Главное меню

  • К списку параграфов

§46. Еуразия жағалауындағы мүхиттар мен теңіздер


Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі төрт мүхиттың да сула­ры шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бүғаздар жүйесін қүрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.

Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мухиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жалғасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерден алып келген жылы сула­ры әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мүхит сулары қыста қатпайды (Атластағы мүхиттар картасынан қалқыма мүздықтардың қысқы шекарасын анықтаңдар). Түрақты соғатын батыс желдері Ат­лант мүхиты үстінде қалыптасатын жылы әрі ылғалды ауа массала- рын Еуропажағалауларына әкеледі. Соның нәтижесінде Еуропаның барлық жерінде тіпті Скандинавия жағалауында да ңыс жүмсақ әрі ылғалды болады.

Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері - Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, оның тереңдігі 13 м. Одан солтүстікке, батым пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттың орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі - Исландия аралы.

Еуропаный оңтүстік-батысында мұхит ені 12 км болатын Гибралтар бұғазы арқылы Жерорта теізіне жалғасады. Теңіздің солтүстік жағалау бөлігі өте күшті тілімденген: мұнда бірнеше ішкі теңіздер мен оларды жалғастыратын бұғаздар, аралдар мен бірнеше литосфералық плиталар түйісетіндіктен, оған көршілес аудандарда күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылау, тау көтерілу құбылыстары жалғасуда. Жерорта теңізінің табанын- да жер бедері өте күрделі: жіңішке жағалық қайраңдар терең қазаншұңқырлары мен су асты жоталарында орналасқан аралдармен алмасып отырады. Ашық мұхиттағы сулармен толық араласа алмайтындықтан жене субтпропиктік белдеуде орналасуына байланысты, Жерорта теңізінің суы жыл бойы жылы, тұздылығы жоғары (37°00) болады.

Атлант мүхиты мен оның теңіздерінде әртүрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің қайраңдарында мүнай мен газдың мол қоры бар. Еуропа жағалауларындағыАтлант мүхиты мен оның теңіздері кәсіптік балық аулаудың басты ауданы болып табылады (32-суретті қараңдар). Дүние жүзінде ауланатын балықтардың 39%-ы (пайызы) Атлант мүхитының үлесіне тиеді. Бискай шығанағында IX- XII ғасырлардың өзінде кит аулау кәсіпшілігі болған.

Атлант мүхиты мен Жерорта теңізі арқылы маңызды теңіз жолдарының өтуі нәтижесінде еудың ластану дәрежееі артып, тіршілік дүниесіне зиянын тигізуде. Жерорта теңізі жағалауларында ірі өнер-

кәсіпті және портты қалалардың шоғырлануы, халықтың тығыз қо- ныстануы, мүнай тасымалының артуы теңіз суларының шамадан тыс ластануына әкеп соғуда (39-суретті қараңдар). Сондықтан Жер­орта теңізі дүние жүзіндегі шамадан тыс ластанған су айдыны болып табылады. Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісімшартқа қол қойылды. Мүнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде Солтүстік теңіздің де су бетін мүнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мүхиты өзін- өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мүхитын таби- ғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісім- дер негізінде жүргізілуде.

Солтцстік Музды мухит пен оның теңіздері Еуразияның сол- түстік жағаларына үласып жатыр. Солтүстік Мүзды мүхит - ауданы жағынан ең кіші, ең суық, ең таяз мүхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі теңіздер аралдар арқы- лы бөлініп жатыр. Мүхиттағы теңіздердің ең үлкені - Норвег теңізі, ең кішісі - Ақ теңіз. Мүхиттың орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты жоталарымен бөлінген бірнеше терең қазаншүңқырлар бар. Гренландия теңізінің солтүстігінде мүхиттың ең терең (5527 м) жері орналасқан (оларды картадан анықтаңдар). Теңіздерді жылдың көп мезгілінде мүз қүрсап жатады. Тек жаздың аяғында жағалау бойымен кемелер жүретін өткел ашылады. Солтүстік Атлант жылы ағысыныңжолында жатқан Норвег жэне Баренц теңіздерінің көпшілік бөлігі қыста да қатпайды, сондықтан Солтүстік Мүзды мүхиттың осы бөлігі материкті қыс кезінде белгілі дәрежеде жылытады. Мүхиттағы су мас­салары батыстан шығысқа қарай қозғалып, Трансарктикалыц агысты қалыптастырады. Мүхит табиғатының басты ерекшелігі - қалыңдығы

2-         4 м жэне одан да қалың көп жылдық мүздардың түзілуі. Бүл су температурасы мен түздылығының салыстырмалы түрде томен бо- луымен байланысты. Желдер мен ағыстардың мүздарды жылжытып, үюінің нәтижесінде биіктігі 10-12 м-ге жететін курсаулары пайда болады.

Солтүстік Мүзды мүхит атына сәйкес, климатының қаталдығымен сипатталады. Ол мүхиттың солтүстік полюс маңындағы орнына байла­нысты. Мүхит үстінде суық арктикалық ауа массалары қалыптасады. Еуразия жер бедерінің солтүстікке қарай жазық болуы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін емін-еркін өтуіне мүмкіндік береді. Оның ықпалын еуропалық бөлікте Атлант мүхитынан келетін жылы ауа массалары азайтады. Қыста мүхит үстіндегі ауаның температурасы шығысқа қарай - 40°С-қа дейін төмендейді, жазда 0°С-қа жақын. Мүз бен қар жамылғысы қысқа поляр күндерінде Күн сәулесінің басым бөлігін шағылыстырып, климаттың қаталдығын арт- тыра түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-200 мм-ден аспай- ды. Тіршілік дүниееі де осы қатал табиғат жағдайларына бейімделген. Мүхиттағы тіршіліктің денін суық суда, тіпті мүзда тіршілік ете алатын түрлер қүрайды. Тек Атлант мүхиты жағалауы мен өзен сағаларына жалғасып жатқан қайраңдар тіршілікке бай (ол неліктен?). Мүнда планктон мол жиналып, су түбінде балдырлар өседі, балықтар (лаца балыц, жаңылысцы(навага), сутіл (палтус) көп кездеседі. Мүхитта киттер, итбалыцтар, морждар, жағалауларда ац аюлар мен топта- нып тіршілік ететін қүстар мекендейді. Жаз кезінде жағалау қүс база- рынаайналады. Сондықтан ежелден-ақ Скандинавия халықтары қүс мамығын жинау кәсіпшілігімен айналысады.

Климаттық қатаңдығы мұхиттың табиғат байлықтарын игеруде қиындықтар туғызады. Кейбір теңіздердің қайраңдарында мұнай мен газдың кен орындары жэне пайдалы қазбаларға бай шөгінділер барланған. Мұхит арқылы халықаралық маңызы бар Солтүстік теңіз жолы өтеді, ол Еуропа мен Қиыр Шығыс порттарын жалғастырады. Бұл жолмен кемелердің жүзу мерзімі 2-4 айға созылады, жолдың кейбір бөліктерінде атом мұз жарғыш кемелерінің көмегімен бұл мерзімді ұзартуға болады. Сотүстік Мұзды мұхит табиғатын зерттеу мен шаруашылық мақсатта игеруде В. Беринг, В. Баренц, Ф. Нан­сен, Г. Седов, О.Ю. Шмидт, И. Папаниннің еңбектері зор. Санкт-Петербург қаласында орналасқан полярлық аймақтар табиғатын зерттеу орталығы мен мұражайындаАрктика табиғатына қатысты ғылыми материалдар жинақталған.

Тынык мухит және оның теңіздері Еуразияның шығыс жағалау- ларын шайып жатыр. Жағалаулары аса күшті тілімденген аралдар көп. Жағалық теңіздердің біраз бөлігі материктік қайраңда орналасқан. Шығысқа қарай жүрген сайын олар терең теңіз қазаншүңқырларымен алмасады. Теңіздер мүхиттан аралдар доғасының тізбегі арқылы бөлінген. Олардың шығыс жағалауын бойлай, жіңішке, өте терең мүхит шүңғымалары созылып жатыр (оларды картадан анықтаңдар). Мүхит түбінің мүндай ерекше қүрылымы тек Тынық мүхиттың батыс жағалауларына ғана тән.

Тынық мүхит өте үлкендігіне, барлық климаттық белдеулерді кесіп өтетіндігіне және мүхит табаны бедерінің күрделі болуына байланысты жағалауындағы материктердің, әсіресе Еуразияның табиғатына күшті әсерін тигізеді. Мүхиттың жағалық бөлігіндегі ағыстардың күрделі жүйесі және муссондық қүбылыс Еуразия климатының қайталанбас белгілерін қалыптастырады. Әсіресе мүхиттың экватордан солтүстікке қарай орналасқан бөлігіндегі ағыстар жүйесіне кіретін Солтцстік пассат, Куросио агыстары Еуразия жағалауларына жылу мен ылғал әкеледі. Куриль суық ағысы эсер ететін еолтүстіктегі жағалық ау- дандарда климат біршама салқындап, қыста қалың қар жамылғысы қалыптасады. Өте үлкен мүхит айдыны мен аса ірі материктің көршілес орналасуы, олардың жылы және суық мезгілдерде әркелкі жылынуы әсерінен Еуразияның шығыс жағалауында муссондық кли­мат қалыптасады. Оңтүстікке қарай мүхит үстіндегі атмосфералық қысымның кенет төмендеуінен пайда болатын қүйын тәріздес жойқын дауылдар - тайфундар (қытай тілінде «үлкен жел» деген сөз) жаздың аяғы мен күздің басында жиі байқалады.

Климаттық ерекшеліктеріне байланысты су бетінің температу- расы солтүстікте -ГС-тан экватор маңында +29°С-қа дейін жоғары- лайды. Мүхит айдынында булануға қарағанда түсетін жауын-шашын мөлшері басым болғандықтан, су бетіндегі түздылық басқа мүхиттарға қарағанда төменірек болады (Тынық мүхит табиғатымен кейінірек толығырақ танысасыңдар).

Үнді мухиты Еуразияның оңтүстік жағалауларына үласып жа­тыр. Теңіздері мен шығанақтары жіңішке материктік қайраң арқылы су асты жоталарымен бөлінген терең қазаншүңқырларға жалғасады. Мүнда үсақ жанартаулық аралдар көп кездеседі (оларды картадан анықтаңдар). Мүхиттың ең шалғай теңізі - Еуразия мен Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналас- қан Қызыл теңіз. Мүнда Дүниежүзілік мүхитындағы ең жоғарғы түздылық (41%о) байқалады. Үнді мүхитының жағалауға жақын бө- ліктеріндегі ағыстар жыл мезгілдеріне қарай, жазғы және қысқы мус- сондардың ауысуына байланысты жазда батыстан шығысқа қарай, қыста шығыстан батысқа қарай бағытын өзгертеді.

Аса ірі Еуразия материгінің көршілес орналасуы мүхит табиғаты- на да үлкен эсер етеді. Қысы жылы, ашық ауа райымен сипатталса, ал жазы ыстық, жаңбырлы және дауылды болып келеді. Үнді мүхиты мен оның теңіздері - Жер шарындағы ең жылы су алаптары. Судың беткі температурасы үнемі +25, +30°С болады, ең жоғары температура (+34°С) Парсы шығанағында байқалады. Ал оңтүстікке қарай темпе­ратура төмендейді. Судың беткі қабатындағы түздылық барлық жер- де салыстырмалы түрде жоғары. Мүхиттағы тіршілік дүниесі алуан түрлі, әсіресе солтүстіктегі материктік қайраң мен маржандық рифтер таралған аудандарда айрықша бай болады. Үнді мүхитындағы ежел- ден белгілі асыл тастарды (інжу, маржан) теңіз түбіне сүңгіп, жинау кәсібі күні бүгінге дейін сақталған. Жалпы алғанда, Үнді мүхитының алуан түрлі биологиялық байлығы әлі толық зерттеліп, игерілмеген.

Үнді мүхитындағы Парсы шығанағы мүнай, газ қоры мен олар- ды өндіру жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Парсы шыға- нағы мен Қызыл теңіз сулары мүнай өндіру және оны тасымалдау әсерінен қатты ластанған. Қайраңдардағы шөгінділер қүрамында қа- лайы, фосфорит, алтын кездеседі. Үнді мүхиты арқылы көптеген кеме қатынасы жолдары өтеді. Солтүстік бөлігінде жүзу бағыттары муссон желдерімен байланысты болатын шағын, желкенді кемелер әлі күнге дейін пайдаланылады.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мүхиттардың сулары шайып жатқанын жөне олардың басты белгілерін анықтаңдар. 

2*. Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалауың бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар. Қандай мүхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бүғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдар- ды айналып өту ңажет екенін анықтаңдар.

Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Еуразия материгін шайып жатқан Атлант және Тынық мүхиттарына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріндер.