§52-53. Табиғат зоналары
1. Табиғат зонасы деп нені атайды?
2. Неліктен барлық табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысады?
Табиғат зоналарының орналасуы. Еуразия еолтүстік жартышар - дың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мүнда солтүстік жартышарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
Қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасын пайдаланып, Еуразияның 80° шығыс бойлық бойымен табиғат зоналарының солтүстіктен оңтүстікке қарай таралу ретін анықтаңдар.
Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зонасына дейін табигат зоналары ендік бағытта түтас алап болып созылып жатыр, ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады. Қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатыр, оның батысы мен шығысы жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Материктің ішкі бөлігінде тайга бірден ор- манды дала мен далаға ауысады. Тынық мүхитынан келетін ылғалдың материк ортасына қарай азаюына байланысты бүл зоналар шығыста ендік бағытта бүрылысжасайды. Ылғал мүлде жеткілікеіз ішкі аудандарда шөлейт жэне шел зоналары қалыптасады. Табиғат зоналарының орналасуы мен ерекшеліктерін тереңірек түсіну үшін оларды белдеу бойынша қарастырайық (қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасын қараңдар).
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары.
Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалыц шел зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура -40°С-тан томен болады. Қарлы борандар ментүмандар жиі болып түрады. Аралдарды түгелдей дерлік мүз жауып жатыр. Мүздан бос жер- лерде мцк, қына, балдырлар өееді, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ац тцлкі кездеседі, жағалаулары жазда қүс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда. Субарктикалық белдеуді тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр. Тундра дегеніміз толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бүталы өсімдіктерден түратын, климаты қатал белдеу. Мүнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Сондықтан бүталы өсімдіктер жерге төееліп өееді. Тундрада ең көп тараған өсімдік - бцгы мцгі солтүстік бүғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады.
Бүл зона мүктер мен бүталарға біршама бай болғандықтан солтүстік бүғысымен қатар, жаз айларында мүнда бцлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен сацырау щрды дакездестіруге болады. Исландия да мүз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көп жылдық тоң таралған, жазда оның беткі қабаты ғана ериді. Аталған зоналардың табиғаты климатының қаталдығына байланысты адамның шаруашылық әрекетіне аз үшыраған. Бүгінгі таңда мүнай, газ кен орындарының қарқынды игерілуі- небайланысты адамның табиғатқа әсері күшейе түсті. Сондықтан өзіндік қай- таланбас табиғат ерекшеліктері бар тун- драны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәсе- лесі болып отыр.
Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы - тайгада тундра мен орманды тундраға қарағанда жаз бірша- ма жылы және үзақ. Соның нәтижесінде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар. Тайга - тек қана қылқанжапырақ- ты ағаштар өсетін зона. Тайганың топырағы күлгін (күл түстес), көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың ба- тыстан шығысқа қарай қаталдануына байланысты Скандинавия түбегі мен Финляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарагай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығысқа қарай жатқан бөлігі - Сібірде суыққа төзімді май қарагай, сібір қарағайы - самырсын және қыста қылқандарын түсіретін ағаш - бал қарагай таралған. Сібір жерінде климаттың қатаң болуынабайланысты тайга зонасы еуропальщ бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғүрлым үлкен аумақты алып жатыр.
Тайга мен биік таудагы ормандар негүрлым жақсы сақталғандықтан, жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мүнда зубр, бцлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Ңиыр Шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш - Уссурий жолбарысы сақ- талған. Сондай-ақ ормандарда терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аңдар мен қүстар өте көп (атластағы жануарлар картасына қараңдар).
Аралас жэне жалпац жапырацты ормандар зонасы материктің батысын- да Орал тауына дейін түтас белдеу жа- сап, Қиыр Шығыстағы жағалық бөлік- те қайта жалғасады. Аралас ормандартайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқандықтан, қүрамында қылқанды, жалпақ және үсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптесін өсімдіктерге байланысты то- пырағы шымды-күлгін болып келеді. Тынық мүхит жағалауындағы аралас ормандарда муссонды климат әсерінен емен, жөке, амур барқыт агашы, жабайы жцзім мен лианалар, ал қылқанды ағаштардан корей самыр- сыны мен бал царагайы, шырша және сібір май царагайы өседі. Жалпац жапырацты ормандар белдеудің жауын-шашын көп түсетін батысы мен шығысында ғана орналасқан. Қүнарлы қоңыр топырақта өсетін бүл орманның ағаштары жылу еүйеді, ылғалды көп қажет етеді. Еуропаның ылғал көп түсетін батысындағы шамшат орманы жазғы және қысқы температураның айырмашылығы артқан сайын емен, жөке, цйеңкі және т.б. ағаштар өсетін орманға ауысады. Ормандар халық тығыз қоныстанған аудандарда өсетіндіктен және бағалы ағаш сүрегі көп дайындалатындықтан барынша сиреген.
Ағаш сүрегі әртүрлі шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады. Әсіресе шамшат пен еменнен жасалған жиһаздар айрықша бағаланады. Кесілген ормандардың орнына егістік пен бау-бақшалар егіліп, қалалар мен елді мекендер салынған. Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасының бағалы өсімдіктері мен сиреп бара жатқан жануарлар дүниесін қорғау мақсатында көптеген қорықтар ұйымдастырылған. Польша мен Белоруссия елдерінде орналасқан әйгілі Беловеж нуы қорығында зубр қорғауға алынған. Байкал көлі мен айналасындағы ерекше табиғатты сақтап, қорғау мақсатында Байкал мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған. Мұнда шабақтарын тірі туатын голомянка балығы, байкал тибалығы (непра) және т.б. көптеген жануарлар қорғауға алынған.
Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде түтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Ылғал молырақ түсе- тін Шығыс Еуропаның орманды дала зонасында жалпақ жапырақты ағаштар (емен, үйеңкі) мен даланың шөптесін өсімдіктері өседі. Ңысы қатал болатын Батыс Сібірдің ормандыдаласына үсақ жапырақты ағаштар - қайың, көктерек және даланың астық түқымдас өсімдік- тері - селеу, боз, бидайық тән. Бүл зоналарда өте қүнарлы қара топы- рақ таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртылған. Жылу мен ылғалдың мөлшері жеткілікті болғандықтан дәнді дақылдар: бидай, қарабидай, цараццмық, арпа, сцлы және цант цызылшасы мен кцнбагысөсіріледі. Дала зонасының оңтүстігінде қуаңшылықтар жиі болып түратындықтан, егістіктер қосымша суаруды қажет етеді.
Орманды далада орман мен даланың жануарлары қатар кездесе- ді. Негізгі жануарлары - қасқыр, қарсац, тцлкі және кемірушілерден саршцнақ, дала кцзені, дала тыиіқандары тіршілік етеді. Топырағы қүнарлы дала зонасы ежелден қарқынды игерілгендіктен мүнда бүрын кең таралған ірі түяқты жануарлар мен қүстар саны қазіргі кезде күрт кеміп кеткен. Сондықтан дала зонасының табиғи өсімдік жамылғысы мен кейбір жануарлары қорықтарда ғана сақталған.
Шөлейт және шел зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны түтас жолақ түрінде қамтып, Монголия мен Ңытайдың тау аралық ойыстарында таралған. Жазы аптап ыс- тық, қүрғақ, ал қысы суық, кейде қарлы боранды болады. Зоналардың шүғыл континентті климаты топырақ-өсімдік жамылғысының дамуы мен таралуын шектейді.
Шөлейтті өңірлерде қыста ауа райы қүбылмалы: қарлы боран-
дар жиі соғып, ауа температурасы -40°С- қа дейін төмендейді. Аязды ауа райы кенет жылымықтармен ауысқанда көкпгайгақ, яғни жер бетін басқан жүқа мүз қабыршағы пайда болады. Қыста осындай ауа райының жиі байқалуы жүтқа әкеп соғады. Шөлейтке кцңгірт цара цоцыр (каштан) топырақтар тән, түзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған,жусандармен қатар селеу, бетеге, бцйыр- гын және т.б. өсімдіктер өееді.
Шөлдерде климаттың континенттілігі артады, жаздағы ыстық +50°С-қа дейін жетеді, жылдық буланушылық мөлшері түсетін жауын-шашыннан 10-12 есе артады. Шөлге сцр-цоңыр топырақтән. Әсіресе қүмды шөлдер тіршілікке неғүрлым бай болып келеді. Қүмды шөлдерде сабағы қатты, жапырағы үсақ немесе тікенекке айналған, қүрғақшылыққа төзімді өсімдіктер (ксеро- фиттер) кең таралған. Сондай өсімдіктердің бірі - сексеуіл аса үзын тамырлары арқылы тереңдегі ылғалды сіңіреді, әрі қүмдарды бекітеді. Бекінген қүмдарда сирек
жаңбырлардан жиналған ылғал көктемде шөлдің жандануына мүмкіндік береді. Мүндай көктемде ерте гүлдеп, түқымын шашып үлгеретін өсімдіктерге (эфемерлер) өздеріңе таныс қызгалдақ, цацбац жатады. Сондай-ақ қоңыржай белдеуде тацырлар басым болатын сазды шөлдер мен Гобиге тән тасты шөлдер де (хамадалар) кездеседі. Шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында шцраттар (оазистер) қалыптасады. Шүраттарға ағаштар мен әртүрлі бүталар, шалғынды өсімдік жамылғылары мен тогайлар тән. Ал жауын-шашын өте аз түсетін, жылжы- малы сусыма қүмдар мен тасты шөлдерде тіршілік жоқтың қасы.
Шөлейттер мен шөлдерде су мен азық іздеп алысқа жортып бара алатын ірі түяқты жануарлардан жабайы тцйе, қцлан, ақбөкен, цараццйрыц, кемірушілер мен кесірткелер, жыландартіршілік етеді. Бүл зоналарда сары шаяндар, бүйі, қарақүрт сияқты улы жәндіктер де кең таралған.
Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары. Субтропиктік белдеуді қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бүталар, субтропиктік дала, шөлейт және шөл, субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы алып жатыр (қосарбеттегі «Табиғат зоналары» кар- тасын қараңдар).
Қатты жапырацты мәцгі жасыл ормандар мен бцталар зонасы Жерорта теңізінің биік таулармен қоршалған жағалауын алып жатыр. Бүл жердің жазы ыстық, қүрғақ, ал қысы жылы, жаңбырлы болады. Сондықтан өсімдіктер жыл бойы өсуін жалғастырып, мәң- гі жасыл сипат алады. Бүл өсімдіктер жаздың ыстықтығы мен қүр- ғақтығына да жақсы бейімделген: олардың жапырақтары үсақ әрі қалың, беті жылтыр болады, кейбіреулерінің бетін түк басқан. Ылгалды, жылы қыста шөптесін өсімдіктер қаулап өседі. Зонада субтро- пиктік орманның қүнарлы цоцыр топырагы таралған. Ормандар кесу нәтижесінде сиреген, сақталып қалған бөліктерінде тас емен, тыгын- емені, қолшатыр тәрізді жерортатеңіздік пиния қарагайы, лавр агашы (суреттерде берілген) мен лавр иіиесі, грек жацгагы, зэйтцн, кипарис ағаштары өседі. Кесілген ормандар орнын мәңгі жасыл бүталар мен аласа ағаштар: бцлдірген агаиіы, мирта, аласа тас еменалмастырған. Мүнда майиіетен, жцзім, цитрус түқымдастары сияқты мәдени өсімдіктер де өсіріледі. Кавказдың оңтүстігіндегі Колхида және Ленкорань ойпаттарында жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл ағаштар аралас өсетін ылғалды субтропиктік ормандар таралған. Бүл өңірлердің климаты ылғалды, жазы ыстық, қысы жылы. Топырағы сары тцсті болып келеді. Осы ойпаттар мен тау етектерін цитрус бақтары мен атақты грузин шайының плантациялары алып жатыр. Кавказдың Қара теңіз жағалауында дүние жүзіне әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындарыорналасқан.
Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зонасында қоңыржай белдеудің осындай зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Бүл шөлдердің минералды заттарға бай сүр топырағын қолдан суару арқылы Орта Азияның оңтүстігі мен Қытайда цитрустардан, анар мен жүзімнен, жер жаңғағы (арахис) мен бақша дақылдарынан мол өнім алынады. Қүлазыған атақты Такла-Макан шөлі осы зонаның орталық бөлігін алып жатыр.
Субтропиктік ауыспалы ылгалды муссондыц ормандар зонасы Жапон аралдары мен Кореяның оңтүстігінен бас- тап, Тынық мүхит жағалауы арқылы Үндіқытай түбегін бойлай, субэкваторлық белдеуге де өтеді («Табиғат зоналары» картасынан орнын анықтаңдар). Жерорта теңізі жағалауымен салыстырғанда, мүнда жаз ылғалды, қысы біршама қүрғақ және салқынырақ болады.Ормандарда мәңгі жасыл ағаштардан магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, жалпақ жа- пырацтылардан емен, шамшат, шегіршін, оңтүстіктің айрықша қарагайы мен кипарисі аралас өееді. Ағаштар лианалармен шырма- лып, ну орман сипатына енеді. Халық тығыз қоныстанған Ңытай мен Үндіқытайда табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, олардың орнында субтропиктік мәдени өсімдіктер өсіріледі. Жануарлардан өзен бойларында жолбарыс пен қабылан сияқты жыртқыштар, тауларда Гималай аюы, бамбук аюы - панда, маймылдардан макакка мен гиббонсақталған. Ал қүстардан қауырсындары көздің жауын алатын әдемі тоты ццстар мен цйректер көптеп кездеееді.
Тропиктік шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр. Еура- зия шөлдеріндегі ең ыстық әрі қүрғақ климат осы жерлерге тән. Ертеректе климаттың біршама ылғалды болғандығын дәлелдейтін қүрғақ өзен арналары - уәд әсіресе Арабия түбегінде жиі кездеседі. Оларда қараған, шеңгел сияқты тікенекті бүталар, ал жер асты сулары жақын жатқан шүраттардаццрма пальмасы өседі. Арабиядағы орасан зор кеңістікті алып жат- қан атақты Руб-эль-Хали шөлінде тіршілік жоқтың қасы. Ал тасты шөлдер мүлде қүлазып жатады. Жануарлардан Арабия дажелаяқ бөкендер, жабайы есек - онагр, бір өркешті жабайы түйе - нар (дромедар), таргыл цорцау цасцыр мен шиебөрілер кездеседі, кеміруші- лер өте көп. Адам төзгісіз ыстық пен қүмды дауылдарға, су тапшылығына қарамастан бүл шөлдер арқылы ежелден керуен жол- дары өткен. Парсы шығанағынан табылған мол мүнай қорының игерілуіне байланысты шөлдерде қазіргі заманғы сәулетті қалалар мен елді мекендер салынып, адамдардың түр- мыс жағдайы жақсарған.
Субэкваторлық белдеудегі зоналар.
Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықтан мүнда субэкваторлық ауые- палы ылғалды ормандар мен саванналар таралған. Үндістан және Үндіқытай түбектері- нің жауын-шашынның жылдық мөлшері 800 мм-ден аспайтын ішкі бөліктеріне саванналар тән болады. Мүнда астық түқымдастарға жата- тын биік шөптер арасында пальмира пальма- сыу хош иісті сандал агаиіы, тик және майлы агаштар өееді. Тик ағашының суда шірімей- тін, өте қатты сүрегі кеме және вагон жасауда пайдаланылады. Ал биіктігі 35-37 м-ге, диаметр! 2 м-ге жететін майлы ағаш батпақты жерлерде ңүрылыс салуда қолданылады.
3-4 айға созылатын қүрғақ мезгілде кей- бір ағаштардың жапырағы түсіп, шөптесін өсімдіктер сарғайса, жазғы муссон кезінде саванна қүлпырып, сан алуан түске боялады.
Субэкваторлыц ауыспалы ылгалды (мус- сонды) ормандар Үндістанның батыс жаға- лауы мен Ганг, Брахмапутра өзендерінің тө- менгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы мен Филиппинаралдарының солтүстігін алып жатыр. Мүнда қүрғақ мезгіл үзаққа созылмайды, жаңбыр саваннаға қарағанда көбірек жауады.
Кейбір ағаштардың қүрғақ кезде жапырағын түсіретіндігі болмаса, бүл орманның өсімдіктері оңтүстігінде орналасқан ылғалды экваторлық ормандарға үқсайды.
Саванналар мен еубэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандарда цызыл және қоңыр-қызыл топырац жамылгысы таралған, жануар- лар дүниесі де үқсас. Үндістан мен Шри-Ланкада жабайы пілдер сақталған. Маймылдар барлық жерінде кездеседі.
Экваторлыц белдеудіц ылгалды ормандары Еуразияның оңтүс- тігіндегі аралдарды алып жатыр (картаны қараңдар). Жауын-шашын- ның жыл бойы мол түсуі, температураның түрақты жоғары болуы тіршілік дүниесінің қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бүл орман- дарда өсімдіктердің 40 мыңнан аса түрі өседі, тек қана пальманың 300- дей түрі бар. Үзындығы 200-300 м-ге жететін оралып өсетін ротанг палъмасы мен лианалар ағаштарды шырмап, ит түмсығы өтпейтін қа- лың ну орман (джунгли) қүрайды. Экваторлық ормандар да жергілікті халық үй қүрылысына, жиһаз бен қағаз жасауға пайдаланатын бам- буктің көптеген түрлері өседі. Ағаш діңдерінде шырмалып өсетін хош иіеті, алуан түсті орхидеялар орманға айрықша көрік береді. Ылгалдыэкваторлық ормандардың жануарлар дүниесі де өте алуан түрлі: мцйізтцмсықтар мен жабайы бцқалардыц кейбір түрлері басқа ешбір жерде кездеспейді. Маймылдардан - макакалар мен итбасты май- мылдар, ірі орангутандар, жыртқыштардан - жолбарыс, цабыландар, қүстардан - әдемі қауырсынды тауыс кездеседі.
Қазіргі кезде жоспарсыз отаудың нәтижесінде ормандардың ауданы азаюда. Кесілген ормандар орнына жергілікті түрғындар күріш, ал
Үндістан мен бүрын Цейлон деп аталған Шри-Ланка аралындағы тау беткейлерінде шай бүтасын өсірумен айналысады.
Биіктік белдеулер. Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Би- іктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендеп, тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындағы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамыл- ғысы жүқа болып келеді.