Главное меню

  • К списку параграфов

§51. Өзендері мен көлдері



1. Ішкі немесе құрлық суларына нелер жатады? 

2. Өзен дегеніміз не, оның қандай бөліктерін білесіңдер? 

3. Өзендердің қандай ерекшеліктері жер бедері мен климатқа байланысты? 

4. Көл дегеніміз не, Қазақстанда қандай ірі көлдер бар?

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мүнда Жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең ал- қапты батпақтар мен мүздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің г/3 бө- лігін ішкі түйық алап қүрайды. Солтцстік Мцзды мцхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері (80-сурет, оларды атаңдар) мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.

Бүл өзендер негізінен қар суымен және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Олар қыста үзақ уақыт қатып жатады. Көктемде бастау- ынан сағасына дейін мүздан біртіндеп босайтындықтан,мцз қцрсау- лары пайда болып, су қатты тасиды. Таудан басталатын өзендердің жоғары ағысында судың қүлама күшін пайдаланып, жүмыс істейтін су электр стансалары салынған. Жазықтағы ірі өзендер кеме қатынасы мен ағаш ағызуға пайдаланылады.

Атлант мцхиты алабына Еуропалық бөліктегі өзендер жатады (80-суретті қараңдар). Ірілері: Дунай, Рейн, Висла және т.б. Өзендер- дің көпшілігі таулардан басталатындықтан, жоғары ағысында шоң- ғалдар мен сарқырамалар жасап, тар аңғарлармен арындап ағады.

Жазыққа шыққан соң ағыны бәсеңдеп, кең аңғармен жайылып ағады. Өзендер әртүрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олар- дың жеке бөліктерінде қоректену көзі әртүрлі болуы мүмкін. Солтүе- тіктегі өзендерде еріген қар мен жаңбыр суының, ал оңтүетіктегі тау- дан басталатын өзендерде мүздық пен жаңбыр суының үлееі артады. Бүл алаптағы өзендер халық жиі қоныстанған, өнеркәсіп орындары тығыз шоғырланған бірнеше елдің жері арқылы ағып өтетіндіктен мейлінше ластануға үшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Тынық мцхитп алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бүзады жэне жыл- дам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады (картадан табыңдар). Муссондьщ климат жағдайында өзендердің деңгейіжыл мез- гілдеріне қарай өзгереді, қыста геогра- фиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі үсақ өзендерді қос- пағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

Алаптағы ірі өзеннің бірі - Хуанхэ сары түсті, саз- ды шөгінді жыныстан жазықпен ағатындықтан, суы лайлы және сары болады. «Хуанхэ» қытай тілінен аударғанда «сары өзен» деген мағынаны білдіреді. Ағызып әкелген жыныстарының жианлуынан өзен өз бағытын әлденеше рет өзгерткен. Осы жыныстрдың жиналуы өзен арнасын биіктетеді. Сондвқтан күшті муссондық жаңбырлар кезінде судың дейгейі шұғыл көтеріледі. Өзендегі апатты тасқындар бөгеттерді бұзып, жолындағы егістік пен елді мекендерді басуы нәтижесінде миллиондаған адамдардың қаза табуына себепші болды. Ңазіргі кезде Хуанхэ өзенінде күшті су тасқындары төтеп беретін, бетондалған мықты бөгет салынуда. Өзен Сары теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Кеме қатынасына көп пайдаланылмайды (неліктен?).

Үнді мцхиты алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады (80-суреттегі картаны қараңдар). Бүл өзендер таудан басталатындықтан, мүздықтармен, жаңбыр суымен қоректе- неді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шүғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пай д ал аны лады.

Ішкі тцйық алапқа Шығыс Еуро- па жазығының, Орал тауы мен Кавказ- дың едәуір бөлігі, Орталық Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады (картадан қараңдар).

Бүл алаптағы өзендердің ірілері - Еділ, Жайық, Әмудария мен Сыр- дария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге ңүяды. Ал үсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе қүмға сіңіп кетеді. Бүл алаптың ең ірі өзені - Еділ. Шығыс Еуропа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап қүяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста үзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде қар еріген кезде тасиды. Еділ жылдың басқа мезгілінде жаңбыр, жер асты суымен қоректенеді. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.

Еуразия да көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Көлдер материктің солтүс- тік-батысында жиі шоғырланған. Олардың қазаншүңқырлары жер қыртысының біртіндеп төмен түсуі мен мүздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде пай да болған. Сондықтан жағалық сызықтары күшті тілімденген, терең және түщы сулы болып келеді. Ең ірілері - Ресей- дегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

Жер қыртысындағы терең жарылыстарда орналасқан көлдерге Байкал, Ыстыцкөл, Жайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Бүл көлдер табиғатының әсемдігімен, суының тереңдігімен және мөлдір- лігімен ерекшеленеді. Байкал - дүние жүзіндегі суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620 м). Мүнда Жер шарындағы түщы судың 20%-ы жиналған. Байкалға 336 өзен қүйып, жалғыз өзен - Ангара ағып шығады.

Еуразиядағы кеңінен таралған көлдер қатарына ежелгі мүхиттар орнында қалып қойған қалдық көлдер жатады. Олардың ең ірілері - Каспий, Арал, Балқаиі, Лобнор және т.б. Бүл көлдердің суы көбінесе түзды болып келеді.

Көлдер түщы су қоры, туризм мен демалыс орындары ретінде, кәеіптік балық аулау мен кеме қатынасы үшін кеңінен пайдаланы- лады.

Қазіргі замангы мцз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаца Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларда (Альпі,Кавказ, Тянь- Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мүздығы (үзындығы 77 км) орналасқан. Тау басын- дағы мүздықтардан материктегі ірі өзендер бастау алады. Егер осы мүздықтар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.

Көп жылдыц тоцдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жете- ді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мүз жатады, оның қалың- дығы Кола түбегінде бірнеше метр болса, Таймыр түбегінде 1500 метрге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-150 см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның пайда болу себебін қатал кли­мат жағдайында жылдық орташа температура 0°С-тан томен болуымен және қардың жүқа болуымен түсіндіреді. Мәңгі тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді. Көп жылдық тоң арқылы ағатын өзендер көктемде арнасынан асып жайылып, үшы-қиырсыз батпақтар түзеді. Көп жылдық тоң жол еалу, түрғын үй қүрылысы жүмыстарын қиындатады.

Батпацтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еура- зияда Жер шарындағы батпақтардың 80%-ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Кол­хида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды қүрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

Еуразия материгінде жер асты суларыныц да мол қоры бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде көбірек пайда- ланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орталық Азия жерлеріне тән. Қүрамында түздар мен газдардың ерітіндісі болатын минералды сулар емдік бағытта пайдаланылады. Олар көп жағдайда ыстық және радонды болып келеді. Өлемдік курорттар мен демалыс орындары қүрамы әртүрлі минералды суларға бай аудандарда (Солтүстік Кав­каз, Карпат, Оңтүстік Еуропа, Алтай, Тянь-Шань тау-лары және т.б.) орналасқан.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оқулықтағы 41-сурет пен физикалық картаны пайдаланып, өр мүхит алабына жататын ірі өзендерді анықтап, олардың бастауы мен қүяр жерін табыңдар. 

2. Ішкі түйық алаптың адам өмірінде қандай маңызы бар екенін нақты мысалдармен түсіндіріңдер. 

3*. Материктегі қандай өзендер мен көлдер қатты ластануға үшыраған деп ойлайсыңдар, себебі неліктен?

1.  Картаны пайдаланып, оқулың соңындағы жоспар бойын­ша материктің бір өзеніне ңалауларың бойынша) сипаттама беріңдер. Оның жер бедері мен климаттық жағдайға байланыстыбасты ерекшеліктерін анықтандар. 

2. Кескін картаға оқулық мәтінінде аталған өзендер мен көлдердің аттарын жазыңдар. 

3. Оқулықтағы 81-суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейініңжыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіріндер.

 Қосымшадағы 8, 9, 10-кестелермен танысыңдар.