар бар.
Шаруашылығы. Жапония теңіз кемелерін, автомобиль, түрмыстық техника мен робот өндірісі бойынша да әлемде жетекші орындардың бірін алады. Бүл елде өте сапалы болат балқытылады. Жапониялық автомобильдері мен техникасын біздің елімізде де жиі кездестіруге болады. Басты ауыл шаруашылық дақылы - күріш, ол елдің барлық аудандарында дерлік өсіріледі. Қазіргі кезде шай бүтасы мен қант қүрағының егістіктері артып келеді. Ірі қалалардың маңында әртүрлі көкөністер, ал Кюсю мен Сикоку аралында субтропиктік дақылдар өсіріледі.
Балық пен теңіз өнімдері (балдырлар, әсіресе теңіз қырыққабаты, сегізаяқтар) - жапондардың күнделікті пайдаланатын тағамдары. Жапония Дүниежүзілік мүхиттың барлық дерлік аудандарынан (әсіресе көршілес теңіздерден) балық аулайды.
Адамның қарқынды шаруашылық әрекеті, халық тығыздығының жоғары болуы табиғатқа нүқсан келтіруде. Өзендер мен теңіз жағалауының өнеркәсіптік және түрмыстық қалдықтармен ластануы байқалады. Осы себепті елде қалдықсыз өндіріс кешендерін дамытуға көңіл бөлінуде. Жер тапшылығына қарамастан, елде табиғатты қор- ғауға ерекше назар аударылады. Жапонияда алғашқы табиғи саябақтар 1934 жылы қүрылған, қазіргі кезде олардың саны 29-ға жетті.
Оңтүстік Корея. Бүл елдің ресми атауы - Корея Республикасы. Ол Жапон және Сары теңіз аралығындағы Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Ел аумағына көптеген аралдар енеді, ең ірісі - Чеджудо аралы. Жағалау бойымен материктік қайраң жолағы созылып жатыр, мүнда судың тереңдігі 100 м-ден аспайды.
Табиғаты. Оңтүстік Кореяның табиғаты өте әсем: елдің басым бөлігін таулы өңірлер алып жатыр. Ел аумағында сөнбеген жанар- таулар жоқ және күшті жер сілкінулері болмайды. Жазықтар елдің батысы мен орталығында және өзендердің сағасында орналасқан, олар көбінесе күріш егуге пайдаланылады. Корея жері пайдалы қазбаларға кедей; тек кварц, каолин, алтын мен темірдің,мырыштыц шағын кен орындары кездеседі. Елдегі вольфрам кенінің ғана дүниежүзілік маңызы бар.
Географиялық орнына байланысты муссондық климат тән болады. Жазғы муссон әсерінен нөсер жаңбырлар жиі болады, ауа температурасы да жоғары. Ал қыс кезінде ел аумағында суық, қүрғақ ауа райы орнайды. Елдегі климат жағдайлары күріш егуге аса қолайлы. Корея өзендері қысқа болғанымен мол сулы. Жазғы муссон кезінде су тасқындары жиі болады. Қазіргі кезде өзенсулары күріш егістігін суаруға пайдаланылады.
Оңтүстік Корея - жасыл желекті елдердің бірі. Жазықтарда қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары, ал оңтүстік жағалауда мәңгі жасыл өсімдіктер тобы өседі. Елде халық тығыздығының жоғары болуы табиғи ортаның өзгеруіне алып келуде. Еңбекқор корей халқы ағаштарды күтіп-баптауға айрықша мән береді. Осының арқасында жазықтар мен таулы аудандардақолдан егілген орман алқаптары пайда болған. Тіпті ірі қалалардың өзінде ерекше күтімдегі жасыл алаңқайлар жетерлік, олардың арасында әдемі бүталар мен ағаштар бой көтерген.
Халқы. Оңтүстік Кореяда 50 млн-нан астам адам түрады. Халық өте тығыз қоныстанған, басым көпшілігі қалаларда түрады. Халықтың үлттық қүрамы біркелкі: ел түрғындарының 99% -ын корейлер қүрайды. Оңтүстік Корея да білім мен ғылымға ерекше мән беріледі. Жастардың басым бөлігі университеттерде білім алады.
Шаруашылығы. Оңтүстік Корея жылдам дамып келе жатқан ел. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде металлургия саласы дамыған. Кеме жасау да ел өнеркәсібінің жетекші саласына айналды. Қазіргі кезде автомобиль өндірісі жылдам дамуда: бүл елде жасалған жеңіл көліктерді Қазақстан түрғындары да сатып алады. Ғылым мен техниканың жаңалықтары электроника,электр техникасын жасау са- ласын дамытуға мүмкіндік береді. Табиғи және тарихи ескерткіштері Оңтүстік Кореяда туризмнің дамуына мүмкіншілік береді.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Жапония мен Оңтүстік Кореяның географиялық орнының ерекшеліктерін салыстырыңдар.
2*. Қосымша ақпарат көздерін пай- даланып, Жапониядағы сөнбеген жанартаулар туралы мөліметтер жинаңдар.
3. Оңтүстік Кореяның табиғат жағдайлары туралы не білесіңдер?
4*. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, «Оңтүстік Кореядағы экологиялың жағдай» тақырыбында хабарлама дайындаңдар.